Шектеу іс-шараларын алып тастау және Түркістан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 15 сәуірдегі № 62 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 17 маусымдағы № 108 шешімі

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Созақ аудандық аумақтық инспекциясының 2024 жылғы 13 маусымдағы №08-02.07/165 ұсынысы негізінде, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Құтыру ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық-санитарлық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, С.Еспенбетов көшесі №5 тұрғын үйдің аумағында шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.

      2. Түркістан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 15 сәуірдегі №62 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шолаққорған ауылдық округінің әкімі А.Елибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады