Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2021 жылғы 14 шілдедегі № 57 "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Тайынша қаласы, ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2024 жылғы 8 тамыздағы № 205/15 шешiмi

      Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Тайынша қаласы, ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2021 жылғы 14 шілдедегі № 57 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Тайынша қаласы, ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:

      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер бойынша өткізіледі:

      бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;

      аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;

      аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің жиырма пайызынан аспайтын көлемде қаражат бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, бюджеттік мониторинг қорытындылары бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджет қаражаты игерілмеген және (немесе) бюджеттік бағдарламалар тиімсіз орындалған кезде бюджеттік бағдарламалар арасында қайта бөлінген жағдайда, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетін түзетуді келісу;

      аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аппаратының шешімдерін келісу;

      аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;

      аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;

      аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;

      Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;

      аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;

      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;

      жергілікті қоғамдастықтың басқада ағымдағы мәселелерін талқылау".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының төрағасы С. Бекшенов

О внесении изменения в решение маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 14 июля 2021 года № 57 "Об утверждении Регламента собрания местного сообщества города Тайынша, сельских округов Тайыншинского района Северо-Казахстанской области"

Решение Тайыншинского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 8 августа 2024 года № 205/15

      Маслихат Тайыншинского района Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области от 14 июля 2021 года № 57 "Об утверждении Регламента собрания местного сообщества города Тайынша, сельских округов Тайыншинского района Северо-Казахстанской области" следующее изменение:

      в регламенте собрания местного сообщества города Тайынша, сельских округов Тайыншинского района Северо-Казахстанской области, утвержденном указанным решением:

      пункт 4 изложить в новой редакции:

      "4. Собрание проводится по текущим вопросам местного значения:

      обсуждение и рассмотрение проектов программных документов, программ развития местного сообщества;

      согласование проекта бюджета города районного значения, села, поселка, сельского округа и отчета об исполнении бюджета;

      согласование корректировки бюджета города районного значения, села, поселка, сельского округа в случае перераспределения средств в объеме не более двадцати процентов от объема расходов бюджетной программы на текущий финансовый год по утвержденному (уточненному) бюджету, за исключением бюджетных программ (подпрограмм), финансируемых за счет целевых трансфертов из районного (города областного значения) бюджета, между бюджетными программами при не освоении бюджетных средств и (или) неэффективном исполнении бюджетных программ в течение текущего финансового года по итогам бюджетного мониторинга без изменения структуры расходов бюджета;

      согласование решений аппарата города районного значения, села, поселка, сельского округа по управлению коммунальной собственностью города районного значения, села, поселка, сельского округа (коммунальной собственностью местного самоуправления);

      образование комиссии местного сообщества из числа участников собрания в целях мониторинга исполнения бюджета города районного значения, села, поселка, сельского округа;

      заслушивание и обсуждение отчета о результатах проведенного мониторинга исполнения бюджета города районного значения, села, поселка, сельского округа;

      согласование отчуждения коммунального имущества города районного значения, села, поселка, сельского округа;

      обсуждение актуальных вопросов местного сообщества, проектов нормативных правовых актов, касающихся прав, свобод и обязанностей граждан, за исключением проектов нормативных правовых актов местных исполнительных органов, а также акимов, предусматривающих принятие решений об установлении (отмене) карантинной зоны с введением карантинного режима на соответствующей территории, об установлении (снятии) карантина и (или) ограничительных мероприятий в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан в области ветеринарии, а также объявление чрезвычайной ситуации природного и техногенного характера, а также предоставление по ним рекомендаций в сроки, предусмотренные Законом Республики Казахстан "О правовых актах";

      инициирование вопроса об освобождении от должности акима города районного значения, села, поселка, сельского округа;

      внесение предложений по назначению руководителей государственных учреждений и организаций, финансируемых из местного бюджета и расположенных на соответствующих территориях;

      другие текущие вопросы местного сообщества.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата Тайыншинского района Северо-Казахстанской области С. Бекшенов