Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағы 10) тармақшасына сәйкес, Ордабасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне "Шымкент" қосалқы станциясынан "Бадам" қосалқы станциясына дейінгі ВЛ-220 кВ әуе электр желісінің құрылысы үшін Бадам ауыл округіне қарасты жерлерден 15,483 гектар және Бөржар ауыл округіне қарасты 14,109 га жер учаскелері жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан, жер учаскелеріне уақытша өтеусіз қысқа 5 (бес) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Қ.Сейітқұлға жүктелсiн.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Оралбаев |