"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 22) тармақшасына, 39-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 6) және 7) тармақшаларына сәйкес және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 424 Жарлығын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімі) және Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімі) құрылсын.
2. Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімі қызметінің мәні – Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданының аумағында білім беру саласында басшылықты жүзеге асыру және Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімі қызметінің мәні – Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының аумағында білім беру саласында Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыреттері шегінде басшылықты жүзеге асыру болып белгіленсін.
3. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің ережесі және 2-қосымшаға сәйкес Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің ережесі бекітілсін.
4. "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымын бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 25 қаңтардағы № 13 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
5. "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 173 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
6. "Мемлекеттік мекемелердің мүліктік кешендерін облыс аудандарының (қалаларының) коммуналдық меншігінен облыстық коммуналдық меншікке қабылдау туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 496 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
11-қосымшаға сәйкес көрсетілген қаулымен бекітілген Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
13-қосымшаға сәйкес көрсетілген қаулымен бекітілген Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Күршім ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
7. Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
8. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
9. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы "15" шілдедегі № 180 қаулысына 1-қосымша |
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімі) Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданының аумағында білім беру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады және өз қызметінде "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне есеп береді және бақылауында болады.
2. Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекеме нысанындағы ұйымдық-құқықтық заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Үлкен Нарын ауданы, Үлкен Нарын ауылы, Шулятиков көшесі, ғимарат 66, пошта индексі 070900.
9. Осы Ереже Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
10. Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
11. Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөліміне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
12. Міндеттері:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсібилігін арттыруға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, дербес тұлға ретінде дамыту үшін жағдай жасау арқылы зияткерлікті байыту;
3) азаматтыққа және патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
4) әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ және республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік, орыс, шет тілдерін меңгеру;
5) білім беру ұйымдарының автономдылығын, дербестігін кеңейту, білім беруді басқаруды демократияландыру;
6) білім беруді ақпараттандыру негізінде оқытудың жаңа технологияларын енгізу, халықаралық жаһандық коммуникациялық желілерге шығу;
7) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;
8) қоғам мен экономиканың қажеттіліктеріне жауап беретін білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
13. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
білім беру ұйымдарының қызметкерлерін мекеменің құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға тарту, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;
білім беру ұйымдарын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
өз құзыреті шегінде мекеменің қызмет саласына қатысты тапсырмалар беру, олардың орындалуын бақылау, ауданда өткізілетін іс-шараларға қатысу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
2) міндеттері:
заңды және негізделген шешімдер қабылдау;
қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жеке және заңды тұлғалардан өтініштер қабылдау және қарау, олардың орындалуын бақылау;
жеке және заңды тұлғаларды және олардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру;
мемлекеттік органның қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіретін әрекеттерге (әрекетсіздікке) және актілерді қабылдауға жол бермеу;
жұмыс барысында алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңнаманың талаптарын сақтау;
қарамағында білім беру саласының мәселелері бар білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету;
қызметін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған басқа да міндеттерді орындау.
14. Функциялары:
1) Үлкен Нарын ауданының аумағында білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен конкурстық негізде мемлекеттік білім беру ұйымдарының (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, қосымша білім беру) басшыларын тағайындайды және қызметтен босатады;
3) мемлекеттік білім беру ұйымдарында кешкі (ауысымдық) оқыту нысанын қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы берілетін жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;
4) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады;
5) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының қажеттілігін, ата-ана төлемақысының мөлшерін айқындайды;
6) облыстың білім басқармасы арқылы облыстың жергілікті атқарушы органына бекітуге мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін енгізеді;
7) облыстың білім басқармасы арқылы орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын облыстың жергілікті атқарушы органына бекітуге енгізеді;
8) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;
9) мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;
10) тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
11) аудандық деңгейде жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
12) оқу-өндірістік комбинаттардың қызметін қамтамасыз етеді;
13) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастыруға жәрдемдеседі;
14) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді қамтамасыз етеді (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда);
15) орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;
16) аудандық ауқымдағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және мемлекеттік білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының жиынтық көлемінің кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;
17) Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
18) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Үлкен Нарын ауданы бойынша білім беру ұйымдарының педагогтары мен басшы қызметкерлерін аттестаттауды ұйымдастырады;
19) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлау және қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі жоспарды қалыптастырады;
20) мектепке дейінгі ұйымдарды және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
21) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етеді;
22) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
23) тиісті кентте, ауылда, ауылдық округте мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды таяудағы мектепке дейін және кейін қарай тегін тасымалдауды ұйымдастырады;
24) Үлкен Нарын ауданы бойынша мемлекеттік білім беру ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
25) Үлкен Нарын ауданында орналасқан білім беру ұйымдарының психологиялық қызметінің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді;
26) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;
27) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсетеді;
28) білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
29) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
30) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарына, отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
31) білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасайды;
32) ауданның білім беру ұйымдары қызметкерлеріне еңбекақы ақы төлеу жүйесі жөніндегі мәселелерді үйлестіреді;
33) білім бөлімінің құрылымын облыстың білім басқармасына бекітуге және келісуге енгізеді;
34) тарификациялық тізімдерді, штат кестесін, мемлекеттік білім беру ұйымдарының жұмыс оқу жоспарларын (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, қосымша білім беру), сондай-ақ орта білім беру ұйымдарының жинақ-сыныптар санын Үлкен Нарын ауданы бойынша қажеттілікке қарай келіседі;
35) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тәртіптік жауаптылыққа тартады;
36) осы Ережемен жүктелген функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету үшін бюджеттік өтінімді сапалы жасауды және облыстың білім басқармасына ұсынуды қамтамасыз етеді және жауапты болады;
37) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган айқындаған интернет-ресурс арқылы берілген білім беру саласындағы петицияларды қарайды;
38) білім беру саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
15. Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөліміне басшылықты Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады;
16. Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады;
17. Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен белгіленетін құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін шешеді;
2) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңестер шақырады;
3) мекеме қызметкерлерінің өкілеттіктерін айқындайды;
4) барлық ұйымдарда мекеменің мүддесін білдіреді;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;
6) заңнамада көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Үлкен Нарын ауданы бойынша білім беру бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
18. Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
19. Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөліміне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
20. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
21. Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің қарамағындағы ұйымдардың тізімі:
1) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің "Алтынбел орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Үлкен Нарын ауданы ауданы бойынша білім бөлімінің "Көктерек орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің "Көкбастау орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің "Үштөбе негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің "Үлкен Нарын орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің "Солоновка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің "Солдатово орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Үлкен Нарын ауданы ауданы бойынша білім бөлімінің "Сенное негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің "Ново-Хайрузовка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
10) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің "Новополяковка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
11) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің "Малонарым орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
12) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің "Майемер орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
13) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің "Үлкен Нарын ауылдық лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
14) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің "Жұлдыз негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
15) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің "Қ. Дамитов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
16) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің "Балғын негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
17) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Үлкен Нарын ауданы ауданы бойынша білім бөлімінің "Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған "Күншуақ" балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
18) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің "Балбөбек" бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
19) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің "Шығармашылық үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
20) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Үлкен Нарын ауданы ауданы бойынша білім бөлімінің "Балалар музыка мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
21) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің Алтынбел ауылындағы "Балдырған" бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
22) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Үлкен Нарын ауданы ауданы бойынша білім бөлімінің "Балауса" балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
23) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің "Малонарым ауылындағы бөбекжай" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
24) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімінің "Болашақ" бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы "15" шілдедегі № 180 қаулысына 2-қосымша |
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімі) Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының аумағында білім беру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады және өз қызметінде "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне есеп береді және бақылауында болады.
2. Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекеме нысанындағы ұйымдық-құқықтық заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданы, Марқакөл ауылы, А. Крахмаль көшесі, ғимарат 53, пошта индексі 071215.
9. Осы Ереже Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
10. Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
11. Марқакөл ауданы бойынша білім бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Марқакөл ауданы бойынша білім бөліміне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
12. Міндеттері:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсібилігін арттыруға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, дербес тұлға ретінде дамыту үшін жағдай жасау арқылы зияткерлікті байыту;
3) азаматтыққа және патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
4) әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ және республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік, орыс, шет тілдерін меңгеру;
5) білім беру ұйымдарының автономдылығын, дербестігін кеңейту, білім беруді басқаруды демократияландыру;
6) білім беруді ақпараттандыру негізінде оқытудың жаңа технологияларын енгізу, халықаралық жаһандық коммуникациялық желілерге шығу;
7) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;
8) қоғам мен экономиканың қажеттіліктеріне жауап беретін білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
13. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
білім беру ұйымдарының қызметкерлерін мекеменің құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға тарту, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;
білім беру ұйымдарын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
өз құзыреті шегінде мекеменің қызмет саласына қатысты тапсырмалар беру, олардың орындалуын бақылау, ауданда өткізілетін іс-шараларға қатысу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
2) міндеттері:
заңды және негізделген шешімдер қабылдау;
қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жеке және заңды тұлғалардан өтініштер қабылдау және қарау, олардың орындалуын бақылау;
жеке және заңды тұлғаларды және олардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру;
мемлекеттік органның қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіретін әрекеттерге (әрекетсіздікке) және актілерді қабылдауға жол бермеу;
жұмыс барысында алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңнаманың талаптарын сақтау;
қарамағында білім беру саласының мәселелері бар білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету;
қызметін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған басқа да міндеттерді орындау.
14. Функциялары:
1) Марқакөл ауданының аумағында білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен конкурстық негізде мемлекеттік білім беру ұйымдарының (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, қосымша білім беру) басшыларын тағайындайды және қызметтен босатады;
3) мемлекеттік білім беру ұйымдарында кешкі (ауысымдық) оқыту нысанын қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы берілетін жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;
4) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады;
5) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының қажеттілігін, ата-ана төлемақысының мөлшерін айқындайды;;
6) облыстың білім басқармасы арқылы облыстың жергілікті атқарушы органына бекітуге мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін енгізеді;
7) облыстың білім басқармасы арқылы орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын облыстың жергілікті атқарушы органына бекітуге енгізеді;
8) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;
9) мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;
10) тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
11) аудандық деңгейде жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
12) оқу-өндірістік комбинаттардың қызметін қамтамасыз етеді;
13) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастыруға жәрдемдеседі;
14) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді қамтамасыз етеді (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда);
15) орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;
16) аудандық ауқымдағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және мемлекеттік білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының жиынтық көлемінің кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;
17) Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
18) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Марқакөл ауданы бойынша білім беру ұйымдарының педагогтары мен басшы қызметкерлерін аттестаттауды ұйымдастырады;
19) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлау және қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі жоспарды қалыптастырады;
20) мектепке дейінгі ұйымдарды және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
21) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етеді;
22) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
23) тиісті кентте, ауылда, ауылдық округте мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды таяудағы мектепке дейін және кейін қарай тегін тасымалдауды ұйымдастырады;
24) Марқакөл ауданы бойынша мемлекеттік білім беру ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
25) Марқакөл ауданында орналасқан білім беру ұйымдарының психологиялық қызметінің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді;
26) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;
27) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсетеді;
28) білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
29) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
30) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарына, отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
31) білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасайды;
32) ауданның білім беру ұйымдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі жөніндегі мәселелерді үйлестіреді;
33) білім бөлімінің құрылымын облыстың білім басқармасына бекітуге және келісуге енгізеді;
34) тарификациялық тізімдерді, штат кестесін, мемлекеттік білім беру ұйымдарының жұмыс оқу жоспарларын (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, қосымша білім беру), сондай-ақ орта білім беру ұйымдарының жинақ-сыныптар санын Марқакөл ауданы бойынша қажеттілікке қарай келіседі;
35) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тәртіптік жауаптылыққа тартады;
36) осы Ережемен жүктелген функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету үшін бюджеттік өтінімді сапалы жасауды және облыстың білім басқармасына ұсынуды қамтамасыз етеді және жауапты болады;
37) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган айқындаған интернет-ресурс арқылы берілген білім беру саласындағы петицияларды қарайды;
38) білім беру саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
15. Марқакөл ауданы бойынша білім бөліміне басшылықты Марқакөл ауданы бойынша білім бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады;
16. Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады;
17. Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен белгіленетін құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін шешеді;
2) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңестер шақырады;
3) мекеме қызметкерлерінің өкілеттіктерін айқындайды;
4) барлық ұйымдарда мекеменің мүддесін білдіреді;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;
6) заңнамада көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Марқакөл ауданы бойынша білім беру бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
18. Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
19. Марқакөл ауданы бойынша білім бөліміне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
20. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
21. Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің қарамағындағы ұйымдардың тізімі:
1) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Ақбұлақ негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Құмаш Нұрғалиев атындағы гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Қалжыр орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Қарой негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 1 Марқакөл орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Төсқайың орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Ақжайлау негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Жаңаауыл негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Жиделі бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
10) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Игілік негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
11) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Қазақстан негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
12) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Қайнарлы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
13) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Қарашілік негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
14) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Тақыр негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
15) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Урунхай негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
16) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Шанағаты бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
17) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Жақыпбек Малдыбаев атындағы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
18) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Оң жақ Қалжыр бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
19) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Марқакөл балалар саз мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
20) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің "Марқакөл ауылының балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы "15" шілдедегі № 180 қаулысына 3-қосымша |
|
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы "25" қаңтардағы № 13 қаулысына қосымша |
"Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы
Басшы
Басшының орынбасары
Басшының орынбасары
Басшының орынбасары
Ұйымдастыру жұмысы және адам ресурстарын басқару бөлімі
Мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру бөлімі
Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі
Тұлғаны адамгершілік-рухани дамыту, тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімі
Қорғаншылық, қамқоршылық және арнайы білім беру бөлімі
Бюджеттік жоспарлау және материалдық-техникалық дамыту бөлімі
Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Алтай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Глубокое ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Зайсан ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Күршім ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Риддер қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Самар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы "15" шілдедегі № 180 қаулысына 4-қосымша |
|
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы "13" маусымдағы № 175 қаулысына қосымша |
"Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Білім басқармасы) Шығыс Қазақстан облысының аумағында мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, арнайы және мамандандырылған білім беру жүйесінде білім беру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Білім басқармасында аудандарда, қалаларда орналасқан есеп беретін және оның бақылауындағы білім бөлімдері болады.
3. Білім басқармасы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Білім басқармасы мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарына шоттары бар.
5. Білім басқармасы азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Білім басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Білім басқармасы өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Білім басқармасы басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Білім басқармасының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 59/1, пошта индексі 070004.
10. Осы ереже Білім басқармасының құрылтай құжаты болып табылады.
11. Білім басқармасының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Білім басқармасына кәсіпкерлік субъектілерімен Білім басқармасының өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Білім басқармасына заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
1) білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсібилігін арттыруға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
3) тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, дербес тұлға ретінде дамыту үшін жағдай жасау жолымен зияткерлікті байыту;
4) азаматтыққа және патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
5) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;
6) білім алушылардың кәсіби бағдарлануын қамтамасыз ету;
7) ұйымдастырушылық-әдістемелік сүйемелдеуді, білім беру процесінің нәтижелілігін талдау мен бағалауды, инновациялық педагогикалық тәжірибені жалпылау мен таратуды қамтамасыз ету;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген балалардың конституциялық және өзге де құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруды қамтамасыз ету;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті деңгейде балалардың барлық санаттарының құқықтарын іске асыруға байланысты шаралар кешенін жүзеге асыру бойынша ведомствоаралық ынтымақтастықты үйлестіру;
10) балалардың әлеуметтік әл-ауқатын, рухани және адамгершілік дамуын талдау және болжау, өңірдегі балалардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлеу;
11) баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарды мемлекеттік қолдау;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер болып табылады.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімінің шешімдерінің, өкімдерінің, облыс әкімдігінің қаулыларының жобаларын дайындауға қатысу;
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және жеке тұлғалардан қажетті ақпарат пен құжаттарды сұрату және алу;
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізу;
облыстың атқарушы органдарының құрылымын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыстың атқарушы органдарының, аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдарының жұмысына талдау жүргізу;
өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтар.
2) міндеттері:
заңды және негізделген шешімдер қабылдау;
қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және қарау, олардың орындалуын бақылау;
жеке және заңды тұлғаларды және олардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру;
мемлекеттік органның қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіретін әрекеттерге (әрекетсіздікке) және актілерді қабылдауға жол бермеу;
жұмыс барысында алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңнаманың талаптарын сақтау;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді іске асыру;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындау.
15. Функциялары:
1) тиісті облыс аумағында білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) жергілікті атқарушы органмен және білім беру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдерінің бірінші басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
3) Қазақстан Республикасы заңнамасында, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ведомстволық бағынысты мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
4) облыс аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдерін әкімшілендіру және қаржыландыру функцияларын орындайды;
5) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді қамтамасыз етеді;
6) балаларды арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз етеді;
7) мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларды оқытуды қамтамасыз етеді;
8) облыс аумағында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, сондай-ақ қосымша білім беруді ұйымдастырады және оған жауапты болады;
9) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және негізгі орта, жалпы білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады.
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, облыстың жергілікті атқарушы органдарына білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдерінің ұсынуы бойынша мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізеді;
11) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдерінің ұсынуы бойынша қолданыстағы заңнаманың талаптарын ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшерін, сондай-ақ ата-ананың ақы төлеу мөлшерін облыстың жергілікті атқарушы органына бекітуіне енгізеді;
12) мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшерін облыстың жергілікті атқарушы органына бекітуге енгізеді;
13) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының мөлшерін облыстың жергілікті атқарушы органына бекітуге енгізеді;
14) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын облыстың жергілікті атқарушы органдарының бекітуіне енгізеді;
15) мүдделі ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады;
16) білім алушылардың ұлттық біріңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
17) облыстың білім беру саласындағы кадр саясатын іске асырады, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен білім беру ұйымдарының басшыларын тағайындау үшін педагогтарды аттестаттауды, тестілеуді өткізеді және ұйымдастырады;
18) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
19) жыл сайын 1 тамызға дейін мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі, орта, жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін білім беру органдары оқу жылына болжайтын көлемде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз етеді;
20) орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарының жалпы білім беретін пәндері бойынша облыстық мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ балалар мен педагогтар арасында олимпиадалар мен конкурстар өткізуді ұйымдастырады;
21) облыстық деңгейлерде жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
22) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауды және қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
23) балалар мен жасөспірімдердің зерттеп-қарауды және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді үйлестіреді және қамтамасыз етеді;
24) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді;
25) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін жетім балаларды, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
26) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім білім беру ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі;
27) берілген өтінімдерге сәйкес кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, ауылдық жердің кадрлар қажетсінуі туралы өтінімді білім беру саласындағы уәкілетті органдарға жыл сайын 15-ші сәуірге дейін ұсынады;
28) облыс мәслихатына білім алушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы жергілікті атқарушы орган арқылы ұсыныс енгізеді;
29) білім беру мониторингін жүзеге асырады;
30) жыл сайын белгіленген мерзімдерде білім саласындағы уәкілетті органның ақпараттандыру объектілерінде статистикалық байқаулар деректерін жинауды қамтамасыз етеді;
31) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының және өмірлік қиын жағдайда балаларды қолдау орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
32) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасайды;
33) облыс білім басқармасына ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсетеді;
34) облыс білім басқармасына ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын тамақтандыруды ұйымдастырады;
35) ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының тарификациялық тізімдерін, штат кестесін, жұмыс оқу жоспарларын, сондай-ақ сынып-жинақтардың, олардағы топтардың санын келіседі;
36) облыстың мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жүзеге асырады;
37) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыстың білім басқармасына ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
38) конкурстардың өткізілуін қамтамасыз етеді, конкурс жеңімпаздарына – мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын төлеуді ұйымдастырады;
39) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;
40) облыстық әдістемелік кабинеттің (орталықтың) материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
41) орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекітеді;
42) білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын бекітеді;
43) дуальды оқыту бойынша білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
44) конкурстардың өткізілуін қамтамасыз етеді, конкурс жеңімпаздарына – мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін үздік ұйым" грантын төлеуді ұйымдастырады;
45) облыстың білім беру ұйымдарында ерекше білім беруіне қажеттілігі бар тұлғалардың (балалардың) білім алу үшін арнайы жағдайлар жасайды;
46) білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетеді және үйлестіреді;
47) облыстың коммуналдық қазыналық білім беру кәсіпорындары өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларын бекітеді;
48) облыстың жергілікті атқарушы органына мемлекеттік қызметшілердің, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім бөлімдерінің штат санын бекіту туралы ұсыныстар енгізеді;
49) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдерінің жекелеген лауазымдарын (азаматтық қызметшілерін): басшының орынбасарын, бас бухгалтерді және әдістемелік кабинет меңгерушісін тағайындауды келіседі;
50) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың білім бөлімі басшысының ұсынысы бойынша ауданның, облыстық маңызы бар қаланың білім бөлімінің құрылымын келіседі;
51) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдерінің бірінші басшыларын және ведомстволық бағынысты мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тартады;
52) ерекшеленген білім беру қызметкерлерін көтермелейді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік және ведомстволық наградалармен, жергілікті атқарушы органның ерекшелік белгілерімен марапаттауға, құрметті атақтар беруге кандидатураларды ұсынады;
53) кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның жұмыс органы болып табылады. Жергілікті атқарушы органдарға кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның дербес құрамының жергілікті өкілді органына бекітуге ұсыну үшін ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады және оның жұмысын ұйымдастырады;
54) қиын өмірлік жағдайдағы кәмелетке толмағандар мен тұрмысы нашар отбасылардың өңірлік есебін жүргізеді;
55) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын интернет-ресурс арқылы берілген білім беру саласындағы петицияларды қарайды;
56) білім беру саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін және оларға қайшы келмейтін өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Білім басқармасына басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады, ол Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Білім басқармасының бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Білім басқармасының бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
19. Білім басқармасының бірінші басшысының өкілеттері:
1) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
2) Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;
3) Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
4) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарма мүддесін білдіреді;
5) шарттар жасасады;
6) сенімхаттар береді;
7) Басқарма бөлімдерінің ережелерін бекітеді;
8) өз құзыреті шегінде Басқарманың мекемелері мен ұйымдарының, оның ішінде білім бөлімдерінің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың лауазымды адамдарын және өзге де қызметкерлерін, сондай-ақ Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың басшыларын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысы тағайындайтын Басқарма қызметкерлеріне және өзге де қызметкерлерге көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;
11) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;
12) ерлер мен әйелдердің тәжірбиесіне, қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызметке теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
13) Басқарманның жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
14) облыс әкімінің және әкімдігінің тапсырмалары мен актілерін орындайды;
15) құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
16) қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
17) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Білім басқармасының бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
20. Білім басқармасының бірінші басшысы өз орынбасарларының және өзге де қызметкерлерінің өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. Білім басқармасының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Білім басқармасының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Білім басқармасына бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Білім басқармасы өзіне бектілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. Білім басқармасын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады
Білім басқармасының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Örken" Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы "Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік "Дарын" орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
3) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өңірлік психологиялық қолдау және көмек орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4) "Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өскемен жоғары политехникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
6) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
7) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы "Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
8) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өскемен көпсалалы технология колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өскемен құрылыс колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
10) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
11) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 1 Өскемен колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
12) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Риддер колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
13) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Глубокое аграрлық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
14) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Глубокое техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
15) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Зайсан технология колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
16) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Алтай қаласының технология колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
17) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Серебрянск технология колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
18) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Алтай ауданының ауылшаруашылығы колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
19) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Самар аграрлық- техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
20) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Марқакөл ауылының мектеп-интернат-колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
21) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Үлкен Нарын колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
22) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны;
23) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Шемонаиха колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
24) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "№1 Шемонаиха колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
25) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
26) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
27) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
28) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
29) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
30) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
31) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 1 арнайы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
32) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 2 арнайы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
33) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Арнайы мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
34) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 7 арнайы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
35) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 8 арнайы мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
36) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Ақ Ниет мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
37) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
38) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Алтай қаласындағы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
39) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Шемонаиха қаласындағы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
40) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
41) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
42) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Глубокое ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
43) Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы "Зайсан ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
44) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Үлкен Нарын ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
45) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Күршім ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
46) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Риддер қаласының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
47) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Тарбағатай ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
48) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Ұлан ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
49) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы "Өскемен қаласының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
50) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Шемонаиха ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
51) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Асыл Мирас" аутизмі (аутизм спектірінің бұзылуы) бар балаларды қолдау орталығы (autism-орталығы) коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
52) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернат" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
53) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
54) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Жасөспірімдер үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
55) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Үміт" арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
56) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
57) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
58) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Алтай ауданының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Білім басқармасына есеп беретін және бақылауындағы білім бөлімдерінің тізбесі:
1) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Алтай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
2) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Глубокое ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
3) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Зайсан ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
4) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
5) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Күршім ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
6) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
7) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Риддер қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
8) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Самар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
9) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
10) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
11) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
12) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Үлкен Нарын ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
13) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы "15" шілдедегі № 180 қаулысына 5-қосымша |
|
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы "31" желтоқсандағы № 496 қаулысына 11-қосымша |
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімі) Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының аумағында білім беру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады және өз қызметінде "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне есеп береді және бақылауында болады.
2. Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекеме нысанындағы ұйымдық-құқықтық заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылы, С. Торайғыров көшесі, 7 үй, пошта индексі 070908.
9. Осы Ереже Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
10. Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
11. Катонқарағай ауданы бойынша білім бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастрға түсуге тыйым салынады.
Егер Катонқарағай ауданы бойынша білім бөліміне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
12. Міндеттері:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсібилігін арттыруға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, дербес тұлғаны дамыту үшін жағдай жасау арқылы зияткерлікті байыту;
3) азаматтыққа және патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
4) әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ және республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік, орыс, шет тілдерін меңгеру;
5) білім беру ұйымдарының автономдылығын, дербестігін кеңейту, білім беруді басқаруды демократияландыру;
6) білім беруді ақпараттандыру негізінде оқытудың жаңа технологияларын енгізу, халықаралық жаһандық коммуникациялық желілерге шығу;
7) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;
8) қоғам мен экономиканың қажеттіліктеріне жауап беретін білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
13. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
білім беру ұйымдарының қызметкерлерін мекеменің құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға тарту, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;
білім беру ұйымдарын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
өз құзыреті шегінде мекеменің қызмет саласына қатысты тапсырмалар беру, олардың орындалуын бақылау, ауданда өткізілетін іс-шараларға қатысу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
2) міндеттері:
заңды және негізделген шешімдер қабылдау;
қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жеке және заңды тұлғалардан өтініштер қабылдау және қарау, олардың орындалуын бақылау;
жеке және заңды тұлғаларды және олардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру;
мемлекеттік органның қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіретін әрекеттерге (әрекетсіздікке) және актілерді қабылдауға жол бермеу;
жұмыс барысында алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңнаманың талаптарын сақтау;
қарамағында білім беру саласының мәселелері бар білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету;
қызметін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған басқа да міндеттерді орындау.
14. Функциялары:
1) Катонқарағай ауданының аумағында білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен конкурстық негізде мемлекеттік білім беру ұйымдарының (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, қосымша білім беру) басшыларын тағайындайды және қызметтен босатады;
3) мемлекеттік білім беру ұйымдарында кешкі (ауысымдық) оқыту нысанын қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы берілетін жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;
4) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады;
5) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының қажеттілігін, ата-ана төлемақысының мөлшерін айқындайды;;
6) облыстың білім басқармасы арқылы облыстың жергілікті атқарушы органына бекітуге мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін енгізеді;
7) облыстың білім басқармасы арқылы орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын облыстың жергілікті атқарушы органына бекітуге енгізеді;
8) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;
9) мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;
10) тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
11) аудандық деңгейде жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
12) оқу-өндірістік комбинаттардың қызметін қамтамасыз етеді;
13) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастыруға жәрдемдеседі;
14) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді қамтамасыз етеді (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда);
15) орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;
16) аудандық ауқымдағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және мемлекеттік білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының жиынтық көлемінің кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;
17) Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
18) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Катонқарағай ауданы бойынша білім беру ұйымдарының педагогтары мен басшы қызметкерлерін аттестаттауды ұйымдастырады;
19) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлау және қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі жоспарды қалыптастырады;
20) мектепке дейінгі ұйымдарды және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
21) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етеді;
22) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
23) тиісті кентте, ауылда, ауылдық округте мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды таяудағы мектепке дейін және кейін қарай тегін тасымалдауды ұйымдастырады;
24) Катонқарағай ауданы бойынша мемлекеттік білім беру ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
25) Катонқарағай ауданында орналасқан білім беру ұйымдарының психологиялық қызметінің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді;
26) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;
27) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсетеді;
28) білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
29) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
30) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарына, отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
31) білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасайды;
32) ауданның білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақы төлеу жүйесі жөніндегі мәселелерді үйлестіреді;
33) білім бөлімінің құрылымын облыстың білім басқармасына бекітуге және келісуге енгізеді;
34) тарификациялық тізімдерді, штат кестесін, мемлекеттік білім беру ұйымдарының жұмыс оқу жоспарларын (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, қосымша білім беру), сондай-ақ орта білім беру ұйымдарының жинақ-сыныптар санын Катонқарағай ауданы бойынша қажеттілікке қарай келіседі;
35) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тәртіптік жауаптылыққа тартады;
36) осы Ережемен жүктелген функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету үшін бюджеттік өтінімді сапалы жасауды және облыстың білім басқармасына ұсынуды қамтамасыз етеді және жауапты болады;
37) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган айқындаған интернет-ресурс арқылы берілген білім беру саласындағы петицияларды қарайды;
38) білім беру саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
15. Катонқарағай ауданы бойынша білім бөліміне басшылықты Катонқарағай ауданы бойынша білім бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады;
16. Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады;
17. Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен белгіленетін құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін шешеді;
2) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңестер шақырады;
3) мекеме қызметкерлерінің өкілеттіктерін айқындайды;
4) барлық ұйымдарда мекеменің мүддесін білдіреді;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;
6) заңнамада көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Катонқарағай ауданы бойынша білім беру бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
18. Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
19. Катонқарағай ауданы бойынша білім бөліміне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
20. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
21. Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің қарамағындағы ұйымдардың тізімі:
1) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің "Өрел орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің "Қалихан Ысқақов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің "Садық Түкібаев атындағы Еңбек орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің "Оралхан Бөкей атындағы Белқарағай орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің "Жазаба бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің "Әбдікерім атындағы Шыңғыстай орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің "Аққайнар орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің "Үшбұлақ бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің "Рыков атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
10) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің "Барлық орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
11) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің "Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
12) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің "Қызыл Жұлдыз негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
13) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің "Коробиха орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
14) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің "Қайыңды негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
15) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің "Қабырға негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
16) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің "Жаңа Үлгі негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
17) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің "Жамбыл орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
18) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің "Берел орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
19) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің "Аршаты орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
20) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің "Ақсу орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
21) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің "Жас турист станциясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
22) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің "Еркетай" бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
23) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің "Катонқарағай ауылындағы балалар музыка мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
24) Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің "Өрел ауылындағы "Балдырған" бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
25) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің "Айгөлек" бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы "15" шілдедегі № 180 қаулысына 6-қосымша |
|
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы "31" желтоқсандағы № 496 қаулысына 13-қосымша |
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Күршім ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Күршім ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Күршім ауданы бойынша білім бөлімі) Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының аумағында білім беру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады және өз қызметінде "Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне есеп береді және бақылауында болады.
2. Күршім ауданы бойынша білім бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Күршім ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекеме нысанындағы ұйымдық-құқықтық заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Күршім ауданы бойынша білім бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Күршім ауданы бойынша білім бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Күршім ауданы бойынша білім бөлімі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Күршім ауданы бойынша білім бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Күршім ауылы, Барақ Батыр көшесі, 25 үй, пошта индексі 071200.
9. Осы Ереже Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
10. Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
11. Күршім ауданы бойынша білім бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастағр түсуге тыйым салынады.
Егер Күршім ауданы бойынша білім бөліміне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
12. Міндеттері:
1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсібилігін арттыруға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, дербес тұлғаны дамыту үшін жағдай жасау арқылы зияткерлікті байыту;
3) азаматтыққа және патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
4) әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ және республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік, орыс, шет тілдерін меңгеру;
5) білім беру ұйымдарының автономдылығын, дербестігін кеңейту, білім беруді басқаруды демократияландыру;
6) білім беруді ақпараттандыру негізінде оқытудың жаңа технологияларын енгізу, халықаралық жаһандық коммуникациялық желілерге шығу;
7) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;
8) қоғам мен экономиканың қажеттіліктеріне жауап беретін білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
13. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
білім беру ұйымдарының қызметкерлерін мекеменің құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға тарту, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;
білім беру ұйымдарын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
өз құзыреті шегінде мекеменің қызмет саласына қатысты тапсырмалар беру, олардың орындалуын бақылау, ауданда өткізілетін іс-шараларға қатысу;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
2) міндеттері:
заңды және негізделген шешімдер қабылдау;
қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жеке және заңды тұлғалардан өтініштер қабылдау және қарау, олардың орындалуын бақылау;
жеке және заңды тұлғаларды және олардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру;
мемлекеттік органның қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіретін әрекеттерге (әрекетсіздікке) және актілерді қабылдауға жол бермеу;
жұмыс барысында алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңнаманың талаптарын сақтау;
қарамағында білім беру саласының мәселелері бар білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету;
қызметін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған басқа да міндеттерді орындау.
14. Функциялары:
1) Күршім ауданының аумағында білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен конкурстық негізде мемлекеттік білім беру ұйымдарының (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, қосымша білім беру) басшыларын тағайындайды және қызметтен босатады;
3) мемлекеттік білім беру ұйымдарында кешкі (ауысымдық) оқыту нысанын қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы берілетін жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді;
4) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады;
5) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысының қажеттілігін, ата-ана төлемақысының мөлшерін айқындайды;;
6) облыстың білім басқармасы арқылы облыстың жергілікті атқарушы органына бекітуге мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін енгізеді;
7) облыстың білім басқармасы арқылы орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын облыстың жергілікті атқарушы органына бекітуге енгізеді;
8) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;
9) мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етеді;
10) тірек мектептердің (ресурс орталықтарының) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
11) аудандық деңгейде жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
12) оқу-өндірістік комбинаттардың қызметін қамтамасыз етеді;
13) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастыруға жәрдемдеседі;
14) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді қамтамасыз етеді (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда);
15) орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;
16) аудандық ауқымдағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және мемлекеттік білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күтіп-ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының жиынтық көлемінің кемінде екі пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;
17) Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
18) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Күршім ауданы бойынша білім беру ұйымдарының педагогтары мен басшы қызметкерлерін аттестаттауды ұйымдастырады;
19) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлау және қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі жоспарды қалыптастырады;
20) мектепке дейінгі ұйымдарды және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
21) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтамасыз етеді;
22) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
23) тиісті кентте, ауылда, ауылдық округте мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды таяудағы мектепке дейін және кейін қарай тегін тасымалдауды ұйымдастырады;
24) Күршім ауданы бойынша мемлекеттік білім беру ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
25) Күршім ауданында орналасқан білім беру ұйымдарының психологиялық қызметінің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді;
26) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;
27) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсетеді;
28) білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
29) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
30) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарына, отбасыларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
31) білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасайды;
32) ауданның білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақы төлеу жүйесі жөніндегі мәселелерді үйлестіреді;
33) білім бөлімінің құрылымын облыстың білім басқармасына бекітуге және келісуге енгізеді;
34) тарификациялық тізімдерді, штат кестесін, мемлекеттік білім беру ұйымдарының жұмыс оқу жоспарларын (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, қосымша білім беру), сондай-ақ орта білім беру ұйымдарының жинақ-сыныптар санын Күршім ауданы бойынша қажеттілікке қарай келіседі;
35) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тәртіптік жауаптылыққа тартады;
36) осы Ережемен жүктелген функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету үшін бюджеттік өтінімді сапалы жасауды және облыстың білім басқармасына ұсынуды қамтамасыз етеді және жауапты болады;
37) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын интернет-ресурс арқылы берілген білім беру саласындағы петицияларды қарайды;
38) білім беру саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
15. Күршім ауданы бойынша білім бөліміне басшылықты Күршім ауданы бойынша білім бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады;
16. Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады;
17. Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен белгіленетін құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін шешеді;
2) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңестер шақырады;
3) мекеме қызметкерлерінің өкілеттіктерін айқындайды;
4) барлық ұйымдарда мекеменің мүддесін білдіреді;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;
6) заңнамада көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Күршім ауданы бойынша білім беру бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
18. Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
19. Күршім ауданы бойынша білім бөліміне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
20. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Күршім ауданы бойынша білім бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
21. Күршім ауданы бойынша білім бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің қарамағындағы ұйымдардың тізімі:
1) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің "Ақсуат негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің "Алғабас орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің "Бурабай орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің "Қаратоғай орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің "Қойтас негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің "Құйған орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің "Ю.А. Гагарин атындағы № 1 Күршім орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 3 Күршім гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің "Н. Островский атындағы № 4 Күршім орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
10) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің "№ 5 Күршім орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
11) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің "Маралды орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
12) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің "Мөнекей негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
13) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің "Шоқан Уәлиханов атындағы Сарыөлең орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
14) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің "Қайыңды негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
15) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің "Теректібұлақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
16) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің "Үшбұлақ негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
17) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің "Ақши негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
18) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің "Бірлік негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
19) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің "Барақ батыр негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
20) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің "Жолнұсқау негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
21) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің "Қыстау-Күршім негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
22) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің "Топтерек бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
23) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің "Күршім балалар музыка мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
24) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің "Балалар шығармашылық үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
25) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің "Болашақ" балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
26) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің "Балдәурен" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
27) Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің "Күршім ауылының балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.