Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және "Азаматтық қызмтшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының 5 тармағы 3) тармақшасына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сайрам аудандық мәслихатының "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақысын белгілеу туралы" 2024 жылғы 6 тамыздағы №19-138/VІІІ шешіміне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Сайрам ауданының жергілікті атқарушы органы айқындаған тәртіппен және шарттарда ауданның жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес белгіленсін.".
Көрсетілген шешім 2 қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың төрағасы | Ш.Халмурадов |
Сайрам аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі №20-147/VIII шешіміне 2 қосымша |
|
Сайрам аудандық мәслихатының 2024 жылғы 6 тамыздағы №19-138/VIII шешіміне 2 қосымша |
Ауданның жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне қарасты "Көрікті Сайрам" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерінің және жұмысшылардың (біліктілік разряды) лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақылары
№ р/с | Буындар мен біліктілік разрядтар атауы | Лауазымдық жалақыға үстемақы мөлшері |
1 | А1-3 | 50% |
2 | А1-3-1 | 50% |
3 | А2-3 | 50% |
4 | А3-3 | 50% |
5 | В4-1 | 50% |
6 | С-2 | 50% |
7 | D (қосалқы персонал) | 50% |
8 | 1 | 50% |
9 | 2 | 50% |
10 | 3 | 50% |
11 | 4 | 50% |
12 | 5 | 50% |