Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19 және 69 баптарына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына, Төлеби ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің 15.04.2024 жылғы №408 қала құрылыстық қорытындысына, Төлеби аудандық жер қатынастары бөлімінің 18.09.2024 жылғы (жер учаскесін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобасын бекіту туралы) №880 (№KZ96VBG01469122) бұйрығына, топографиялық түсірілімне және ТОБЖ желісінің сызбасына коммуникациялық (Газ, жарық, су, казақтелеком) мекемелердің келісіміне және өтінішіне сәйкес ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ленгір қаласы, Ә.Бектайұлы, Төлеби, Оқжетпес, Ақшағала, Теміржол көшелерінің бойында орналасқан жалпы алаңы 0,2965 га (S1-0,1416 га, S2-0,0105, S3-0,0952 га, S4-0,0492га) жер учаскелеріне талшықты оптикалық байланыс желілерін жүргізу үшін "КаР-Тел" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 5 (бес) жыл мерзімге қоғамдық сервитут белгіленсін.
2. Осы шешiмнiң орындалу барысын қадағалау қала әкiмi орынбасары Ж.Байзаковқа жүктелсiн.
3. Осы шешім оның алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкiмі | М.Жұмабаев |