Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Қазақстан Республикасының "Жер Кодексінің" 17 бабының 1-1 тармақшасына және 69 бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" №148 Заңының 31, 37 баптарына және "Волковгеология" АҚ-ның филиалы №5 геологиялық барлау экспедициясының директоры Қ.Ә.Бекишовтың 15.08.2024 жылғы №14-08/855 санды хатына және "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ның өндіріс жөніндегі басқарушы директоры Ә.Ақжолованың 12.09.2024 жылғы №04-16/3266 санды хатына сәйкес, Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" акционерлік қоғамына Созақ ауданы аумағынан қатты пайдалы қазбаларды барлау үшін барлығы-16116.27 гектар жер учаскесін ұзақ мерзімді уақытша пайдалану құқығымен 6 жылға дейін қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" акционерлік қоғамына қатты пайдалы қазбаларды барлау жұмыстары аяқталғаннан кейін бұзылған жерді қалпына келтіру жұмыстарын бір ай мерзімінен кешіктірілмей жүргізуге және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптарды сақтай отырып жүргізуді қамтамасыз етілсін.
3. "Түркістан облысы Созақ ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етісін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Созақ ауданы әкімінің міндетін атқарушы | А.Б.Сатыбалды |