Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының 5-тармағы 3) тармақшасына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облысы бойынша білім беру жүйесінің қаржы қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына отыз пайызы мөлшерінде ынталандырушы үстемеақылар белгіленсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат төрағасы | М. Мұқаев |