"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2 тармағына, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келесіні қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналыстыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімі |
М. Мұхамедияров |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Есіл ауданы әкімінің | |
2024 жылғы "18" желтоқсан | |
№ 336 қаулысына | |
қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары (бұдан әрі – ынталандыру үстемеақылар) "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағы 3) тармақшасы негізінде әзірленді және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар (бұдан әрі – ұйым) қызметкерлерінің айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар белгілеудің тәртібі
2. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ынталандыру үстемеақылардың белгіленген мөлшерінің негізінде бюджеттік қаражатқа қажеттілік қалыптастырады және "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бюджеттік өтінім жібереді.
3. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес аудандық бюджет комиссиясының қарауына ынталандыру үстемеақылар бойынша қосымша қажеттілік шығарады.
4. Ынталандыру үстемеақыларға бюджет қаражатын бөлу кезінде ұйым басшысы қызметкерлерге ынталандыру үстемеақылар төлеу туралы шешім қабылдайды.
3-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар белгілеу шарттары
5. Ынталандыру үстемеақылар қызметкерлерді ынталандыру мақсатында белгіленетін төлемдер болып табылады, қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар төлеу күнтізбелік жыл ішінде ай сайын жүзеге асырылады.
6. Ынталандыру үстемеақылары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген материалдық көмектің және ынталандыру төлемдердің бұрыннан бар түрлеріне қосымша төлемдер болып табылады.
7. Қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар төлеу қызметкерлердің еңбегін ынталандырудың төленген түрлерін тоқтату үшін негіз болып табылмайды (сыйлықақылар, қосымша ақылар, лауазымдарды қоса атқарғаны үшін, қамту аймағын кеңейткені үшін үстемеақылар, үстеме жұмыс және басқалар).
8. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы өзгерген жағдайда ынталандыру үстемеақылар қайта қаралады.
9. Еңбек шартында көрсетілген нормалар қызметкерге ынталандыру үстемеақылар белгілеу үшін негіз болып табылады:
1) орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау;
2) болашақта ұйымның қалыпты (үздіксіз) жұмысы шұғыл орындалуына байланысты, күтпеген жұмыстарды шұғыл және алдын-ала орындау.
10. Лауазымдық айлықақыларға ынталандыру үстемеақы қызметкерлерге белгіленбейді:
1) алынбаған тәртіптік жаза болған кезде;
2) ұйымда бір айдан аз жұмыс істегендерге;
3) сынақ мерзімінен өту кезеңінде;
4) лауазымның тиісті санатының функциялары уақытша орындалған жағдайда;
5) еңбекақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде;
6) оқу демалысы кезеңінде;
7) жүктілікке және баланың (балалардың) туылуына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс кезеңінде;
8) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша еңбекақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде.
11. Бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық еңбекақысына ынталандыру үстемеақылар төлеудің қаржыландыру көзі, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданның жергілікті бюджеті болып табылады.
12. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылары осы тәртіпке және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу шартына 1, 2, 3, 4 қосымшаларда көрсетілген санаттар бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының шешімі бойынша белгіленсін.
Ынталандырушы үстемеақылар еңбекақының негізгі көрсеткіштерін, бюджет мүмкіндіктерін талдауды негізге ала отырып және Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда жыл сайынғы негізде қайта қаралуы мүмкін.
"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар
"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар
"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Есіл ауданының Мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Ясновка ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Ясновка ауылдық Мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Корнеевка ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Корнеевка ауылдық Мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Покровка ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Покровка ауылдық Мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Николаевка ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Николаев мәдени-демалыс орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар
Жергілікті бюджеттен қанжыландырылатын келесі ұйымдардағы жұмысшыларға жататын қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар (білікті разряд)
1)"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2)"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3)"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4)"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5)"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6)"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7)"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8)"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9)"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
10)"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
11)"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жер қатынастар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
12)"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Алматы ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
13)"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Амангелді ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
14)"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Бұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
15)"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Бесқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
16)"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Волошинка ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
17)"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Заречный ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
18)"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Заградовка ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
19)"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Ильинка ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
20)"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Корнеевка ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
21)"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Николаевка ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
22)"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Покровка ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
23)"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Петровка ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
24)"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Торанғұл ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
25)"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Спасовка ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
26)"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Ясновка ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
27)"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің Явленка ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
№ н/п | Лауазымның толық жазылуы (атаулар) | Лауазымдық жалақыға үстемеақы |
1 | 2 | 3 |
1. | Жүргізүші | 100 % |
2. | Аулашы | 50% |
3. | Пеш жағушы | 50% |
4. | Көмекші жұмысшы | 50% |
5. | Слесарь-сантехник | 50% |
6. | Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр монтері | 50% |
7. | Күзетші | 50% |
8. | Қызметтік жайды жинаушы | 50% |