Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 71-баптары, Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 31, 37-баптарына, Сауран ауданы әкімдігінің жанынан құрылған жер комиссиясы мәжілісінің 03.05.2024 жылғы №13 санды хаттамасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне Сауран ауданы Шаға ауылдық округі Бершінтөбе елді мекенінің аумағынан "Газбен жабдықтау үшін" жалпы алаңы 15,54 га (155400 ш.м.) ұзындығы (11,1 км) жер учаскесін тұрақты пайдалануға қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жұмыстарын жүргізу барысында бүлінген жерлерді қалпына келтіру жүктелсін.
3. Қаулының орындалуын бақылау Сауран ауданы әкімінің орынбасары Е.Жанғазиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сауран ауданының әкімі | М. Таңғатаров |