"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 29-бабы, 1-тармағының 11) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 48-бабына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32469 болып тіркелген) белгіленген Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың Сыныптамасына, Атырау облысының Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының кезектен тыс мәжілісінің 2024 жылғы 6 сәуірдегі № 5 хаттамасына сәйкес Атырау облысының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау облысының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалсын және оған табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | С. Шәпкенов |