Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлiгi туралы" Заңының 19-бабына, сәйкес, Глубокое ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Глубокое ауданының Глубокое, Белоусовка кенттерінің аумағында жолаушылар мен багажды кенттік қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға барлық маршруттар үшін жолаушының бір сапарына бірыңғай тариф 100 (жүз) теңге мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Глубокое ауданы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Глубокое ауданының әкімі | Э. Тумашинов |
КЕЛІСІЛДІ: Аудандық мәслихат төрағасы |
А. Калигожин |