Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 6001-24-7-6/19 "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының 2025 жылғы 8 сәуірдегі № 6001-25-7-6/114 бұйрығы

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 106 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі туралы ереженің 18-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі (бұдан әрі Сот әкімшілігі) басшысының 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 6001-24-7-6/19 "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" бұйрығына келесі толықтыру енгізілсін:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:

      "22) Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Кассациялық соттар департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес бекітілсін.".

      2. Сот әкімшілігінің Персоналды басқару бөлімі (кадр қызметі) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Сот әкімшілігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Сот әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері осы бұйрықтан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Негіздеме: "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2024 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі № 826 Жарлығы.

      Қазақстан Республикасы
Сот әкімшілігінің басшысы
Н. Ахметзакиров

  Қазақстан Республикасы
Сот әкімшілігі басшысының
2025 жылғы 8 сәуірдегі
№ 6001-25-7-6/114 бұйрығына
22-қосымша

"Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Кассациялық соттар департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы Е Р Е Ж Е

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Кассациялық соттар департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Департамент) кассациялық соттардың қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, ақпараттық-талдамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді Департамент құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің (бұдан әрі – Сот әкімшілігі) аумақтық органы болып табылады.

      2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі мен қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан қатысады.

      5. Департамент, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Департаменттің құрылымы мен штат кестесін Сот әкімшілігінің басшысы бекіткен штат санының лимиті шегінде бекітеді.

      8. Департаменттің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 39.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Кассацилық соттар департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Департаменттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында Департаментке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.

      Егер заңнамалық актілерде Департаментке кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқық берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Департаменттің міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Департаменттің міндеті тәуелсіз сот төрелігін жүзеге асыру үшін қажетті әрі жеткілікті жағдайлар жасау болып табылады.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және лауазымды тұлғалардан қажетті құжаттар мен материалдарды сұрату;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың иелігіндегі қолжетімді ақпараттық деректер қорын өз құзыретінің шеңберінде пайдалану;

      Сот әкімшілігінің басшысына кассациялық соттардың судьяларының және Департамент қызметкерлерінің еңбегін қорғау, оларды материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      2) міндеттері:

      Департаментке жүктелген міндеттер мен функциялардың іске асырылуын қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) кассациялық соттардың қызметін ұйымдастырушылық, ақпараттық-талдамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

      2) кассациялық соттар судьяларының сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;

      3) Сот әкімшілігіне кассациялық соттардың қызметін ұйымдастырушылық, ақпараттық-талдамалық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудің жай-күйі туралы ақпарат дайындау;

      4) кассациялық соттар төрағаларының, кассациялық соттардың жалпы отырыстарының жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

      5) кассациялық соттардың жалпы отырыстары қабылдаған шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;

      6) кассациялық соттардың жұмысын кадрлық қамтамасыз ету;

      7) кассациялық соттардың судьялары мен Департамент қызметкерлерінің жеке есебін жүргізу;

      8) сот оқуы, судьялардың, Департамент қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және олардың тағылымдамадан өтуі жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      10) кассациялық соттардың және Департаменттің инфрақұрылымын дамыту, ғимараттары мен үй-жайларының құрылысын, жөндеуді және техникалық жарақтандыруын ұйымдастыру;

      11) кассациялық соттардың және Департаменттің үй-жайларын және басқа да мүлкін күзетуді ұйымдастыру;

      12) заңнамаға сәйкес бухгалтерлік есеп мен есептілікті жүргізу;

      13) кассациялық соттардың судьяларын, оның ішінде отставкадағы судьяларды және Департамент қызметкерлерін заңнамаға сәйкес материалдық және әлеуметтік қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      14) кассациялық соттардың және Департаменттің ic қағаздарын және мұрағаттарының жұмысын жүргізу;

      15) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға құқықтық статистикалық құжатталған ақпаратты ұсыну;

      16) кассациялық соттардың қызметі туралы ақпаратты талдау және қорыту;

      17) сот практикасына талдау, қорыту жүргізу;

      18) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен кассациялық соттардың қызметін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара ic-қимыл жасау;

      20) кассациялық соттардың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара ic-қимылын қамтамасыз ету;

      21) кассациялық соттарда және Департаментте мемлекеттік құпия мен жұмылдыру жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету;

      22) кассациялық соттарда және Департаментте ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету;

      23) кассациялық соттарда сот жүйесінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын, ақпараттық жүйелер және сервистерді сүйемелдеуді қамтамасыз ету;

      24) сот приставтарының қызметін ұйымдастыру;

      25) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде қарау;

      26) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департаментке жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3-тарау. Департамент басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Департаментке басшылықты Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      17. Департамент басшысын Сот әкімшілігінің басшысы лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

      18. Департамент басшысының Сот әкімшілігінің басшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын төрт орынбасары болады.

      19. Департамент басшысының өкілеттігі:

      1) Департаментке жүктелген міндеттерге сәйкес оның қызметіне жалпы басшылықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;

      2) заңнамада белгіленген тәртіппен Департаменттің қызметкерлерін тағайындайды және босатады;

      3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы ic-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шаралар үшін дербес жауапты болады;

      4) Департаменттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      5) Департаменттің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің лауазымдық нұскаулықтарын бекітеді;

      6) заңнамада белгіленген тәртіппен Департаменттің қызметкерлерін көтермелеу, оларға материалдық көмек көрсету немесе тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      7) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынаста Департаменттің атынан өкілдік етеді;

      8) қабылдау кестесіне сәйкес айына кемінде бір рет азаматтар мен заңды тұлғалар өкілдерін, оның ішінде Департамент қызметкерлерін жеке қабылдауды жүргізеді;

      9) Сот әкімшілігінің басшысына Департамент қызметкерлерінің штат санын белгілеу туралы ұсыныстар енгізеді;

      10) заңнамада белгіленген тәртіппен Департаменттің қызметі туралы есепті кассациялық соттардың жалпы отырыстарына ұсынады;

      11) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады.

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Департамент басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4-тарау. Департаменттің мүлкі

      20. Департаментте Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Департаменттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Департаментке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      22. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Департамент өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

О внесении дополнения в приказ Руководителя Судебной администрации Республики Казахстан от 16 января 2024 года № 6001-24-7-6/19 "Об утверждении положений о территориальных подразделениях Судебной администрации Республики Казахстан"

Приказ Руководителя Судебной администрации Республики Казахстан от 8 апреля 2025 года № 6001-25-7-6/114

      В соответствии с пунктом 18 Положения о Судебной администрации Республики Казахстан, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 19 января 2023 года № 106, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Руководителя Судебной администрации Республики Казахстан (далее Судебная администрация) от 16 января 2024 года № 6001-24-7-6/19 "Об утверждении положений о территориальных подразделениях Судебной администрации Республики Казахстан" следующее дополнение:

      пункт 1 дополнить подпунктом 22) следующего содержания:

      "22) Положение о Департаменте кассационных судов Судебной администрации Республики Казахстан согласно приложению 22 к настоящему приказу.".

      2. Отделу управления персоналом (кадровой службе) Судебной администрации в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) в течение десяти календарных дней после подписания настоящего приказа направление его в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Судебной администрации.

      3. Структурным подразделениям Судебной администрации принять соответствующие меры, вытекающие из настоящего приказа.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его подписания.

      Основание: Указ Президента Республики Казахстан от 1 апреля 2025 года № 826 "О некоторых вопросах реализации Конституционного Закона Республики Казахстан от 5 июля 2024 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые конституционные законы Республики Казахстан".

      Руководитель
Судебной администрации
Республики Казахстан
Н. Ахметзакиров

  Приложение 22
к приказу Руководителя
Судебной администрации
Республики Казахстан
от 8 апреля 2025 года
№ 6001-25-7-6/114

ПОЛОЖЕНИЕ
о республиканском государственном учреждении "Департамент кассационных судов Судебной администрации Республики Казахстан"

Глава 1. Общие положения

      1. Республиканское государственное учреждение "Департамент кассационных судов Судебной администрации Республики Казахстан" (далее Департамент) является территориальным подразделением Судебной администрации Республики Казахстан (далее Судебная администрация), осуществляющим в пределах компетенции Департамента организационно-правовое, информационно-аналитическое и материально-техническое обеспечение деятельности кассационных судов.

      2. Департамент осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      3. Департамент является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати с изображением Государственного Герба Республики Казахстан и штампы со своим наименованием на казахском и русском языках, бланки установленного образца, счета в органах казначейства в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      4. Департамент вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      5. Департамент имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.

      6. Департамент по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя Департамента и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      7. Структура и штатное расписание Департамента утверждается Руководителем Судебной администрации, в пределах утвержденного им лимита штатной численности.

      8. Юридический адрес Департамента: Республика Казахстан, 010000, город Астана, улица Динмухамеда Кунаева, 39.

      9. Полное наименование государственного органа республиканское государственное учреждение "Департамент кассационных судов Судебной администрации Республики Казахстан".

      10. Настоящее Положение является учредительным документом Департамента.

      11. Финансирование деятельности Департамента осуществляется из республиканского бюджета.

      12. Департаменту запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся полномочиями Департамента.

      Если Департаменту законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

Глава 2. Задачи и полномочия Департамента

      13. Задачей Департамента является создание необходимых и достаточных условий для осуществления независимого отправления правосудия.

      14. Полномочия:

      1) права:

      запрашивать в установленном порядке у государственных органов, организаций и должностных лиц необходимые документы и материалы;

      пользоваться в рамках своей компетенции доступными информационными банками данных, имеющихся в государственных органах в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      вносить Руководителю Судебной администрации предложения по вопросам охраны труда, материального и социального обеспечения судей кассационных судов, а также работников Департамента;

      осуществлять иные права, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

      2) обязанности:

      обеспечивать реализацию возложенных на Департамент задач и функций;

      соблюдать законодательство Республики Казахстан;

      обеспечивать работу по противодействию коррупции;

      осуществлять иные обязанности, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

      15. Функции:

      1) организационное, информационно-аналитическое и материально-техническое обеспечение деятельности кассационных судов;

      2) организационное обеспечение деятельности судей кассационных судов по отправлению правосудия;

      3) подготовка информации в Судебную администрацию о состоянии организационного, информационно-аналитического, материально-технического и иного обеспечения деятельности кассационных судов;

      4) организационное обеспечение работы председателей кассационных судов, пленарных заседаний кассационных судов;

      5) обеспечение исполнения решений, принятых пленарными заседаниями кассационных судов;

      6) кадровое обеспечение работы кассационных судов;

      7) ведение персонального учета судей кассационных судов и работников Департамента;

      8) организация работы по судебному образованию, повышению квалификации судей кассационных судов, работников Департамента и прохождению ими стажировки;

      9) развитие инфраструктуры, организация строительства, ремонта и технического оснащения зданий и помещений кассационных судов и Департамента;

      11) организация охраны помещений и другого имущества кассационных судов и Департамента;

      12) ведение бухгалтерского учета и отчетности в соответствии с законодательством;

      13) организация в соответствии с законодательством материального и социального обеспечения судей кассационных судов, в том числе пребывающих в отставке, и работников Департамента;

      14) ведение делопроизводства и работы архивов кассационных судов и Департамента;

      15) предоставление правовой статистической документированной информации уполномоченному органу в сфере правовой статистики и специальных учетов;

      16) анализ и обобщение информации о деятельности кассационных судов;

      17) проведение анализа, обобщения судебной практики;

      18) взаимодействие с государственными органами и иными организациями по вопросам обеспечения деятельности кассационных судов;

      20) обеспечение взаимодействия кассационных судов со средствами массовой информации;

      21) обеспечение работы по защите государственных секретов и мобилизационной работы в кассационных судах и в Департаменте;

      22) обеспечение работы по информационной безопасности в кассационных судах и Департаменте;

      23) обеспечение сопровождения информационно-коммуникационной инфраструктуры, информационных систем и сервисов судебной системы в кассационных судах;

      24) организация деятельности судебных приставов;

      25) рассмотрение обращений физических и юридических лиц в пределах своей компетенции в порядке и сроки, установленные законодательством Республики Казахстан;

      26) осуществление иных функций, возложенных на Департамент в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

Глава 3. Статус, полномочия руководителя Департамента

      16. Руководство Департаментом осуществляется руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Департамент задач и осуществление им своих функций.

      17. Руководитель Департамента назначается на должность и освобождается от должности Руководителем Судебной администрации.

      18. Руководитель Департамента имеет четырех заместителей, которые назначаются на должность и освобождается от должности Руководителем Судебной администрации.

      19. Полномочия руководителя Департамента:

      1) в соответствии с возложенными на Департамент задачами организует и осуществляет общее руководство его деятельности;

      2) в установленном законодательством порядке назначает и освобождает работников Департамента;

      3) принимает меры, направленные на противодействие коррупции и несет персональную ответственность за принятие антикоррупционных мер;

      4) утверждает положения о структурных подразделениях Департамента;

      5) утверждает должностные инструкции работников структурных подразделений Департамента;

      6) в установленном законодательством порядке решает вопросы поощрения, оказания материальной помощи или наложения дисциплинарных взысканий на работников Департамента;

      7) в пределах своей компетенции представляет Департамент во взаимоотношениях с государственными органами, организациями и гражданами;

      8) проводит личный прием граждан и представителей юридических лиц, в том числе работников Департамента, не реже одного раза в месяц согласно графику приема;

      9) вносит Руководителю Судебной администрации предложения об установлении штатной численности работников Департамента;

      10) в установленном законодательством порядке представляет отчет о деятельности Департамента на пленарные заседания кассационных судов;

      11) по вопросам своей компетенции издает приказы;

      12) осуществляет другие полномочия, предусмотренные законодательством Республики Казахстан и настоящим Положением.

      Исполнение полномочий руководителя Департамента в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

Глава 4. Имущество Департамента

      20. Департамент может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.

      Имущество Департамента формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      21. Имущество, закрепленное за Департаментом, относится к республиканской собственности.

      22. Департамент не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

Глава 5. Реорганизация и упразднение Департамента

      23. Реорганизация и упразднение Департамента осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      _______________________