Батыс Қазақстан облысының білім беру жүйесінің қаржы қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына отыз пайыз мөлшерінде ынталандырушы үстемеақылар белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 11-3 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының 5-тармағы 3) тармақшасына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Батыс Қазақстан облысы бойынша білім беру жүйесінің қаржы қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына отыз пайызы мөлшерінде ынталандырушы үстемеақылар белгіленсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат төрағасы М. Мұқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады