Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының 5 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сайрам ауданының жергілікті атқарушы органы айқындаған тәртіппен және шарттарда ауданның жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 27.09.2024 № 20-147/VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың төрағасы | Ш.Халмурадов |
Сайрам аудандық мәслихатының 2024 жылғы 6 тамыздағы №19-138/VIII шешіміне 1 қосымша |
Ауданның жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдардағы D (қосалқы персонал) блоктарына жататын жұмыскерлерінің және жұмысшылардың (біліктілік разряды) лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақылары
№ р/с | Буындар мен біліктілік разрядтар атауы | Лауазымдық жалақыға үстемақы мөлшері |
1 | D (қосалқы персонал) | 50% |
2 | 1 | 50% |
3 | 2 | 50% |
4 | 3 | 50% |
5 | 4 | 50% |
6 | 5 | 50% |
Сайрам аудандық мәслихатының 2024 жылғы 6 тамыздағы №19-138/VIII шешіміне 2 қосымша |
Ауданның жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне қарасты "Көрікті Сайрам" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерінің және жұмысшылардың (біліктілік разряды) лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақылары
Ескерту. Шешім 2-қосымшамен толықтырылды - Түркістан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 27.09.2024 № 20-147/VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
№ р/с | Буындар мен біліктілік разрядтар атауы | Лауазымдық жалақыға үстемақы мөлшері |
1 | А1-3 | 50% |
2 | А1-3-1 | 50% |
3 | А2-3 | 50% |
4 | А3-3 | 50% |
5 | В4-1 | 50% |
6 | С-2 | 50% |
7 | D (қосалқы персонал) | 50% |
8 | 1 | 50% |
9 | 2 | 50% |
10 | 3 | 50% |
11 | 4 | 50% |
12 | 5 | 50% |