"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 315 қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жоғарыда көрсетілген ережені заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Степаненко

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Мамлют ауданы әкімдігінің
  2024 жылғы 13 желтоқсандағы
  № 315 қаулысымен бекітілген

"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағында кәсіпкерлік, туризм, өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.

      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына сәйкес шоттары бар.

      5. Бөлім, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      6. Егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, бөлімнің мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Бөлім өз құзыретінің мәселесі бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексімен, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексімен, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексімен, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен қарастырылған, Бөлім басшысының бұйрықтарымен рәсімделген шешімдер қабылдайды.

      8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес бекітіледі.

      9. Бөлімнің орналасқан жері: пошталық индексі 150900, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, № 5 үй.

      10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтайшы құжаты болып табылады.

      11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

      2. Бөлімнің мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1. Жеке кәсіпкерлікті дамыту, бөлім қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      кәсіпкерлікті, туризмді, өнеркәсіпті дамыту, сондай-ақ индустриялық-инновациялық даму саласындағы құзыретке кіретін мәселелер бойынша аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерімен, ұйымдармен және мекемелермен, қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау;

      мемлекеттік органдар мен ұйымдардан Қазақстан Республикасының қолданыстағы Кәсіпкерлік кодексінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген көлемде оған жүктелген даму жөніндегі функцияларды жүзеге асыру үшін құжаттарды, ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;

      кәсіпкерлік пен туризмді, өнеркәсіпті және индустриялық-инновациялық дамуды дамыту, мемлекеттік қызметті жетілдіру, баға жағдайындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне қатысты әкім, аудан, облыс әкімдігі және мемлекеттік органдар өткізетін отырыстарға, жиналыстар мен кеңестерге (селекторлықты қоса алғанда) қатысу;

      кәсіпкерлік пен туризмді дамыту, өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму, баға белгілеу мәселелері бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізу;

      шағын және орта кәсіпкерлікті, туризмді дамыту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызметті жетілдіру жөніндегі өз құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдарына ақпарат беру;

      Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкіміне кәсіпкерлік пен туризмді, өнеркәсіпті және индустриялық-инновациялық дамуды, баға белгілеуді дамыту мәселелері бойынша қаулылардың, шешімдер мен өкімдердің жобаларын енгізу.

      2) міндеттері:

      Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беру;

      тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен конкурстар ұйымдастыру және өткізу;

      мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын жұмысқа тарта отырып, Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмыс топтарын, комиссияларды, штабтарды құру;

      жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін, арыздарын, шағымдарын, ұсыныстарын қарау, олардың орындалуын бақылау, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен оларға жауаптар беру;

      жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру.

      15. Бөлімнің Функциялары:

      1) бөлім қызметін қаржылық шаруашылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етеді;

      2) бөлімнің іс қағаздарын жүргізеді және қызметін құжаттамалық қамтамасыз етеді;

      3) бухгалтерлік есеп пен есептілікті ұйымдастырады;

      4) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкес кадр жұмысын жүргізеді;

      5) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Үкіметінің қаулыларының, жоғары тұрған өкілді және атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімдерінің қаулылары мен өкімдерінің орындалуын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      6) жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін, арыздарын, шағымдарын тіркейді, оларды қарау бойынша есеп жасайды;

      7) бөлім әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламалардың жобаларын әзірлейді;

      8) құзыретіне сәйкес автоматтандыруға жататын мемлекеттік органдардың функцияларын көрсетеді;

      9) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасайды;

      10) аудан әкімдігі алдында кәсіпкерлік саласындағы ауданда мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын және орындалуын қамтамасыз етеді және жауапты болады;

      11) шағын кәсіпкерлікті қолдаудың аудандық бағдарламаларының жобаларын әзірлейді;

      12) ауданда шағын кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымының объектілерін дамытуды қамтамасыз етеді;

      13) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара іс-қимыл жасайды;

      14) адам мен азаматтың, ұйымдар мен мемлекеттің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтайды және қорғайды;

      15) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға әдістемелік көмек көрсетеді;

      16) бақылау және қадағалау функциялары берілген мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша ақпарат ұсынады;

      17) жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарайды;

      18) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

      19) жұмыс жоспарын әзірлейді және бекітеді;

      20) ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын әзірлейді және бекітеді;

      21) өз құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады;

      22) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілетін шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      23) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      24) Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген сыйақы мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      25) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 199, 204, 250-баптарында (астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін реттеу бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасайды және істерді қарайды;

      26) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша аудан әкімі мен әкімдігі шешімдерінің, аудандық бағдарламалар мен ауданның әлеуметтік - экономикалық даму жоспарларының жобаларын әзірлейді;

      27) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдамалық материалдар мен құжаттарды жасайды;

      28) аудан әкімдігінің және басқа да консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарына қатысады;

      29) ақпаратты ашық деректердің интернет-порталына орналастырады;

      30) ақпаратты ашық бюджеттердің интернет-порталында орналастырады;

      31) ақпаратты ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырады.

3. Бөлімнің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      17. Бөлім басшысы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Мамлют ауданы әкімінің өкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Бөлім басшысының орынбасары жоқ.

      19. Бөлім басшысының өкілеттіктері:

      1) аудан әкімдігінің бекітуіне бөлімнің Ережесін ұсынады, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

      2) Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады, Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

      3) Бөлім қызметкерлерінің міндеттерін анықтайды және жауапкершілік дәрежесін белгілейді;

      4) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      5) еңбек заңнамасына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметкерлерді көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді, Бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

      6) өз құзыреті шегінде Бөлім қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады;

      7) Бөлімді мемлекеттік органдарда, ұйымдарда ұсынады;

      8) ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктеріне мемлекеттік кепілдік туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді;

      9) Бөлім қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауы үшін дербес жауапты болады;

      10) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, еңбек, мемлекеттік қызмет, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасына сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      11) бөлімге берілген мүліктің тиімділігі мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      20. Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды еңбек туралы, мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      4. Бөлімнің мүлкі

      21. Мемлекеттік мүлік туралы заңнамада көзделген жағдайларда Бөлімнің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және мемлекеттік мүлік туралы заңнамада тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады

      22. Бөлімге бекітілген мүлік ауданның коммуналдық меншігіне жатады.

      23. Егер мемлекеттік мүлік туралы заңнамада өзгеше белгіленбесе, Бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Бөлімді қайта ұйымдастыру (бірлестіру, қосу, бөлу, қайта құру) және тарату (жабу) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

      ______________________________

Об утверждении Положения коммунального государственного учреждения "Отдел предпринимательства акимата Мамлютского района Северо-Казахстанской области"

Постановление акимата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 13 декабря 2024 года № 315

      В соответствии с подпунктом 8) статьи 18 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе", типовым положением о государственном органе, утвержденном постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений" акимат Мамлютского района Северо-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о коммунальном государственном учреждении "Отдел предпринимательства акимата Мамлютского района Северо-Казахстанской области".

      2. Коммунальному государственному учреждению "Отдел предпринимательства акимата Мамлютского района Северо-Казахстанской области" в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию вышеуказанного Положения в органах юстиции.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима Мамлютского района Северо-Казахстанской области.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким района Е. Степаненко

  Утверждено
  постановлением акимата
  Мамлютского района
  Северо-Казахстанской области
  от 13 декабря 2024 года № 315

Положение о коммунальном государственном учреждении "Отдел предпринимательства акимата Мамлютского района Северо-Казахстанской области"

Глава 1. Общие положения

      1. Коммунальное государственное учреждение "Отдел предпринимательства акимата Мамлютского района Северо-Казахстанской области" (далее - Отдел) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сферах предпринимательства, туризма, промышленности и индустриально-инновационного развития на территории Мамлютского района Северо-Казахстанской области.

      2. Отдел не имеет ведомства.

      3. Отдел осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией Республики Казахстан, Гражданским кодексом Республики Казахстан, Административным процедурно-процессуальным кодексом Республики Казахстан, Кодексом Республики Казахстан "Об административных правонарушениях", Предпринимательским кодексом Республики Казахстан Трудовым кодексом Республики Казахстан, Бюджетным кодексом Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан", Законом Республики Казахстан "О государственных закупках", Законом Республики Казахстан "О противодействии коррупции", Законом Республики Казахстан "О правовых актах", а также настоящим Положением.

      4. Отдел является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печать с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на казахском и русском языках, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с Приказом Министра финансов Республики Казахстан от 4 декабря 2014 года № 540 "Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания".

      5. Отдел вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени, если он на это уполномочен в соответствии с законодательством.

      6. Отдел имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если он уполномочен на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Отдел по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Отдела, предусмотренными Гражданским кодексом Республики Казахстан, Административным процедурно-процессуальным кодексом Республики Казахстан Кодексом Республики Казахстан "Об административных правонарушениях", Предпринимательским кодексом Республики Казахстан Трудовым кодексом Республики Казахстан, Бюджетным кодексом Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан", Законом Республики Казахстан "О правовых актах".

      8. Структура и лимит штатной численности Отдела утверждаются в соответствии с Бюджетным кодексом, Трудовым кодексом Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан", Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", а также настоящим Положением.

      9. Местонахождение Отдела: почтовый индекс 150900, Республика Казахстан, Северо-Казахстанская область, Мамлютский район, город Мамлютка, улица Абай Кунанбаев, дом № 5.

      10. Настоящее Положение является учредительным документом Отдела.

      11. Финансирование деятельности Отдела осуществляется из местного бюджета, в соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан.

      12. Отделу запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями Отдела.

      Если Отделу законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы, направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

2. Задачи и полномочия Отдела

      13. Задачи:

      1. Осуществление государственной политики по созданию благоприятных условий для развития частного предпринимательства, информационно-аналитического, организационно-правового и материально-технического обеспечения деятельности отдела.

      14. Полномочия

      1) права:

      взаимодействовать с исполнительными органами, финансируемыми из районного бюджета, территориальными подразделениями центральных исполнительных органов, организациями и учреждениями, общественными объединениями по вопросам, входящим в компетенцию в сфере развития предпринимательства, туризма, промышленности, а также индустриально-инновационного развития;

      запрашивать и получать от государственных органов и организаций документы, информацию и материалы, для осуществления возложенных на него функций по развитию в объеме, предусмотренном действующим Предпринимательским кодексом Республики Казахстан, Административным процедурно-процессуальным кодексом Республики Казахстан, Кодексом Республики Казахстан "Об административных правонарушениях";

      участвовать на заседаниях, собраниях и совещаниях (включая селекторные), проводимых акимом, акиматом района, области и государственными органами, касающихся вопросов развития предпринимательства и туризма, промышленности и индустриально-инновационного развития, совершенствования государственной службы, противодействия коррупции ценовой ситуации;

      проводить совещания, семинары, конференции по вопросам развития предпринимательства и туризма, промышленности и индустриально-инновационного развития, ценообразования;

      предоставлять информацию в средства массовой информации в пределах своей компетенции по развитию малого и среднего предпринимательства, туризма, противодействия коррупции, совершенствования государственной службы;

      вносить акиму Мамлютского района Северо-Казахстанской области проекты постановлений, решений и распоряжений по вопросам развития предпринимательства и туризма, промышленности и индустриально-инновационного развития, ценообразования.

      2) Обязанности:

      предоставлять разъяснения по вопросам, входящим в компетенцию Отдела;

      организовывать и проводить в установленные законодательством Республики Казахстан порядке конкурсы по государственным закупкам товаров, работ и услуг;

      создавать рабочие группы, комиссии, штабы по вопросам, входящим в компетенцию Отдела, с привлечением к работе специалистов государственных органов и иных организаций;

      рассматривать обращения, заявления, жалобы, предложения физических и представителей юридических лиц, контролировать их исполнение, в случаях и порядке, установленном Административным процедурно-процессуальным кодексом Республики Казахстан, предоставлять на них ответы;

      организовывать прием физических и представителей юридических лиц.

      15. Функции Отдела:

      1) финансовохозяйственное и материально-техническое обеспечение деятельности отдела;

      2) делопроизводство и документальное обеспечение деятельности отдела;

      3) организация бухгалтерского учета и отчетности;

      4) проведение кадровой работы в соответствии с требованиями Трудового Кодекса Республики Казахстан, Закона Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан";

      5) организация работы по контролю за исполнением Законов Республики Казахстан, Указов Президента и Постановлений Правительства Республики Казахстан постановлений, решений и распоряжений вышестоящих представительных и исполнительных органов, акимов области, района;

      6) регистрация обращений, заявлений, жалоб физических и представителей юридических лиц, составление отчета по их рассмотрению;

      7) разработка проектов бюджетных программ, администратором которых выступает Отдел;

      8) оказание в соответствии с компетенцией функций государственных органов, подлежащих автоматизации;

      9) создает условия для развития частного предпринимательства;

      10) обеспечивает и несет ответственность за реализацию и исполнение государственных программ в районе в сфере предпринимательства перед акиматом района;

      11) разрабатывает проекты районных программ поддержки малого предпринимательства;

      12) обеспечивает развитие в районе объектов инфраструктуры поддержки малого предпринимательства и инновационной деятельности;

      13) взаимодействует с объединениями субъектов частного предпринимательства и объектами рыночной инфраструктуры;

      14) соблюдение и защита прав, свобод и законных интересов человека и гражданина, организаций и государства;

      15) оказание методической помощи государственным органам в пределах свей компетенции;

      16) представление информации по запросам государственных органов, наделенных контрольными и надзорными функциями;

      17) рассмотрение обращений физических и представителей юридических лиц в пределах своей компетенции в порядке и сроки, установленные законодательством Республики Казахстан;

      18) разработка проектов нормативных правовых актов;

      19) разработка и утверждение плана работы;

      20) разработка и утверждение плана организационных мероприятий;

      21) осуществление регулятивных, реализационных и контрольных функций в пределах своей компетенции;

      22) осуществление государственного контроля за соблюдением размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары;

      23) осуществление государственного контроля за соблюдением размера торговой надбавки на социально-значимые продовольственный товары;

      24) осуществление государственного контроля за соблюдением размера вознаграждения, установленного законодательством Республики Казахстан о регулировании торговой деятельности;

      25) составление протоколов и рассмотрение дел об административных правонарушениях, предусмотренных статьями 199, 204, 250 (в части регулирования деятельности хлебоприемных предприятий) Кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года "Об административных правонарушениях".

      26) по вопросам своей компетенции разрабатывает проекты решений акима и акимата района, районных программ и планов социально- экономического развития района;

      27) составляет информационно-аналитические материалы и документы по вопросам, относящимся к своей компетенции;

      28) принимает участие в заседаниях акимата района и других консультативно-совещательных органах;

      29) размещает информацию на интернет-портале открытых данных;

      30) размещает информацию на интернет-портале открытых бюджетов;

      31) размещает информацию на интернет-портале открытых нормативно-правовых актов.

3. Статус, полномочия первого руководителя Отдела

      16. Руководство Отделом осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение задач, возложенных на Отдел и осуществление им своих полномочий.

      17. Руководитель Отдела назначается на должность и освобождается от должности распоряжением акима Мамлютского района в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан".

      18. Руководитель Отдела не имеет заместителя.

      19. Полномочия руководителя Отдела:

      1) представляет на утверждение акимата района Положение Отдела, внесение в него изменений и дополнений;

      2) организует работу Отдела, осуществляет руководство его деятельностью, несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Отдел задач и осуществление им своих функций;

      3) определяет обязанности и устанавливает степень ответственности работников Отдела;

      4) назначает на должности и освобождает от должностей работников Отдела в соответствии с Трудовым кодексом Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан";

      5) согласно трудового законодательства, Закона Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан" решает вопросы поощрения работников, оказания им материальной помощи, налагает дисциплинарные взыскания на работников Отдела;

      6) издает в пределах своей компетенции приказы, инструкции, обязательные для исполнения работниками Отдела;

      7) представляет Отдел в государственных органах, организациях;

      8) обеспечивает соблюдение законодательства о государственной гарантии равных прав и возможностей мужчин и женщин;

      9) несет персональную ответственность за соблюдение антикоррупционного законодательства сотрудниками Отдела;

      10) осуществляет полномочия в соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан, законодательством о труде, государственной службе, местном государственном управлении и самоуправлении;

      11) осуществляет контроль за эффективностью и сохранностью имущества, переданного отделу;

      20. Исполнение полномочий руководителя Отдела в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с законодательством о труде, о государственной службе.

4. Имущество Отдела

      21. Отдел может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством о государственном имуществе.

      Имущество Отдела формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством о государственном имуществе.

      22. Имущество, закрепленное за Отделом, относится к коммунальной собственности района.

      23. Отдел не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством о государственном имуществе.

5. Реорганизация и упразднение Отдела

      24. Реорганизация (слияние, присоединение, разделение, выделение, преобразование) и упразднение (ликвидация) Отдела осуществляются в соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан, Трудовым кодексом Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан "О государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств", Законом Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан", Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе", а также настоящим Положением.

      ______________________________