Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес, облыс әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімінің 2024 жылғы 1 сәуірдегі № 6 "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2024 жылы 2 сәуірде № 195053 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Н.Төреғалиев |