Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 30 маусымдағы №125 "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы" ережені бекіту туралы" қаулысына төмендегідей толықтыру енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
15-тармақ келесідей мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:
"30-1) жергілікті бюджеттен бюджеттік кредиттеу кезінде кредиттік шартқа, кредиттік шартқа қосымша келісімге қол қояды және тіркейді;".
2. "Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Т.Е. Каюповқа жүктелсін.
Облыс әкімі | Н.Төреғалиев |