Глубокое ауданының Глубокое, Белоусовка кенттерінің аумағында жолаушылар мен багажды кенттік қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тариф белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 608 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлiгi туралы" Заңының 19-бабына, сәйкес, Глубокое ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Глубокое ауданының Глубокое, Белоусовка кенттерінің аумағында жолаушылар мен багажды кенттік қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға барлық маршруттар үшін жолаушының бір сапарына бірыңғай тариф 100 (жүз) теңге мөлшерінде белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Глубокое ауданы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Глубокое ауданының әкімі Э. Тумашинов

      КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық мәслихат
төрағасы
А. Калигожин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады