Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік мекемелердің мүліктік кешендерін аудандардың (қалалардың) коммуналдық меншігінен облыстық коммуналдық меншікке қабылдау туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 496 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
20-қосымшаға сәйкес көрсетілген қаулымен бекітілген Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
1-тараудың 8-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"8. Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Шәкәрім даңғылы, 156 ғимарат, пошта индексі 070002".
2. Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы (И.А. ЧернышҰва):
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.