"Бәсекелестікке әсерге бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2023 жылғы 10 тамыздағы № 198/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 27 маусымдағы № 151/НҚ бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бәсекелестікке әсерге бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2023 жылғы 10 тамыздағы № 198/НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бәсекелестікке әсерге бағалау жүргізу қағидаларында:

      14-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Талдамалық нысан (монополияға қарсы органның қорытындысы) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген Реттеушілік әсерге талдау жүргізу және пайдалану қағидаларына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12517 болып тіркелген) сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға жіберілетін реттеушілік әсерді талдау нәтижелеріне міндетті қосымша болып табылады.".

      2. Бәсекелестікті құқықтық реттеу департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында, сондай-ақ қажет болған кезде басқа да ашық ақпарат көздерінде орналастыруды қамтамасыз етсін.

      2) осы бұйрықты құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің назарына жеткізсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға М. Омаров

О внесении изменения в приказ Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан от 10 августа 2023 года № 198/НҚ "Об утверждении Правил проведения оценки воздействия на конкуренцию"

Приказ Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан от 27 июня 2024 года № 151/НҚ

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Председателя Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан от 10 августа 2023 года № 198/НҚ "Об утверждении Правил проведения оценки воздействия на конкуренцию" следующее изменение:

      в Правилах проведения оценки воздействия на конкуренцию, утвержденных указанным приказом:

      часть вторую пункта 14 изложить в следующей редакции:

      "Аналитическая форма (заключение антимонопольного органа) является обязательным приложением к результатам анализа регуляторного воздействия, направляемым в уполномоченный орган по предпринимательству, в соответствии с Правилами проведения и использования анализа регуляторного воздействия, утвержденными приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 20 ноября 2015 года № 748 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 12517).".

      2. Департаменту правового регулирования конкуренции обеспечить:

      1) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Агентства по защите и развитию конкуренции Республики Казахстан, а также при необходимости и других открытых источниках информации.

      2) довести настоящий приказ до сведения структурных и территориальных подразделений.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на руководителя аппарата.

      4. Настоящий приказ вступает в силу со дня его подписания.

      Председатель М. Омаров