Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 205 "Сатып алынатын ауыл шаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5767 тіркелген) қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген сатып алынатын ауыл шаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Айтмұхамбетовке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н.Төреғалиев |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 12 шілдедегі № 178 қаулысына қосымша |
|
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 205 қаулысымен бектілген |
Сатып алынатын ауыл шаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі
Ф | Ауыл шаруашылық өнімінің атауы | Тереңдете өңделген өнімнің атауы | Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативі, теңге/килограмм |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Сүт | Сары май | 30,4 |