Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 24.06.2024 № 10 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 29-бабы, 1-тармағының 11) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" бұйрығына сәйкес, облыс әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облысының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қ.Ш.Айтмұхамбетов табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалсын және оған табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Н.Төреғалиев |