ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.06.2024 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жергілікті атқарушы органы айқындаған тәртіпте Жаңақала ауданы әкімдігі аудандық ішкі саясат бөлімінің "Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджеттен ынталандыру үстемеақылары отыз пайыз көлемінде белгіленсін.
2. Осы шешім 2024 жылдың 1 маусымынан бастап күшіне енеді.
Мәслихат төрағасы | К. Каменов |