"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сарыағаш ауданының Сарыағаш қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың тарифі 100 теңге көлемінде белгіленсін.
2. Сарыағаш ауданында ауданішілік тұрақты бағыттарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдаудың тарифі 1 километрге 11 тенге көлемінде белгіленсін.
"Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының талаптары сақталсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Абдуллаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Сарыағаш аудандық мәслихаты