Ескерту: Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Сабыр Рақымов ауылдық округі әкімінің 12.06.2024 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекция басшысының 2024 жылғы 02 сәуірдегі № 02-05/103 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Сабыр Рақымов ауылдық округі Көкібел елді мекені А.Құралов көшесі № 98, 100, 102 және Жастар көшесі № 10, 11 тұрғын үйлердің аумағында бір бас иттің басынан құтыру ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы | С.Мейрбеков |