Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Атырау облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 141 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28586 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Атырау облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Облыс әкімі | С. Шәпкенов |
Атырау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 18 наурыздағы № 61 қаулысына қосымша |
Атырау облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
№ | Мектепке дейінгі білім беру ұйымда рындағы тәрбиеленушілердің жалпы саны | Бір айда бір тәрбиеленушіге арналған жан басына шаққандағы қаржыландыру (шығындардың орташа бағасы) мөлшері (теңге) | |||||||
Ауылдық жердегі жалпы міндеттегі топтар | Қалалық жердегі жалпы міндеттегі топтар | Түзету үлгісіндегі топтардың тәрбиеленушілері | Туберкулез, аллергия ауруларымен, қант диабетімен ауыратын, әлжуаз және жиі ауыратын балаларға арналған топтардың тәрбиеленушілері | Мектепке дейінгі жарты күн болатын шағын орталықтар | |||||
ауыл | қала | ауыл | қала | ауыл | қала | ||||
1 | 34 296 | 60 119 | 53 878 | 110 476 | 97 475 | 91 371 | 80 970 | 26 478 | 23 704 |