"Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сауран ауданы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 22 мамырдағы № 103 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 71-баптары, Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 31, 37-баптарына, Сауран ауданы әкімдігінің жанынан құрылған жер комиссиясы мәжілісінің 03.05.2024 жылғы №13 санды хаттамасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне Сауран ауданы Шаға ауылдық округі Бершінтөбе елді мекенінің аумағынан "Газбен жабдықтау үшін" жалпы алаңы 15,54 га (155400 ш.м.) ұзындығы (11,1 км) жер учаскесін тұрақты пайдалануға қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жұмыстарын жүргізу барысында бүлінген жерлерді қалпына келтіру жүктелсін.

      3. Қаулының орындалуын бақылау Сауран ауданы әкімінің орынбасары Е.Жанғазиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сауран ауданының әкімі М. Таңғатаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады