Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 1 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабыны 8) тармақшасына сәйкес, және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2024 жылғы 7 маусымдағы № 02-05/161 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Түркістан облысы Қазығұрт ауданы С.Рақымов ауылдық округі Көкібел елді мекені А.Құралов көшесі № 98, 100, 102 және Жастар көшесі № 10, 11 тұрғын үйлердің аумағында бір бас иттің басынан құтыру ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Қазығұрт ауданы С.Рақымов ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 4 сәуірдегі № 11 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы | Н.Бекбауов |