"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 7-3) тармақшасына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) қоса беріліп отырған Атырау облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы;
2) Атырау облысында бір тәрбиеленушіге бір күнге ата-ана төлемақысының мөлшері 3 жасқа дейінгілерге – 627 (алты жүз жиырма жеті) теңге, 3-тен 7 жасқа дейінгілерге - 784 (жеті жүз сексен төрт) теңге болып бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Атырау облысының әкімі | С. Шапкенов |
Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 141 қаулысымен бекітілген |
Атырау облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 18.03.2024 № 61 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
№ | Мектепке дейінгі білім беру ұйымда рындағы тәрбиеленушілердің жалпы саны | Бір айда бір тәрбиеленушіге арналған жан басына шаққандағы қаржыландыру (шығындардың орташа бағасы) мөлшері (теңге) | |||||||
Ауылдық жердегі жалпы міндеттегі топтар | Қалалық жердегі жалпы міндеттегі топтар | Түзету үлгісіндегі топтардың тәрбиеленушілері | Туберкулез, аллергия ауруларымен, қант диабетімен ауыратын, әлжуаз және жиі ауыратын балаларға арналған топтардың тәрбиеленушілері | Мектепке дейінгі жарты күн болатын шағын орталықтар | |||||
ауыл | қала | ауыл | қала | ауыл | қала | ||||
1 | 34 296 | 60 119 | 53 878 | 110 476 | 97 475 | 91 371 | 80 970 | 26 478 | 23 704 |