Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Түркістан облысы Ордабасы ауданы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 19 желтоқсандағы № 493 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағы 10) тармақшасына сәйкес, Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне "Шымкент" қосалқы станциясынан "Бадам" қосалқы станциясына дейінгі ВЛ-220 кВ әуе электр желісінің құрылысы үшін Бадам ауыл округіне қарасты жерлерден 15,483 гектар және Бөржар ауыл округіне қарасты 14,109 га жер учаскелері жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан, жер учаскелеріне уақытша өтеусіз қысқа 5 (бес) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Қ.Сейітқұлға жүктелсiн.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Оралбаев

Об установлении публичного сервитута

Постановление акимата Ордабасынского района Туркестанской области от 19 декабря 2024 года № 493

      В соответствии с подпунктом 5-1) статьи 17 и пунктом 4 статьи 69 Земельного кодекса Республики Казахстан, подпунктом 10) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" акимат Ордабасинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить временный безвозмездный краткосрочный публичный сервитут, без изъятия земельных участков у землепользователей и собственников земель, сроком на 5 (пять) лет государственному учреждению "Управления энергетики и жилищно-коммунального хозяйства Туркестанской области" на земельные участки Бадамского сельского округа 15,483 га, и 14,109 га, из Буржарского сельского округа, для строительства воздушной линии электропередачи ВЛ-220 кВ от вспомогательной подстанции "Шымкент" до вспомогательной подстанции "Бадам".

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района К.Сейткула.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района А.Оралбаев