Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18, 69-баптары, Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 37-бабына және бекітілген жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларына сәйкес, Кентау қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Кентау қаласы әкімдігінің "Кентау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Кентау қаласы, "Шұғыла" шағын ауданына "Магистральды су құбырының құрылысын жүргізу үшін" жалпы алаңы 29 946,0 шаршы метр (ұзындығы 4278,0 метр, ені 7,0 метр) жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін;
2. "Кентау қаласының әкімдігінің "Кентау қалалық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.Көкеновке жүктелсін.
Қала әкімі | Ж.Тасов |