Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шемонаиха ауданы әкімдігінің "Шемонаиха ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы" 2022 жылғы 19 шілдедегі № 236 қаулысына төмендегі өзгеріс енгізілсін:
коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларына 1 - қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын, 1-қосымшаның орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шемонаиха ауданының әкімі | Г. Акулов |
Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 24 қазандағы № 367 қаулысына қосымша |
|
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларына 1-қосымша |
Тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік |
1. | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын |
2. | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын |
3. | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын |
4. | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын |
5. | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер |
6. | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету |
7. | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын |
8. | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы |
9. | Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын |
10. | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын |
11. | Мұражайлар, көрмелер | жалпы алаңы 1 м2 |
12. | Стадиондар, спорт алаңдары | жоба бойынша 1 орын |
13. | Спорт, би және ойын залдары | жалпы алаңы 1 м2 |
14. | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | сауда алаңы 1 м2 |
15. | Машиналардан сату | сауда орнының 1 м2 |
16. | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | сауда алаңы 1 м2 |
17. | Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | жалпы алаңы 1 м2 |
18. | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | жалпы алаңы 1 м2 |
19. | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | жалпы алаңы 1 м2 |
20. | Жағажайлар, жолдардан көше сметалары | жалпы алаңы 1 м2 |
21. | Дәріханалар | сауда алаңы 1 м2 |
22. | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын |
23. | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы |
24. | Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер | 1 гаражға |
25. | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны |
26. | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы алаңы 1 м2 |
27. | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | жалпы алаңы 1 м2 |
28. | Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) | 1 жұмыс орны |
29. | Моншалар, сауналар | жалпы алаңы 1 м2 |
30. | Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары | 1000 қатысушы |
31. | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске |