Жаңабазар ауыл округі, Тілектес және Қарабастау елді мекендерінің аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 16 сәуірдегі № 13 шешімі

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекция басшысының 2024 жылғы 11 сәуірдегі № 02-05/119 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Жаңабазар ауылы округі, Тілектес елді мекені З.Бостанов көшесі № 120 үйдің төрт бас уақ малының бас миының және З.Бостанов көшесі № 45 үйдің бір бас жылқы малының бас миы сынамасы "құтыру" ауруына "оң" нәтиже көрсетуіне байланысты, Тілектес елді мекен аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Жаңабазар ауылы округі, Қарабастау елді мекені Р.Төленді көшесі № 134 үйдің тұрғыны Ж.Айтқұловтың бір бас ірі қара малының бас миы сынамасы "құтыру" ауруына "оң" нәтиже көрсетуіне байланысты, Қарабастау елді мекен аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл округінің әкімі А.Акжолов

Об установлении ограничительных мер на территории населенного пункта Тилектес и Карабастау сельского округа Жанабазар

Решение акима сельского округа Жанабазар Казыгуртского района Туркестанской области от 16 апреля 2024 года № 13

      В соответствии с подпунктом 7) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан "О ветеринарии", на основании представления руководителя Казыгуртской районной территориальной инспекции Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 11 апреля 2024 года за № 02-05/119, РЕШИЛ:

      1. Установить ограничительные мероприятия на территории населенного пункта Тилектес, сельского округа Жанабазар в связи с тем, что четыре головы головного мозга крупного рогатого скота дома № 120 по улице З.Бостанова и одна голова головного мозга лошади дома № 45 по улице З.Бостанова показали "положительный" результат на болезнь "бешенство".

      2. Установить ограничительные мероприятия на территории населенного пункта Карабастау, сельского округа Жанабазар в связи с тем, что у жителя Ж.Айткулова дома № 134 по улице Р.Толенди проба головного мозга одного крупного рогатого скота показала "положительный" результат на болезнь "бешенство".

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Аким сельского округа А.Акжолов