"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Арыс қалалық аумақтық инспекциясының 2024 жылғы 28 ақпандағы №08-02-03/77 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Құтыру ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық-санитарлық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Монтайтас ауылдық округі, Қабылсай ауылы, Қазақстан көшесі № 42 үйіне шектеу іс-шаралары алып тасталсын.
2. Арыс қаласы, Монтайтас ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 191108 болып тіркелген) № 45 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі
Монтайтас ауылдық округінің әкімі | Е.Ахметов |