Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 152/13 "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзету және жинақталу нормаларын, халық үшін қатты тұрмыстық қатты қалдықтарды жинақтау, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының төрағасы | С. Бекшенов |
Тайынша ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтері
Атауы | Жинау және тасымалдау | Сұрыптау | Көму | Барлығы |
Құны (қосылған құн салығынсыз) | ||||
Абаттандырылған үй иелері (1-ші тұрғыннан айына) | 204,35 | 0 | 47,13 | 251,48 |
Абаттандырылмаған үй иелері (1-ші контейнерді шығару) | 2 700 | - | - | 2 700 |
Бірлікке жылдық тариф (көлемі) | 1 м3 | - | - | 3321,43 |