Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69 бабының 4-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес, Шұбарсу ауыл округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының филиалы – жобаларды басқару дирекциясына талшықты-оптикалық байланыс желісі құрылысы үшін Шұбарсу ауыл округі, Шұбарсу ауылы, Д.Қонаев көшесі бойынан 0,0346 га жер учаскесін жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелеріне уақытша өтеусіз қысқа 10 (он) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл округі әкімінің орынбасары А.Бердешовке жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл округі әкімі | А.Турсунбаев |