Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 7) тармақшасына, 164-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Ішкі саясат басқармасы:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. "Шығыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 17 қаулысының күші жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау ішкі саясат мәселелеріне жетекшілік ететін облыс әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Е. Көшербаев |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы "21" маусымдағы № 160 қаулысына қосымша |
"Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі
1 тарау. Жалпы ережелер
1. "Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Шығыс Қазақстан облысы аумағында ақпарат, ішкі саясат және мемлекеттік жастар саясаты саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, символдары мен ерекшелік белгілері (олар болған жағдайда), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі мен қазақ тілінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарманың бірінші басшысының бұйрықтарымен ресімделетін және Қазақстан Республикасының заңнамаларымен көзделген өзге де актілермен шешімдер қабылдайды.
7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40.
9. Осы Ереже Басқарманың құрылтайшылық құжаты болып табылады.
10. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады, егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
12. Міндеттері:
1) бұқаралық ақпарат құралдары мен телерадио хабар тарату саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
2) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, ішкі саяси тұрақтылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, волонтерлік қызмет, қоғамдық кеңестердің қызметі, этносаралық қарым-қатынас салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
3) мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
4) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және қызметі бойынша жоғарлату кезінде гендерлік теңгерімді сақтау;
5) Басқарма құзыреттілігіне жататын қызмет салаларындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
6) облыстағы қоғамдық-саяси ахуалға мониторинг жүргізу;
7) Басқармаға жүктелген өзге де міндеттер.
13. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттар мен материалдар сұрау және алу;
Басқарманың ведомстволық ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату бойынша ұсыныстар енгізу;
аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерін, салалық және жергілікті кәсіподақтарды тарату туралы талаптармен сот органдарына жүгіну;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз функцияларын орындау үшін өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
консультациялар алу, арнайы білім мен дағдыларды талап ететін мәселелерді зерттеу үшін консультанттарды (тәуелсіз сарапшыларды) тарту;
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге де іс-шаралар өткізу;
Басқарма қызметінің бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдарды (жұмыс топтары, комиссиялар, кеңестер) құру жөнінде ұсыныстар енгізу;
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес өз қызметін жүзеге асыру.
14. Функциялары:
1) ақпарат, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, мемлекеттік жастар саясаты, қоғамдық сананы жаңғырту, волонтерлік қызмет, ішкі саяси тұрақтылық пен этносаралық келісімді қамтамасыз ету, отбасылық және гендерлік саясат салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру,
2) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру;
3) халық өмірінің өзекті мәселелері бойынша, әсіресе проблемалық салаларда әлеуметтік зерттеулер жүргізуді үйлестіру;
4) шешуді қажет ететін проблемалық жағдайлар туралы облыс басшылығын хабардар ету;
5) Әлеуметтік тәуекелдер картасын қалыптастыру және өзектендіру;
6) Саяси құғын-сүргін құрбандарын толық реабилитациялау жөніндегі өңірлік комиссияның жұмыс тобының қызметін ұйымдастыру;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және оның жүзеге асырылуын бақылау;
8) облыстық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша белгіленген тәртіппен мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және жүзеге асырылуын бақылау;
9) өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтер құнын анықтау әдістемесін дайындау;
10) жастар ресурстық орталықтарын құру туралы ұсыныс енгізу, олардың қызметін қамтамасыз ету және үйлестіру;
11) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру; 12) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі қызметті әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
13) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру;
14) мемлекеттік жастар саясатын іске асырудағы үрдістерді талдауды және болжауды жүзеге асыру;
15) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимыл және ынтымақтастықты жүзеге асыру;
16) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске асыру;
17) жастардың волонтерлік қызметін және жастардың өзін өзі басқаруын дамытуға қолдау көрсету;
18) өңірлік жастар форумын өткізуді қамтамасыз ету;
19) жастар еңбек жасақтарын құру, ұйымдастыру, қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың қызметіне мониторинг жүргізу;
20) жастарды дамыту индексін іске асыру жөніндегі іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ету;
21) қазақстандық патриотизмді, конфессияаралық келісім мен этносаралық толеранттықты нығайту бойынша шаралар қабылдау;
22) өзекті проблемаларды анықтау және шешу үшін жастардың қажеттіліктеріне мониторинг және бағалау жүргізуді қамтамасыз ету, мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру;
23) волонтерлік қызмет саласында жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл;
24) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру;
25) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің қызметін ұйымдастыру;
26) оператор арқылы өз құзыреті шегінде мемлекеттік гранттар беру және мемлекеттік гранттарды іске асыру нәтижелері туралы оператордың есебін қарау;
27) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, ұсыну, олардың тиімділігіне мониторинг жүргізу және бағалау қағидаларына сәйкес азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;
28) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестердің қарауына мемлекеттік гранттар бағыттарының тізбесін шығару;
29) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестердің ұсынымдары негізінде қаржыландыру бағыттары мен көлемі бойынша мемлекеттік гранттар қалыптастыру;
30) Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, қоғамдық ұйымдармен, коммерциялық емес ұйымдармен, кәсіподақтармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл;
31) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсету;
32) Шығыс Қазақстан облысы аумағында қызметін жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер жинауды, жалпылауды және уәкілетті органға ұсынуды жүзеге асыру;
33) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;
34) жоспарланып отырған және іске асырылып жатқан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерінің бағаларын Басқарманың интернет-ресурсына орналастыру;
35) мемлекеттік тапсырысты іске асыру бойынша уәкілетті органға ақпарат ұсыну;
36) Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша қоғамдық кеңестермен өзара іс-қимыл;
37) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;
38) Шығыс Қазақстан облысында этносаралық келісімді зерттеуді және талдауды жүргізу;
39) этносаралық келісім мен толеранттықты нығайту бойынша этномәдени бірлестіктермен және өзге де қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты жүзеге асыру;
40) этномәдени қоғамдық бірлестіктерге әдістемелік, ұйымдастырушылық және құқықтық көмек көрсету;
41) Шығыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету;
42) құқықтық саясат тұжырымдамасын, құқықтық түсіндіру жұмысы жөніндегі іс-шаралар жоспарларын іске асыруды қамтамасыз ету;
43) облыстың қалалары мен аудандарында көрнекі ақпараттық құралдарын орнатуды үйлестіру;
44) облыстық оқиғалар қатарын, күнтізбелік іс-шаралар жоспарын қалыптастыру;
45) саяси, қоғамдық маңызы бар іс-шараларды; ұлттық, мемлекеттік, кәсіби мерекелерге, атаулы күндерге арналған іс-шаралар өткізілуін үйлестіру;
46) Басқарма реттейтін салаларда мемлекеттік органдар қызметін үйлестіру және әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
47) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша консультативтік-кеңестік органдар қызметін қамтамасыз ету;
48) облыстық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру;
49) ведомстволық ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыру;
50) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын әлеуметтік-желі арқылы берілген петицияларды қарау;
51) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
52) мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және алға бастыру бойынша ақпараттық-насихаттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
53) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
54) қоғамдық сананы жаңғырту саласында мемлекеттік саясатты үйлестіру;
55) Шығыс Қазақстан облысы аумағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің пайдаланылуын (орнатылуын, орналастырылуын) бақылауды жүзеге асыру;
56) облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың (Басқармаға ведомстволық бағынысты) даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді қарау, келісу және бекіту;
57) облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың (Басқармаға ведомстволық бағынысты) мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асыру;
58) Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
15. Басқармаға басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіліктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
16. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
17. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымдарынан босатылатын орынбасарлары болады.
18. Бірінші басшының өкілеттігі:
1) Басқарма реттейтін салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделгендер шегінде салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;
3) заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін, сондай-ақ Басқарма қарамағындағы ұйымдардың басшыларын (олардың орынбасарларын және бас бухгалтерді) лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
4) заңнамамен белгіленген тәртіпте Басқарма қызметкерлерін, сондай-ақ Басқарма қарамағындағы ұйымдардың басшыларын (олардың орынбасарларын және бас бухгалтерді) ынталандырады және тәртіптік жазаға тартады;
5) Басқарманың актілеріне қол қояды;
6) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарма атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;
8) ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттеріне және кәсіптік дайындықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке теңдей қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
9) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және бұл үшін дербес жауапты болады;
10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
19. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес анықтайды.
4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
20. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкінің болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алған (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасы заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Басқармаға бекітілген мүлік Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарма қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
1. "ALTAI-NEWS" медиа-орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
2. Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының "Шығыс Қазақстан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
4. Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының "Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.