"Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 22 қаңтардағы № 23 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, 39-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 7) тармақшасына, 164-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Е. Көшербаев

  Шығыс
Қазақстан облысы әкімдігінің
2024 жылғы 22 қаңтардағы
№ 23 қаулысына қосымша

"Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. "Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) облыс аумағында энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Басқарма, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Басқарманың құрылымы мен штат санының шектеуі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Карл Либкнехт көшесі, 19, индекс 070004.

      9. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, республикалық және Шығыс Қазақстан облысының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.

      11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен басқарманың өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер заңнамалық актілерді басқаруға кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      12. Тапсырмалар:

      1) облыстың энергетикалық кешенін және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту;

      2) энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік реттеу және басқару;

      3) облыс аумағында энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы даму жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

      4) мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде облыс халқына көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру.

      13. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген көлемде мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, жеке және заңды тұлғалардан өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды, ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;

      ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізу;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру;

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес функцияларды жүзеге асыру.

      14. Функциялары:

      1) электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сумен жабдықтау және су бұру салаларында мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;

      2) тиісті аумақты дамыту бағдарламасына энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды енгізуді қамтамасыз етеді, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында келісімдер жасасады, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ақпараттық қызметті жүзеге асырады;

      3) уәкілетті органның келісімі бойынша жүзеге асыру мерзімі үш жыл болатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жол карталарын әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ оларды өткізуді жүзеге асырады;

      4) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жылыту маусымын үздіксіз өткізу үшін отын сатып алуға энергия өндіруші ұйымдардың шығындарын субсидиялауды жүзеге асырады;

      5) сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының және электр энергиясын беру және жабдықтау, өндіру, жылу энергиясымен беру және жабдықтау саласындағы ұйымдардың елді мекендерде қолданыстағы активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтер құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялауды жүзеге асырады;

      6) ведомстволық бағынысты аумақта орналастырылатын орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне жеткізілетін жылу энергиясын өндіру үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салу жобаларын келіседі;

      7) қазандықтардың, жылу желілерінің және тұтынушылардың жылу пайдаланатын қондырғыларының пайдаланылуы мен техникалық жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады;

      8) қазандықтар, жылу желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуіне мониторингті жүзеге асырады;

      9) қазандықтар мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тексеруге қатысады;

      10) жылыту маусымын дайындау және өткізу қағидаларын әзірлейді және мәслихатқа бекітуге ұсынады;

      11) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      12) тиісті уәкілетті орган немесе облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізбелер бойынша облыстардың жергілікті өкілді органдарына ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен халыққа берілген ауыз судың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін әзірлейді және бекітуге ұсынады;

      13) тиісінше уәкілетті орган немесе облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізбелер бойынша ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асырады;

      14) коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органға ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын, оның ішінде оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде сумен жабдықтаудың аса маңызды жергілікті жүйелерінің тізбесін бекіту туралы ақпаратты ұсынады;

      15) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін жерлеудің үлгілік қағидаларына және қабірлерді күту жөніндегі істі ұйымдастыруға сәйкес, жерлеу және қабірлерді күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді;

      16) облыстың қалалары мен аудандарының жергілікті атқарушы органдарының аттракциондардың, балалар ойын алаңдарына арналған жабдықтардың қауіпсіз пайдаланылуын мемлекеттік бақылау жөніндегі қызметіне мониторингті жүзеге асырады;

      17) табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының (жобасының) орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізеді;

      18) өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;

      19) реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасына уәкілетті органмен бірлесіп өзгерістерді бекітеді және енгізеді;

      20) табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының іс-шараларын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытындыны инвестициялық бағдарламаны бекітуге өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға жібереді;

      21) табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөлімінде орналасқан табиғи монополия субъектісінің бекітілген инвестициялық бағдарламасының орындалуы туралы есепті қарау қорытындылары бойынша ол келіп түскен күннен бастап күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірмей уәкілетті органға бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындауды қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы өз қорытындысын белгіленген тәртіппен жолдайды;

      22) реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті теңгерімге және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарын уәкілетті органмен келісім бойынша бекітеді;

      23) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидалары негізінде әзірленген қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын әзірлейді және мәслихатқа бекітуге ұсынады;

      24) өсімдік әлемін қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы уәкілетті орган бекітетін жасыл екпелерді жасаудың, күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидалары негізінде әзірленген жасыл екпелерді құру, күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын әзірлейді және мәслихатқа бекітуге ұсынады;

      25) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекітеді;

      26) елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша тұрғын үй инспекциясы жұмыстарына мониторингті жүзеге асырады;

      27) елді мекендердің шекаралары шегінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қадағалау субъектілеріне қатысты мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі тұрғын үй инспекциясы жұмыстарының мониторингті жүзеге асырады;

      28) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газының айналымын бақылауды жүзеге асырады;

      29) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тауар биржаларынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде бөлінген сұйытылған мұнай газының көлемін бөлуді жүзеге асырады;

      30) сұйытылған мұнай газының көлемін бөлу жөніндегі комиссияларды құрады;

      31) сұйытылған мұнай газының көлемін бөлу жөніндегі комиссия туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

      32) тоқсан сайын уәкілетті органға тиісті облыстың алдағы тоқсанға сұйытылған мұнай газына қажеттілігін айлар бойынша бөле отырып ұсынады;

      33) топтық резервуарлық қондырғылар иелерінің тізілімін интернет-ресурста жүргізеді және жариялайды;

      34) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын іске асыруға қатысады;

      35) уәкілетті органға облыс аумағында сұйытылған мұнай газын тұтыну болжамын ұсынады;

      36) облыс аумағында сұйытылған мұнай газын өткізу және тұтыну жөніндегі мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады;

      37) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қолданыстағы заңнаманың нормаларына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша мониторинг жүргізеді;

      38) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының, алқалы органдардың өкілеттіктері, мәртебесі (бар болса)

      15. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      16. Басқарманың бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      17. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      18. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) сенімхатсыз Басқарма атынан әрекет етеді;

      2) барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарма мүдделерін білдіреді, сот, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік (мемлекеттік емес) органдарда басқарма мүдделерін білдіруге сенімхаттар береді;

      3) шарттар жасасады;

      4) Басқарманың барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      5) заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      6) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;

      7) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, Басқарма қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шараларды қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      19. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Басқармаға бекітілген мүлік Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1. "Шығыс Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық басқармасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      2. "Өскемен жылу желілері" акционерлік қоғамы.

Об утверждении положения о государственном учреждении "Управление энергетики и жилищно-коммунального хозяйства Восточно-Казахстанской области"

Постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 22 января 2024 года № 23

      В соответствии с пунктом 2 статьи 40 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан, пунктом 2 статьи 27, пунктом 2 статьи 39 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 7) статьи 17, статьи 164 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе", Восточно-Казахстанский областной акимат ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить положение о государственном учреждении "Управление энергетики и жилищно-коммунального хозяйства Восточно-Казахстанской области" согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Управлению энергетики и жилищно-коммунального хозяйства Восточно-Казахстанской области обеспечить:

      1) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего постановления направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" для опубликования в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      2) принятие иных мер, вытекающих из настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области, курирующего вопросы энергетики и жилищно-коммунального хозяйства.

      Аким Восточно-Казахстанской области Е. Кошербаев

  Приложение к постановлению
Восточно-Казахстанского
областного акимата
от 22 января 2024 года № 23

Положение о государственном учреждении "Управление энергетики и жилищно-коммунального хозяйства Восточно-Казахстанской области"

Глава 1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление энергетики и жилищно-коммунального хозяйства" (далее – Управление) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в области энергетики и жилищно-коммунального хозяйства на территории области.

      2. Управление осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      3. Управление является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      4. Управление вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      5. Управление имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      6. Управление по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Управления и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      7. Структура и лимит штатной численности Управления утверждаются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      8. Местонахождение юридического лица: индекс 070004, Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область, город Усть-Каменогорск, улица Карла Либкнехта, 19.

      9. Настоящее Положение является учредительным документом Управления.

      10. Финансирование деятельности Управления осуществляется из республиканского и местного бюджета Восточно-Казахстанской области в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      11. Управлению запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями Управления.

      Если Управлению законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то полученные доходы направляются в государственный бюджет, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

Глава 2. Задачи и полномочия государственного органа

      12. Задачи:

      1) развитие энергетического комплекса и жилищно-коммунального хозяйства области;

      2) государственное регулирование и управление в сфере энергетики, жилищно-коммунального хозяйства, газоснабжения, водоснабжения и водоотведения;

      3) осуществление государственной политики по развитию в области энергетики и жилищно-коммунального хозяйства территории области;

      4) повышение качества коммунальных услуг, предоставляемых населению области в рамках реализации государственной политики

      13. Полномочия:

      1) права:

      запрашивать и получать от государственных органов, организаций, физических и юридических лиц необходимые документы, информацию и материалы, для осуществления возложенных на него функций в объеме, предусмотренном действующим законодательством Республики Казахстан;

      вносить предложения по созданию, реорганизации и ликвидации подведомственных организаций;

      осуществлять иные права и обязанности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан;

      2) обязанности:

      осуществлять функции в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      14. Функции:

      1) реализует государственную политику и осуществляет координацию в области электроэнергетики, энергосбережения и повышения энергоэффективности, в сфере жилищных отношений и жилищно-коммунального хозяйства, водоснабжения и водоотведения;

      2) обеспечивает включение мероприятий по энергосбережению и повышению энергоэффективности в программу развития соответствующей территории, заключает соглашения в области энергосбережения и повышения энергоэффективности, а также осуществляет информационную деятельность в области энергосбережения и повышения энергоэффективности;

      3) разрабатывают и утверждают дорожные карты по энергосбережению и повышению энергоэффективности со сроком реализации три года по согласованию с уполномоченным органом, а также осуществляют их реализацию;

      4) осуществляет субсидирование затрат энергопроизводящих организаций на приобретение топлива для бесперебойного проведения отопительного сезона в порядке, определяемом уполномоченным органом.

      5) осуществляет субсидирование затрат организаций водоснабжения и водоотведения, и организаций в сфере передачи и снабжения электрической энергии, производства, передачи и снабжения тепловой энергией на погашение и обслуживание займов международных финансовых организаций, привлеченных для реализации проектов по расширению, модернизации, реконструкции, обновлению, поддержанию существующих активов и созданию новых активов в населенных пунктах;

      6) согласовывает размещаемые на подведомственной территории проекты строительства объектов по использованию возобновляемых источников энергии для производства тепловой энергии, поставляемой в систему централизованного теплоснабжения;

      7) осуществляет контроль за эксплуатацией и техническим состоянием котельных, тепловых сетей и теплоиспользующих установок потребителей;

      8) осуществляет мониторинг за подготовкой и ремонтно-восстановительными работами по котельным, тепловым сетям и их функционированием в осенне-зимний период;

      9) принимает участие в расследовании технологических нарушений в работе котельных и тепловых сетей (магистральных, внутриквартальных);

      10) разрабатывает и представляет на утверждение в маслихат правила подготовки и проведения отопительного сезона;

      11) разрабатывает и утверждает перечень особо важных локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения;

      12) разрабатывает и представляет на утверждение в местные представительные органы областей размер платы за один кубический метр поданной питьевой воды населению из особо важных групповых и локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения, по перечням, утвержденным соответственно уполномоченным органом или местными исполнительными органами областей;

      13) реализует мероприятия по субсидированию стоимости услуг по подаче питьевой воды из особо важных групповых и локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения, по перечням, утвержденным соответственно уполномоченным органом или местными исполнительными органами областей;

      14) предоставляет в уполномоченный орган в области коммунального хозяйства информацию об утверждении перечня особо важных локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения, в том числе при внесении в него изменений и (или) дополнений;

      15) разрабатывает правила погребения и организации дела по уходу за могилами в соответствии с типовыми правилами погребения и организации дела по уходу за могилами, утверждаемыми центральным уполномоченным органом по государственному планированию;

      16) осуществляет мониторинг деятельности местных исполнительных органов городов и районов области по государственному контролю за безопасной эксплуатацией аттракционов, оборудования для детских игровых площадок;

      17) проводит анализ информации об исполнении инвестиционной программы (проекта) субъекта естественной монополии, включенного в местный раздел Государственного регистра субъектов естественных монополий;

      18) участвует в пределах своей компетенции в реализации государственной политики в сферах естественных монополий;

      19) утверждает и вносит совместно с уполномоченным органом изменения в инвестиционную программу субъекта естественной монополии, включенного в местный раздел Государственного регистра субъектов естественных монополий, за исключением субъектов естественных монополий, предоставляющих регулируемые услуги;

      20) направляет в уполномоченный орган заключение о целесообразности или нецелесообразности принятия мероприятий инвестиционной программы субъекта естественной монополии не позднее тридцати рабочих дней со дня представления заявления на утверждение инвестиционной программы;

      21) по итогам рассмотрения отчета об исполнении утвержденной инвестиционной программы субъекта естественной монополии, находящегося в местном разделе Государственного регистра субъектов естественных монополий, не позднее сорока пяти календарных дней со дня его поступления направляет в уполномоченный орган в установленном порядке свое заключение о целесообразности или нецелесообразности принятия исполнения мероприятий утвержденной инвестиционной программы;

      22) утверждает по согласованию с уполномоченным органом план передачи на баланс и (или) в доверительное управление имущества, используемого в технологическом цикле при предоставлении регулируемых услуг;

      23) разрабатывает и представляет на утверждение в маслихат правила благоустройства территорий городов и населенных пунктов, разработанные на основании типовых правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов, утверждаемых уполномоченным органом по делам архитектуры, градостроительства и строительства;

      24) разрабатывает и представляет в маслихат на утверждение правила создания, содержания и защиты зеленых насаждений, разработанные на основании типовых правил создания, содержания и защиты зеленых насаждений, утверждаемых уполномоченным органом в области охраны, защиты, восстановления и использования растительного мира;

      25) утверждает нормы потребления коммунальных услуг по газоснабжению, электроснабжению, водоснабжению, водоотведению и теплоснабжению для потребителей, не имеющих приборов учета;

      26) осуществляет мониторинг работ жилищной инспекции по осуществлению государственного контроля в отношении субъектов контроля в пределах границ населенных пунктов на объектах социальной инфраструктуры в сферах управления жилищным фондом, газа и газоснабжения;

      27) осуществляет мониторинг работ жилищной инспекции по осуществлению государственного надзора в отношении субъектов надзора в пределах границ населенных пунктов на объектах социальной инфраструктуры в области промышленной безопасности за соблюдением требований безопасной эксплуатации опасных технических устройств;

      28) в пределах своей компетенции осуществляет контроль за оборотом сжиженного нефтяного газа, реализуемого в рамках плана поставки сжиженного нефтяного газа на внутренний рынок Республики Казахстан;

      29) осуществляет в порядке, определяемом уполномоченным органом, распределение объемов сжиженного нефтяного газа, выделенных в рамках плана поставки вне товарных бирж;

      30) создает комиссии по распределению объемов сжиженного нефтяного газа;

      31) разрабатывает и утверждает положение о комиссии по распределению объемов сжиженного нефтяного газа;

      32) ежеквартально предоставляет в уполномоченный орган потребность соответствующей области в сжиженном нефтяном газе на предстоящий квартал с разбивкой по месяцам;

      33) ведет и публикует на интернет-ресурсе реестр владельцев групповых резервуарных установок;

      34) участвует в реализации генеральной схемы газификации Республики Казахстан;

      35) представляет в уполномоченный орган прогноз потребления сжиженного нефтяного газа на территории области;

      36) представляет в уполномоченный орган сведения по реализации и потреблению сжиженного нефтяного газа на территории области;

      37) проводит мониторинг по обеспечению жильем граждан, нуждающихся в жилье из государственного жилищного фонда согласно нормам действующего законодательства в сфере жилищно-коммунального хозяйства;

      38) осуществляет иные функции, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

Глава 3. Статус, полномочия первого руководителя государственного органа, коллегиальных органов (при наличии)

      15. Руководство Управлением осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Управление задач и осуществление им своих полномочий.

      16. Первый руководитель Управления назначается на должность и освобождается от должности акимом Восточно-Казахстанской области в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      17. Первый руководитель Управления имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      18. Полномочия первого руководителя Управления:

      1) без доверенности действует от имени Управления;

      2) представляет интересы Управления во всех государственных органах и иных организациях, выдает доверенности на представление интересов Управления в судебных, правоохранительных и иных государственных (негосударственных) органах;

      3) заключает договоры;

      4) издает приказы и дает указания обязательные для всех работников Управления;

      5) в соответствии с законодательством назначает на должности и освобождает от должностей работников Управления;

      6) в установленном законодательством порядке поощряет и налагает дисциплинарные взыскания на работников Управления;

      7) утверждает положения о структурных подразделениях Управления, должностные инструкции работников Управления;

      8) принимает необходимые меры по противодействию коррупции и несет за это персональную ответственность;

      9) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Исполнение полномочий первого руководителя Управления в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

      19. Первый руководитель определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством.

Глава 4. Имущество государственного органа

      20. Управление может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество Управления формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      21. Имущество, закрепленное за Управлением, относится к коммунальной собственности Восточно-Казахстанской области.

      22. Управление не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

Глава 5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      23. Реорганизация и упразднение Управления осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

Перечень организаций, находящиеся в ведении Управления

      1. Товарищество с ограниченной ответственностью "Жилищно-коммунальное управление Восточно-Казахстанской области";

      2. Акционерное общество "Усть-Каменогорские тепловые сети".