"Түркістан облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 1 шілдедегі № 134 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Түркістан облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Түркістан облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) жоғарыда көрсетілген Ереженің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Д. Сатыбалды

  З.С. Жолдасов
  Е.А. Әлімқұлов
  Е. Кенжеханұлы
  Н.О. Көшеров
  Б.Д. Тәжібаев
  Қ.Ә. Қайыпбек
  К.О. Елибаев
  Түркістан облысы әкімдігінің
2024 жылғы "01" шілде
№ 134 қаулысына қосымша

"Түркістан облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Түркістан облысының мәдениет басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- Басқарма) Түркістан облысының аумағында мәдениет, тілдерді дамыту салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқада актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 20 ғимараты, пошталық индексі 160023.

      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарманың құрылтайшысы Түркістан облысы әкімдігі болып табылады.

      12. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. Басқарманың кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Басқарма заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      14. Мақсаттары:

      1) Түркістан облысы аумағында мәдениет саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, тілдерді оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз ету;

      2) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

      3) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу;

      4) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу;

      5) археологиялық жұмыстар мен тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізген кезде тарихи-мәдени мұра объектілерінің тарихи, сәулет-көркемдік келбетінің сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

      15. Өкілеттіктері:

      1) Құқықтары:

      Басқарманың құзырына кіретін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ, өзге де ұйымдардан жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар, қорытындылар, анықтамалар мен өзге де ақпараттарды сұратуға және алуға;

      Басқармаға бағынысты ұйымдарды құру, қайта құру және тарату мәселелері бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізуге;

      облыстық бюджет жобаларын әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізуге және өз құзыретінің шегінде клубтар, кітапханалар, театрлар, кинотеатрлар, музейлер және басқа да мәдениет объектілерін жобалау және салу жөніндегі ұсыныстарды қарауға құқылы;

      белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпарат сұратуға және алуға, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдарға ақпарат беруге;

      Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша болжамдар, бағдарламалар, талдамалы шолулар дайындағанда заңда белгіленген тәртіппен сарапшылар, басқа атқарушы органдардан мамандар тартуға;

      уәкілетті органмен келісім бойынша шығармашылық қызметтің түрлі салаларында республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізуді ұйымдастыруға;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асырады:

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының Конститутциясын және заңнамасын сақтау;

      Басқармаға жүктелген функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету;

      Басқармаға келіп түскен шағымдар мен өтініштерді қарау;

      облыста мемлекеттік тілді барынша дамыту, оның халықаралық беделін нығайту;

      Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлардың жасалуына ықпал жасау;

      қазақ диаспорасына ана тілін сақтауы және дамытуы үшін көмек көрсету;

      Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалар ресми сұраныс жасаған жағдайда, өз құзыреті шегінде және заңнама аясында қажетті материалдар мен ақпаратты беру;

      кадрлар даярлау, қайта даярлау және олардың біліктіліктерін арттыру бағдарламаларын бекітуге және үйлестіруге, олардың қызметтерін әдістемелік қамтамасыз етуге, конфренциялар, семинарлар, оқыту формаларын және тәжірибе алмасуды ұйымдастыру.

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      16. Функциялары:

      1) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

      2) облыстағы театр, цирк, музыка және кино өнері, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығы, кітапхана және музей ісі саласында облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру, тарату, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасындағы заңнамаларға сәйкес уәкілетті органмен келісе отырып, облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;

      3) театр, цирк, музыка өнерін және кино өнерін, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығын, кітапхана және музей ісін дамыту бойынша облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді, облыстың мәдениет саласындағы мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету;

      4) шығармашылық қызметтің түрлі салаларында облыстық (өңірлік) байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді ұйымдастыру;

      5) уәкілетті органмен келісім бойынша шығармашылық қызметтің түрлі салаларында республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізуді ұйымдастыруға құқылы;

      6) өңірлік көркемдік кеңестер құру және олар туралы ережелерді бекіту бойынша облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;

      7) облыстың мәдени құндылықтарын есепке алу, қорғау, консервациялау және реставрациялау, сондай-ақ пайдалану, елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      8) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптама комиссиясын құру туралы облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;

      9) облыс аумағында орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асыру және уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ белгіленген нысанда статистикалық есептер беру;

      10) облыстық деңгейде сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуді жүзеге асыру;

      11) облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізу;

      12) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен салттардың дамуына ықпал жасау;

      13) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру бойынша жұмысты жүргізу;

      14) облыстың мемлекеттік кітапханаларының біріне "Орталық" мәртебесін беру туралы облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;

      15) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;

      16) мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізуді жүзеге асыру;

      17) ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимінің сақталуын қамтамасыз ету;

      18) бюджет қаражаты көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді қаржыландыруға мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекітуге облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;

      19) мемлкеттік шығармашылық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;

      20) электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

      21) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауды, есепке алуды, сақтауды, зерделеуді, пайдалануды және олардың жай-күйін мониторингтеуді қамтамасыз етеді;

      22) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етеді;

      23) тиiстi аумақтардың экономикалық және әлеуметтiк даму жоспарларында жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін есепке алуды, сақтауды, зерделеуді, оларға ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және археологиялық жұмыстарды ұйымдастыру жөнiндегi iс-шараларды көздейдi;

      24) уәкiлеттi органмен келiсу бойынша қала құрылысы жобаларын әзiрлеу және бекiту кезiнде барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткiштерiн анықтау, зерделеу, сақтау жөнiндегi іс-шараларды орындауды, тиісті жергілікті жердің тарихи-сәулет тiрек жоспарларын және карта-схемаларын жасауды қамтамасыз етедi;

      25) тиісті елді мекендердің бас жоспарларына тарихи-сәулет тiрек жоспарларын енгізу жөніндегі жұмысты жүргізу бойынша облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;

      26) қорғау мiндеттемелерiн ресiмдеу және беру, тарих және мәдениет ескерткішінің меншiк иелерi мен пайдаланушыларының оларды орындауын бақылау бойынша облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;

      27) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияларды құрады;

      28) монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі жұмысты жүргізеді;

      29) мемориалдық тақталарды орнату жөніндегі жұмысты жүргізеді;

      30) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiне жоспарланатын ғылыми-реставрациялық жұмыстардың ғылыми-жобалау құжаттамасын қарау және келiсу бойынша облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;

      31) уәкілетті органмен келісу бойынша тарихи-мәдени мұра объектiлерiн тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерi деп таниды және оларды Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосу бойынша облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;

      32) уәкілетті органмен келісу бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде мәртебесінен айырады және оны Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен алып тастау бойынша облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;

      33) орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің, облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының және қаладағы аудан әкімі аппараттарының, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      34) мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамытуға бағытталған облыстық маңызы бар шаралар кешенін жүзеге асыру;

      35) азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

      36) облыстық ономастика комиссиясының қызметін қамтамасыз ету;

      37) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      38 ) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      17. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      18. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      19. Басқарманың бірінші басшысын Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      20. Басқарма басшысының өкілеттіктері:

      1) Басқарманың қызметін ұйымдастырады және басшылық жасайды;

      2) Басқармаға жүктелген мақсаттар мен функцияларды, облыс әкімдігінің, облыс әкімінің және облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының тапсырмаларын жүзеге асыруға жеке жауапты болады;

      3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарларының, Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының және басқа да қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

      4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін, сондай-ақ Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың басшылары мен басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      5) Басқарманың атынан сенiмхатсыз әрекет етеді;

      6) мемлекеттiк органдарда, басқа да ұйымдарда Басқарманың мүдделерін бiлдiреді;

      7) шарттар жасасады;

      8) сенімхаттар береді;

      9) банктік шоттар ашады;

      10) барлық қызметкерлер үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      11) заңнамамен белгіленген тәртіпте Басқарманың жұмысшыларын іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін жоғарлату, көтермелеу, үстемақы белгілеу, сыйлықақы беру, сонымен қатар оларға тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      12) Басқарманың қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың басшыларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеу шараларын және оларға тәртіптік жаза қолданады;

      13) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде жүргізеді;

      14) бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты болады;

      15) Басқарманың қаржы-шаруашылық қызметіне және берілген мүлкінің сақталуы үшін жеке жауаптылықта болады;

      16) Басқарманың басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      17) Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      18. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

      19. Басқармаға бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.

      20. Егер Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бекітілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      21. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1) Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының "Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      2) Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының "Тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталық" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      3) Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының "Конгресс Холл көпсалалы кешені" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      4) Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының "Түркістан музыкалық-драма театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      5) Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының "Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      6) Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының "Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      7) Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының "Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      8) Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      9) Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының "Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      10) Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының "Кентау қалалық музейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      11) "Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының "С.Қожанов атындағы музей" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      12) Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының "Төлеби ауданының музейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      13) Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының "Арыс қаласының музейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      14) Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының "Ордабасы ауданындағы тарихи-өлкетану музейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      15) Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының "Ұлы Дала Елі Орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      16) Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының "Қазығұрт аудандық музейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      17) Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының "Түркістан облысының мақта шаруашылығы тарихы музейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      18) Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының "Бәйдібек ауданы сәулет-көркем музейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      19) Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының "Руханият-Әбу-Нәсір әл-Фараби музейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      20) Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының "Бейнелеу өнері музейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық мемлекеттік кәсіпорны;

      21) Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының "Оңтүстікфильм" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      22) Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының "Түркістан облыстық "Фараб" әмбебап ғылыми кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      23) Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының "Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

Об утверждении Положения о государственном учреждении "Управление культуры Туркестанской области"

Постановление акимата Туркестанской области от 1 июля 2024 года № 134

      В соответствии со статьей 27 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2021 года № 590 "О некоторых вопросах организации деятельности государственных органов и их структурных подразделений" акимат Туркестанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить Положение о государственном учреждении "Управление культуры Туркестанской области" согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Государственному учреждению "Управление культуры Туркестанской области" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию вышеуказанного Положения в органах юстиции;

      2) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в филиал республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан по Туркестанской области для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Туркестанской области после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Тәжібаева Б.Д.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким области Д. Сатыбалды

  Жолдасов З.С.
  Алимкулов Е.А.
  Кежеханұлы Е.
  Кушеров Н.О.
  Тәжібаев Б.Д.
  Кайыпбек К.А.
  Елибаев К.О.
  Приложение к постановлению
акимата Туркестанской области
от "01" июля 2024 года № 134

ПОЛОЖЕНИЕ о государственном учреждении "Управление культуры Туркестанской области"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление культуры Туркестанской области" (далее – Управление) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере культуры, развития языков на территории Туркестанской области.

      2. Управление не имеет ведомств.

      3. Управление осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Управление является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на казахском и русском языках, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан.

      5. Управление вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Управление имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Управление по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Управления и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      8. Структура и лимит штатной численности Управления утверждаются в соответствии с трудовым законодательством Республики Казахстан и Законом Республики Казахстан "О государственной службе Республики Казахстан".

      9. Местонахождение юридического лица: Республика Казахстан, Туркестанская область, город Туркестан, микрорайон Жаңа қала, улица 32, здание 20, почтовый индекс 160023.

      10. Настоящее Положение является учредительным документом Управления.

      11. Учредителем Управления является акимат Туркестанской области.

      12. Финансирование деятельности Управления осуществляется из республиканского и местных бюджета в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан.

      13. Управлению запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями Управления культуры.

      Если Управление законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

2. Задачи и полномочия государственного органа

      14. Задачи:

      1) реализация государственной политики в области культуры на территории Туркестанской области, создание условий для изучения и развития языков, обеспечение одинаково уважительного отношения ко всем, без исключения, употребляемым в Республике Казахстан языкам;

      2) обеспечение государственного контроля в сфере охраны и использования объектов историко-культурного наследия;

      3) содействие международному сотрудничеству в сфере охраны и использования объектов историко-культурного наследия;

      4) содействие международному сотрудничеству в сфере охраны и использования объектов историко-культурного наследия;

      5) обеспечение сохранности исторического, архитектурно-художественного облика объектов историко-культурного наследия при проведении археологических работ и научно-реставрационных работ на памятниках истории и культуры.

      15. Полномочия:

      1) Права:

      запрашивать и получать от государственных органов Республики Казахстан, а также иных организаций документы, справочные и иные материалы, необходимые для осуществления возложенных на Управления задачи функций;

      вносить предложения в акимат области по вопросам создания, реорганизации, ликвидации организаций, находящихся в ведении Управления;

      вносить предложения в проект областного бюджета и в пределах своей компетенции рассматривать предложения по проектированию и строительству клубов, библиотек, театров, кинотеатров, музеев и других объектов культуры;

      в установленном порядке запрашивать и получать от государственных органов, иных организаций информацию, необходимую для выполнения своих функций, а также предоставлять информацию другим государственным органам;

      организовывать проведение республиканских конкурсов и фестивалей в различных сферах творческой деятельности по согласованию с уполномоченным органом;

      осуществление иных прав, предусмотренных законодательными актами Республики Казахстан:

      2) обязанности:

      соблюдать Конституцию и законодательство Республики Казахстан;

      обеспечить реализацию возложенных на Управление функций;

      рассматривать жалобы и обращения, поступившие в Управление;

      всемерно развивает государственный язык в области, укрепляет его международный авторитет;

      содействует созданию всех необходимых организационных, материально-технических условий для свободного и бесплатного овладения государственным языком всеми гражданами Республики Казахстан;

      оказание помощи казахской диаспоре в сохранении и развитии родного языка;

      представление необходимых материалов и информации в пределах своей компетенции и в рамках законодательства в случае официального запроса от юридических и физических лиц по вопросам входящим в компетенцию Управления;

      утверждение и координация программы подготовки, переподготовки и повышения квалификации кадров, методического обеспечения их деятельности, конференции, семинары, другие формы обучения и обмена опытом;

      осуществление иных обязанностей, предусмотренных законодательными актами Республика Казахстан.

      16. Функции:

      1) реализация государственной политики в области культуры;

      2) внесение предложений в акимат области о создании, реорганизации, ликвидации государственных организаций культуры области в сфере театрального, циркового, музыкального искусства и киноискусства, культурно-досуговой деятельности и народного творчества, библиотечного и музейного дела в установленном законодательством Республики Казахстан по согласованию с уполномоченным органом;

      3) поддержка и координация деятельности государственных организаций культуры области по развитию театрального, циркового, музыкального и киноискусства, культурно-досуговой деятельности народного творчества, библиотечного и музейного дела, обеспечение деятельности учреждений области в области культуры;

      4) организация проведения областных (региональных) смотров, фестивалей и конкурсов в различных сферах творческой деятельности;

      5) вправе организовывать проведение республиканских конкурсов и фестивалей в различных сферах творческой деятельности по согласованию с уполномоченным органом;

      6) внесение предложений в акимат области по созданию региональных художественных советов и утверждении положения о них;

      7) организация работы по учету, охране, консервации и реставрации, а также использованию культурных ценностей области, увековечению памяти видных деятелей культуры страны;

      8) внесение предложений в акимат области по созданию экспертной комиссии по временному вывозу культурных ценностей и утверждении положения о ней;

      9) осуществление мониторинга деятельности организаций культуры, расположенных на территории области и предоставление в уполномоченный орган информации, а также статистических отчетов установленной формы;

      10) осуществление проведения зрелищных культурно-массовых мероприятий на уровне области;

      11) проведение аттестации государственных организаций культуры области;

      12) организация работы по сохранению историко-культурного наследия, содействие развитию исторических, национальных и культурных традиций и обычаев;

      13) организация работы по выдаче свидетельства на право временного вывоза культурных ценностей;

      14) внесение предложений в акимат области о присвоении одной из государственных библиотек области статуса "Центральная";

      15) осуществление комплекса мероприятий, направленных на поиск и поддержку талантливой молодежи и перспективных творческих коллективов;

      16) осуществление проведения социально значимых мероприятий в области культуры;

      17) обеспечение соблюдения особого режима объектов национального культурного достояния;

      18) внесение предложений в акимат области по утверждению государственного творческого заказа на финансирование творческих кружков для детей и юношества в пределах объемов бюджетных средств;

      19) обеспечение размещение государственного творческого заказа в творческих кружках для детей и юношества независимо от форм собственности поставщиков услуг государственного творческого заказа, их ведомственной подчиненности, типов и видов;

      20) обеспечение исполнение всех этапов и процедур размещения, контроля качества и целевого освоения государственного творческого заказа в электронном и общедоступном форматах;

      21) обеспечение выявление, учет, сохранение, изучение, использование и мониторинг состояния объектов историко-культурного наследия;

      22) обеспечение проведение научно-реставрационных работ на памятниках истории и культуры;

      23) предусмотрение мероприятий по организации учета, сохранения, изучения, научно-реставрационных работ на памятниках истории и культуры местного значения и археологических работ в планах экономического и социального развития соответствующих территорий;

      24) по согласованию с уполномоченным органом при разработке и внесение предложений в акимат области для утверждения проектов планировки, застройки и реконструкции городов и других населенных пунктов обеспечение выполнения мероприятий по выявлению, изучению, сохранению памятников истории и культуры всех категорий, составление историко-архитектурных опорных планов и карт-схем соответствующей местности;

      25) внесение предложений в акимат области по внесению в генеральные планы соответствующих населенных пунктов историко-архитектурных опорных планов;

      26) внесение предложений в акимат области по оформлению и выдаче охранных обязательств, контроль их выполнение собственниками и пользователями памятников истории и культуры;

      27) внесение предложений в акимат области по созданию комиссии по охране памятников истории и культуры;

      28) ведение работы по установлению новых сооружений монументального искусства;

      29) ведение работы по установлению мемориальных досок;

      30) внесение предложений в акимат области по согласованию научно-проектной документаций научно-реставрационных работ, планируемых на памятниках истории и культуры местного значения;

      31) внесение предложений в акимат области по согласованию с уполномоченным органом о признании объектов историко-культурного наследия памятниками истории и культуры местного значения и включения в Государственный список памятников истории и культуры местного значения на основании заключения историко-культурной экспертизы;

      32) внесение предложений в акимат области о лишении памятника истории и культуры местного значения его статуса и исключения из Государственного списка памятников истории и культуры местного значения на основании заключения историко-культурной экспертизы;

      33) осуществление государственного контроля за соблюдением законодательства Республики Казахстан о языках территориальными подразделениями центральных государственных органов и их ведомств, местными исполнительными органами области, района, города областного значения и аппаратами акима района в городе, аппаратами акима села, поселка, сельского округа;

      34) осуществление комплекса мер областного значения, направленных на развитие государственного и других языков;

      35) проводит разъяснительную работу по недопущению дискриминации граждан по языковому принципу;

      36) обеспечение деятельности областной ономастической комиссии;

      37) осуществление в интересах местного государственного управления иные полномочия, возлагаемые на местные исполнительные органы законодательством Республики Казазстан;

      38) осуществление иных функций, предусмотренных законодательными актами Республики Казахстан:

3. Статус, полномочия первого руководителя государственного органа

      17. Руководство Управления осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Управления задач и осуществление им своих полномочий.

      18. Первый руководитель Управления назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      19. Первый руководитель Управления назначается на должность и освобождается в соответствии с Законами Республики Казахстан "О государственной службе" и "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан".

      20. Полномочия первого руководителя Управления:

      1) организует и руководит деятельностью Управления;

      2) несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Управления;

      3) определяет обязанности и полномочия своих заместителей, руководителей структурных подразделений и других работников Управления;

      4) назначает на должность и освобождает от должности работников Управления, а также руководителей и заместителей руководителей учреждений, находящихся в ведении Управления в соответствии с действующим законодательством;

      5) без доверенности действует от имени Управления;

      6) представляет интересы Управления в государственных органах, иных организациях;

      7) заключает договоры;

      8) выдает доверенности;

      9) открывает банковские счета;

      10) издает приказы и дает указания, обязательные для всех работников;

      11) решает вопросы командирования, предоставления отпусков, оказания материальной помощи, подготовки (переподготовки), повышения квалификации, поощрения, установления надбавок и премирования, а также дисциплинарной ответственности работников Управления, налагает на них дисциплинарные взыскания в порядке, установленном законодательством;

      12) применяет меры поощрения и налагает дисциплинарные взыскания на руководителей, заместителей руководителей коммунальных государственных учреждений и государственных коммунальных казенных предприятий, находящихся в ведении Управления, в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

      13) в пределах своей компетенции ведет противодействие коррупции в Управления;

      14) несет ответственность за планирование, обоснование, реализацию и достижение результатов бюджетных программ;

      15) несет персональную ответственность за финансово-хозяйственную деятельность и сохранность переданного Управления имущества;

      16) осуществляет иные функции, возложенные на него законодательством Республики Казахстан, настоящим Положением.

      Исполнение полномочий первым руководителем Управления в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим, в соответствии с действующим законодательством.

      17. Первый руководитель определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством

4. Имущество государственного органа

      18. Управление может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество Управления формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      19. Имущество, закрепленное за Управлением, относится к областной коммунальной собственности.

      20. Управление не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено бюджетным законодательством и Законом Республики Казахстан "О государственном имуществе".

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      21. Реорганизация и упразднение Управления и подведомственных организаций осуществляются в соответствии с гражданским законодательством Республики Казахстан".

      Перечень организаций, находящихся в ведении Управления:

      1) государственное коммунальное казенное предприятие "Областной центр культуры и народного творчества" управления культуры и туризма Туркестанской области;

      2) государственное коммунальное казенное предприятие "Центр по охране, реставрации и использованию историко-культурного наследия" управления культуры и туризма Туркестанской области;

      3) государственное коммунальное казенное предприятие "Многофункциональный комплекс Конгресс Холл" управления культуры и туризма Туркестанской области;

      4) государственное коммунальное казенное предприятие "Туркестанский музыкально-драматический театр" управления культуры и туризма Туркестанской области;

      5) государственное коммунальное казенное предприятие "Жетысайский драматический театр имени К.Жандарбекова" управления культуры и туризма Туркестанской области;

      6) государственное коммунальное казенное предприятие "Музыкально-драматический театр города Туркестан имени Райымбека Сейтметова" управления культуры и туризма Туркестанской области;

      7) государственное коммунальное казенное предприятие "Областная филармония имени Шамши Калдаякова" управления культуры и туризма Туркестанской области;

      8) государственное коммунальное казенное предприятие "Туркестанский областной историко-краеведческий музей" управления культуры и туризма Туркестанской области;

      9) государственное коммунальное казенное предприятие "Областной музей спорта имени Кажымукана" управления культуры и туризма Туркестанской области;

      10) государственное коммунальное казенное предприятие "Кентауский городской музей" управления культуры и туризма Туркестанской области;

      11) государственное коммунальное казенное предприятие "Музей имени С.Кожанова" управления культуры и туризма Туркестанской области;

      12) государственное коммунальное казенное предприятие "Музей Толебийского района" управления культуры и туризма Туркестанской области;

      13) государственное коммунальное казенное предприятие "Музей города Арысь" управления культуры и туризма Туркестанской области;

      14) государственное коммунальное казенное предприятие "Историко-краеведческий музей в Ордабасынском районе" управления культуры и туризма Туркестанской области";

      15) государственное коммунальное казенное предприятие "Центр Ұлы Дала Елі" управления культуры и туризма Туркестанской области;

      16) государственное коммунальное казенное предприятие "Казыгуртский районный музей" управления культуры и туризма Туркестанской области;

      17) государственное коммунальное казенное предприятие "Музей истории хлопководства Туркестанской области" управления культуры и туризма Туркестанской области;

      18) государственное коммунальное казенное предприятие "Архитектурно-художественный музей района Байдибек" управления культуры и туризма Туркестанской области;

      19) государственное коммунальное казенное предприятие "Духовность-музей Абу-Насыра аль-Фараби" управления культуры и туризма Туркестанской области;

      20) государственное коммунальное казенное предприятие "Музей изобразительного искусства" управления культуры и туризма Туркестанской области;

      21) коммунальное государственное учреждение "Онтустикфильм" управления культуры и туризма Туркестанской области;

      22) коммунальное государственное учреждение "Туркестанская областная универсальная научная библиотека "Фараб" управления культуры и туризма Туркестанской области;

      23) коммунальное государственное учреждение "Туркестанская областная детская библиотека имени Ы.Алтынсарина" управления культуры и туризма Туркестанской области".