Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 31 мамырдағы № 19 шешімі

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағының, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Нежинка ауылдық округі, Нежинка селосы мекенжайында орналасқан жалпы ауданы 0,0005 га, 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге талшықты-оптикалық байланыс желісі мен телефон кәрізін төсеу және оған қызмет көрсету үшін жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

      Жер учаскесіне шектеулер, ауыртпалықтар: жоқ.

      Жер санаты: елді мекендердің (қалалардың, кенттердің және ауылдық елді мекендердің) жерлері.

      Жер учаскесінің санау: бөлінетін

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі М. Дүйселеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады