"Дербестендірілген белгілердің, омырауға тағатын белгілердің және өзге де әскери-геральдикалық белгілердің, әскери оқу орындарын бітіргені туралы, сыныпты мамандарға арналған белгілердің, әскери-қолданбалы, қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорттық іс-шаралардың жүлдегерлеріне арналған наградалық медальдардың (белгілердің) сипаттамасын, сондай-ақ оларды беру және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің тағып жүру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 461 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі № 348 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Дербестендірілген белгілердің, омырауға тағатын белгілердің және өзге де әскери-геральдикалық белгілердің, әскери оқу орындарын бітіргені туралы, сыныпты мамандарға арналған белгілердің, әскери-қолданбалы, қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорттық іс-шаралардың жүлдегерлеріне арналған наградалық медальдардың (белгілердің) сипаттамасын, сондай-ақ оларды беру және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің тағып жүру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 461 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15755 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дербестендірілген белгілердің, омырауға тағатын белгілердің және өзге де әскери-геральдикалық белгілердің, әскери оқу орындарын бітіргені туралы, сыныпты мамандарға арналған белгілердің, әскери-қолданбалы, қызметтік-қолданбалы, техникалық және басқа да спорттық іс-шаралардың жүлдегерлеріне арналған наградалық медальдардың (белгілердің) сипаттамасында, сондай-ақ оларды беру және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің тағып жүру тәртібінде:

      9-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халық Қаһарманы армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов" кубогы кейіннен алтынды имитациялайтын (алтын, алтын түстес) қорғаныш жабын жағылып қоладан құйылып жасалады. Қалқандағы "АРМИЯ ГЕНЕРАЛЫ САҒАДАТ ҚОЖАХМЕТҰЛЫ НҰРМАҒАМБЕТОВ" деген жазулар мен "МІНДЕТ, АБЫРОЙ, ЕРЛІК" деген ұран жез пластинадан қалыптау жолымен жасалады, негізі – жылтыр, бедері – күңгірт. Кубок тұғырының төменгі бөлігінде наградталушының деректерін енгізуге арналған тақтайша жапсырылған. Кубоктың тұғыры қара көк түсті тастан жасалады. Негізінен биіктігі 300 мм құрайды. Ені – 115 мм.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі "Халық Қаһарманы армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов" төсбелгісі (бұдан әрі – тұңғыш Қорғаныс министрінің төсбелгісі) қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, шығармашылық белсенділігі, мінсіз қызметі және қызметтік істегі басқа да жетістіктері үшін әскери қызметшілердің еңбегін ынталандыру мақсатында офицер құрамын наградтаудың ерекше түрі болып табылады.

      Тұңғыш Қорғаныс министрінің төсбелгісімен наградтау үшін кандидаттарды іріктеуді оқу жылындағы қызметтік іс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштері Бас штабы құрылымдық бөлімшелері басшыларының, әскер түрлері бас қолбасшыларының, өңірлік қолбасшылықтар әскерлері (әскер тектері) қолбасшыларының, бас басқармалар бастықтарының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Жауынгерлік даярлық департаменті жүргізеді, содан кейін іріктеуден өткен кандидатура Қазақстан Республикасының Қорғаныс министріне бекітуге енгізіледі.

      Тұңғыш Қорғаныс министрінің төсбелгісімен оқу жылының қорытындысы бойынша жауынгерлік даярлықта, бөлімшеде әскери тәртіпті, қатаң жарғылық тәртіпті және әскердің жоғары жауынгерлік әзірлігін ұстауда қол жеткізген жетістігі (оқудағы және ғылыми жұмыстағы жетістігі) үшін бригада (полк, база) командирі және одан жоғары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері наградталады. Төсбелгімен наградтау туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тиісті бұйрығы шығарылады. Белгімен қайта наградтау жүргізілмейді.

      Тұңғыш Қорғаныс министрінің төсбелгісін табыс ету салтанатты жағдайда жүргізіледі және наградталғанға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі алқасының отырысында Қорғаныс министрі өзі немесе оның тапсырмасы бойынша басқа лауазымды адам табыс етеді.

      Белгі бұрандалы түйменің көмегімен бекітіледі. Наградталғанға төсбелгіні табыс етумен бір уақытта Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі "Халық Қаһарманы армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов" кубогы беріледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі генерал-полковник
Р. Жақсылықов

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 16 августа 2017 года № 461 "Об утверждении описания персонифицированных знаков, нагрудных знаков и иных военно-геральдических знаков, знаков об окончании военных учебных заведений, для классных специалистов, наградных медалей (значков) для призеров военно-прикладных, служебно-прикладных, технических и других спортивных мероприятий, а также порядка их выдачи и ношения военнослужащими Вооруженных Сил Республики Казахстан"

Приказ Министра обороны Республики Казахстан от 1 апреля 2025 года № 348

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 16 августа 2017 года № 461 "Об утверждении описания персонифицированных знаков, нагрудных знаков и иных военно-геральдических знаков, знаков об окончании военных учебных заведений, для классных специалистов, наградных медалей (значков) для призеров военно-прикладных, служебно-прикладных, технических и других спортивных мероприятий, а также порядка их выдачи и ношения военнослужащими Вооруженных Сил Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 15755) следующие изменения:

      в Описании персонифицированных знаков, нагрудных знаков и иных военно-геральдических знаков, знаков об окончании военных учебных заведений, для классных специалистов, наградных медалей (значков) для призеров военно-прикладных, служебно-прикладных, технических и других спортивных мероприятий, а также порядка их выдачи и ношения военнослужащими Вооруженных Сил Республики Казахстан, утвержденном указанным приказом:

      часть четвертую пункта 9 изложить в следующей редакции:

      "Кубок "Халық қаһарманы армия генералы Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлы" изготавливается из бронзы путем литья с последующим нанесением защитного покрытия имитирующего золото (золотого, золотистого цвета). Надписи на щитке "АРМИЯ ГЕНЕРАЛЫ НҰРМАҒАМБЕТОВ САҒАДАТ ҚОЖАХМЕТҰЛЫ" и девиз "МІНДЕТ, АБЫРОЙ, ЕРЛІК" изготавливаются из латунной пластины путем штамповки, фон блестящий, рельеф матовый. В нижней части подставки кубка устанавливается табличка для нанесения данных награждаемого. Подставка кубка изготавливается из камня темно-синего цвета. Высота от основания составляет 300 мм. Ширина 115 мм.";

      пункт 25 изложить в следующей редакции:

      "25. Нагрудный знак первого Министра обороны Республики Казахстан "Халық қаһарманы армия генералы Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлы" (далее – нагрудный знак первого Министра обороны) является особым видом награждения офицерского состава в целях стимулирования труда военнослужащих за образцовое исполнение служебных обязанностей, творческую активность, безупречную службу и другие достижения в служебной деятельности.

      Отбор кандидатов для награждения нагрудным знаком первого Министра обороны производится Департаментом боевой подготовки Генерального штаба Вооруженных Сил Республики Казахстан по представлению руководителей структурных подразделений Министерства обороны и Генерального штаба Вооруженных Сил Республики Казахстан, главнокомандующих видами, командующих войсками региональных командований (родов войск), начальников главных управлений по итогам служебной деятельности за учебный год, после чего отобранная кандидатура вносится на утверждение Министру обороны Республики Казахстан.

      Нагрудным знаком первого Министра обороны награждаются военнослужащие Вооруженных Сил Республики Казахстан от командира бригады (полка, базы) и выше за успехи, достигнутые в боевой подготовке, поддержании воинской дисциплины, твердого уставного порядка в подразделении, высокой боевой готовности войск (успехи в учебной и научной работе) по итогам учебного года. О награждении нагрудным знаком издается соответствующий приказ Министра обороны Республики Казахстан. Повторное награждение знаком не производится.

      Вручение нагрудного знака первого Министра обороны производится в торжественной обстановке и вручается награжденному лично Министром обороны на заседании коллегии Министерства обороны Республики Казахстан или по его поручению другими должностными лицами.

      Знак крепится при помощи нарезного стержня. Награжденному одновременно с вручением нагрудного знака выдается кубок первого Министра обороны Республики Казахстан "Халық қаһарманы армия генералы Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлы".".

      2. Департаменту кадров Министерства обороны Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1)  направление настоящего приказа в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан в электронном виде в течение пяти рабочих дней со дня его подписания на казахском и русском языках в соответствии с требованиями пункта 10 Правил ведения Государственного реестра нормативных правовых актов Республики Казахстан, Эталонного контрольного банка нормативных правовых актов Республики Казахстан, утвержденных приказом Министра юстиции Республики Казахстан от 11 июля 2023 года № 472 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33059);

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан после его первого официального опубликования;

      3) направление сведений в Юридический департамент Министерства обороны Республики Казахстан об исполнении подпунктов 1) и 2) настоящего пункта в течение десяти календарных дней после дня первого официального опубликования настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на начальника Департамента кадров Министерства обороны Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ довести до заинтересованных должностных лиц и структурных подразделений.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр обороны
Республики Казахстан
генерал-полковник
Р. Жаксылыков