"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Созақ аудандық аумақтық инспекциясының 2024 жылғы 13 маусымдағы №08-02.07/165 ұсынысы негізінде, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Құтыру ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық-санитарлық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, С.Еспенбетов көшесі №5 тұрғын үйдің аумағында шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.
2. Түркістан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 15 сәуірдегі №62 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шолаққорған ауылдық округінің әкімі | А.Елибаев |