Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 27 қарашадағы № 363 қаулысы

      "Интергаз Орталық Азия" акционерлік қоғамының "Шымкент магистралды газ құбырлары басқармасының 10.10.2024 жылғы № 38-38-17-1360 хатын қарап, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 17, 69 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 бабына сәйкес Қазығұрт аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Интергаз Орталық Азия" акционерлік қоғамына Қазығұрт ауданы, Шанақ, Қ.Әбдәлиев, Сарапхана, Шарбұлақ ауылдық округтерінен магистралды газ құбыры өткелдерін ұйымдастыру үшін барлығы 0,0957 гектар жер учаскелеріне жер пайдаланушылардан алып қоймай 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Қазығұрт аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның орыс және қазақ тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасынының Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикалық нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Аширбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.А.Исмаилов

Об установлении публичного сервитута

Постановление акимата Казыгуртского района Туркестанской области от 27 ноября 2024 года № 363

      Рассмотрев заявление за № 38-38-17-1360 от 10.10.2024 года Филиал "Управление магистральных газопроводов "Шымкент" АО "Интергаз Центральная Азия", в соответствии со статьями 17,69 Земельного кодекса Республики Казахстан от 20 июня 2003 года, статьей 31, 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат Казыгуртского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить публичный сервитут акционерному обществу "Интергаз Центральная Азия" для проведения переходов магистрального газопровода общей площадью 0,0957 гектара с сроком на 3 (три) года без изъятия у землепользователей земельного участка на территории Казыгуртского района сельского округа Шанак, Каракозы Абдалиева, Сарапхана, Шарбулак.

      2. Государственному учреждению "Отдел земельных отношений акимата района Казыгурт" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в филиал республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан по Туркестанской области для официального опубликования ивключения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Казыгуртского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима М.Аширбаеву.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким района А.А.Исмаилов