Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже 15-тармағының 144) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қарулы Күштердің әскери мүлкін (Әскери-теңіз күштері суүсті кораблінің металл корпусын, құрылғысы мен жүйесін) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкін жүргiзу қағидалары 10-тармағының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) талаптарына сәйкесқол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) бұйрықты Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiне орналастырған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник |
Р. Жақсылықов |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 17 сәуірдегі № 427 бұйрығымен бекітілген |
Қарулы Күштердің әскери мүлкін (Әскери-теңіз күштері суүсті кораблінің металл корпусын, құрылғысы мен жүйесін) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қарулы Күштердің әскери мүлкін (Әскери-теңіз күштері суүсті кораблінің металл корпусын, құрылғысы мен жүйесін) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері (бұдан әрі – ӘТК) суүсті корабльдерінің металл корпусын, құрылғысы мен жүйесін (бұдан әрі – корабльдің металл корпусы, құрылғысы мен жүйесі) пайдалануды ұйымдастыруды нақтылайды.
2. Корабль корпусын, құрылғысымен жүйесін пайдалану:
1) корабль корпусын, құрылғысы мен жүйесін пайдалануға дайындауды;
2) корабль корпусын, құрылғысымен жүйесін арналуы бойынша пайдалануды;
3) корабль корпусына, құрылғысы мен жүйесіне техникалық қызмет көрсетуді қамтиды.
3. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар қолданылады:
1) орнықтылық – корабль сыртқы күш (жел, толқын) әсерінен тепе-теңдік жағдайынан ауытқығанда осы күштің әсері аяқталысымен бастапқы қалыпқа қайта келу мүмкіндігі;
2) суүсті кораблі – су ығыстыру және динамикалық қағидаттар бойынша суда қолдау көрсетілетін жауынгерлік корабль (арнайы мақсаттағы корабль, қосалқы кеме, теңіздік және рейдтік қамтамасыз ету кемесі);
3) техникалық қызмет көрсету – корабльді тағайындалуы бойынша пайдалану кезінде, апатқа ұшыраған уақытта және сақтау кезінде оның корпусын, құрылғысы менжүйесін ақаусыз жай-күйде ұстау жөніндегі жоспарлау-алдын алу жұмысы мен ұйымдық-техникалық іс-шаралар кешені. Техникалық қызмет көрсетуге корабль корпусын, құрылғысы мен жүйесін жоспарлау-алдын алу техникалық қарап-тексеру және жоспарлау-алдын алып жөндеу (бұдан әрі – ЖАТҚ және ЖАЖ), тексеру, куәландыру және сынау кіреді;
4) төзімділік – корабльдің бұл ретте өзінің жауынгерлік пайдалану мүмкіндігін мүмкін болатын дәрежеге қалпына келтірілетін және ұсталатын жауынгерлік және авариялық зақымдануға орнықтылық мүмкіндігі.
4. Техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, ауқымы және мерзімі осы Нұсқаулықта, сондай-ақ кеме жасау кәсіпорыны мен өндіруші зауыт шығарған бұйымды пайдалану жөніндегі басшылықта айқындалады.
5. Корабльдегі жауынгерлік бөлім командирі мен қызмет бастығы жылдық техникалық қызмет көрсету жоспар-кестесін әзірлейді, онда өз басқаруындағы барлық жоспарлы техникалық қызмет көрсету қамтылады. Жоспар-кесте тиісті флагмандық мамандармен келісіледі және оны корабль командирі бекітеді.
6. Жылдық техникалық қызмет көрсету жоспар-кестесі ай сайынғы жұмысты және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жоспарлау негізі болып табылады. Ай сайынғы техникалық қызмет көрсету жоспары мен қажетті материалға, қосалқы бөлшекке және құрал-сайманға өтінімді жауынгерлік бөлім командирлері (қызмет бастықтары) әзірлейді, әскери бөлім командирінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасарымен және флагмандық маманмен келісіледі және оны корабль командирі бекітеді.
7. Техникалық қызмет көрсету кезінде ақаулық немесе зақымдану анықталғанда оны жою бойынша шаралар қабылданады.
8. Пайдалану процесінде анықталған және жеке құрам күшімен жойылмайтын корабль корпусының, құрылғысы менжүйесінің зақымдануы, тозуы мен ақаулығын жоюды кеме жөндеу кәсіпорыны және шеберхана докта, жорықаралық, навигациялық, ағымдағы және орташа жөндеу уақытында жүзеге асырады.
9. Корабль корпусын, құрылғысы мен жүйесін ЖАТҚ-ны және ЖАЖ-ны корабль жеке құрамы:
1) корабль корпусының, құрылғысы мен жүйесінің ақаулығын, сондай-ақ осы ақаулық пайда болатын себебін анықтау және жою;
2) корпустың, құрылғы мен жүйенің уақытынан бұрын тозуын алдын алу;
3) корабль корпусын, құрылғысы мен жүйесін ақаусыз және шұғыл және ұзақ пайдалануға әзірлікте ұстау;
4) корпусты, құрылғы мен жүйені коррозиядан және су өсіндісінен қорғау құралының жай-күйін тексеру және қалпына келтіру;
5) сенімділікті арттыру іс-шараларын әзірлеу кезінде, сондай-ақ жөндеу ведомосын және жылдық пайдалану есебін жасау кезінде қолдану үшін корпустың, құрылғы мен жүйенің тозуын сипаттайтын материалды жинау және талдау мақсатында жүзеге асырады.
10. Жеке құрам жүргізетін ЖАТҚ және ЖАЖ:
1) күнделікті;
2) апта сайын;
3) ай сайын;
4) тоқсан сайын;
5) теңізге шығу алдында және базаға қайтып оралғаннан кейін;
6) жылдық;
7) сүңгуірлік тексеру;
8) докта қарап-тексеру болып бөлінеді.
11. Корабль корпусының және оның төзімділігі үшін күресқұралының жай-күйін бақылауды мынадай құрамда құрама командирінің бұйрығымен тағайындалатын тұрақты корабльдік комиссия жүзеге асырады: төраға – корабль командирінің аға көмекшісі (көмекшісі), комиссия мүшелері – зымыран (зымыран-артиллериялық, артиллериялық), мина-торпедалық жәнеэлектр-механикалық жауынгерлік бөлім (бұдан әрі – ЭМЖБ) командирі, химиялық және медициналық қызмет бастығы, төзімділік тобының (трюм тобының) командирі және корабльдің боцман-старшинасы.
12. Тұрақты корабльдік комиссия үш айда бір рет корабль корпусының, су өткізбейтін іріктегіштің, екінші түптің, есіктің, люктің, ауыздықтың, жүйенің, құрылғының, төзімділік үшін күрес құралының, авариялық-құтқару мүлкінің жай-күйін мұқият тексереді.
Тұрақты корабльдік комиссия корабль сыртқы қабатының суасты бөлігін корабльді докқа қойған кезде қарап-тексереді.
Тексеру нәтижесі бойынша осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша корабльдің техникалық жай-күйі туралы акт жасалады.
Анықталған ақаулық нәтижесі осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша корабльдің ақаулығын, істен шығуы менаварияға ұшырауын (бұзылуын) есепке алу журналына енгізіледі.
13. Корабльді докқа қою корпустың суасты бөлігін, цистернаны, білік-өткізгішті, ескек бұрамасын, рульді, борт сыртындағы арматураны және арнайы құрылғыныкуәландыру және жөндеу, жаңғырту жұмысын орындау, корпустың суасты бөлігін тазарту және бояу, сондай-ақ жүзу кезінде орындау мүмкін болмайтын жұмыс мақсатында жүргізіледі.
14. Докқа қою бір жөндеу түрімен біріктіріледі немесе оған қарамастан жүргізіледі.
15. Корабльді пайдалану кезеңінде мынадай докқа қоютүрі жүргізіледі:
1) екі жылда бір рет жүргізілетін кезекті;
2) корпусты жөндеуге дейінгі ақаулықты анықтау, жоспардан тыс жұмысты орындау, арнайы сынауға дайындау үшін арнайы шешім бойынша жүргізілетін кезектен тыс;
3) авариялық және жауынгерлік зақымдануды жою үшін жүргізілетін авариялық.
16. Көрсетілген докта жөндеу кезінде орындалуға тиіс жұмыс ауқымы жөндеу ведомосында айқындалады және осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша докқа қою комиссиясы докта қарап-тексеру актісінде нақтылайды.
17. Докқа қою комиссиясы корабль командирінің төрағалығымен ұйымдастырылады. Комиссия құрамына құраманың электр-механикалық қызметінің өкілі, корабль командирінің аға көмекшісі (көмекшісі), ЭМЖБ командирі, ЭМЖБ тобының командирі, корабльдің боцман-старшинасы кіреді.
Комиссия жұмысына кеме жөндеу кәсіпорнының өкілі тартылады.
ӘТК бас қолбасшылысы басқармасының өкілі докқа қою комиссиясының төрағасы болып тағайындау ӘТК бас қолбасшысының шешімімен жүзеге асырылады. Бұл жағдайда корабль командирі комиссия құрамына кіреді.
18. Докта жөндеу жұмысын ұйымдастыру және оны жүргізу кезінде техникалық құралды қолдану кезінде корабль жеке құрамы кеме жөндеу кәсіпорнының қауіпсіздік талаптарын басшылыққа алады.
19. Корабльді докқа қою кезінде киль-блокқа қою нұсқасы корпустың оның астындағы боялмаған жерін жүйелі қайталануды болдырмау үшін кезектестіріледі. Корабльді докқа қою кезінде киль-блокқа қою нұсқасы корабль командирі кеме жөндеу кәсіпорнымен келіседі. Докта жөнделгеннен кейін корабльді киль-блокқа қою нұсқасы корабль формулярына енгізіледі.
20. Корабльді докқа қою кезеңінде протекторлық қорғанысының жай-күйі тексеріледі, өзгермелі ватержелі, кингстон, борт сыртындағы тесік, сондай-ақ гидроакустикалық станцияның келте құбыры мен ағызғыш маңы тазартылады және боялады. Бұл ретте корабльді бояу кестесінде келтірілген бояу технологиясы қатаң сақталады.
21. Ескек білігінің, дейдвудтық және кронштейндік төлкенің, ескек бұрамасының, рульдің ақаулығын анықтау кезекті докта жөндеу ауқымын айқындау үшін жүргізіледі. Егер анықталған ақаулықты дереу жою қажет болса, бірақ бұл жұмыс жөндеу ведомосында көзделмесе, онда оны жою бойынша шұғыл шаралар қабылданады.
22. Корабльдің суасты бөлігіндегі арнайы жабдық ақаулы болса, докта жөндеу кезеңінде оны жөндеу және сынау пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
2-тарау. Корабль корпусын, құрылғысы мен жүйесін пайдалануға дайындау
1-параграф. Корабль корпусын пайдалануға дайындау
23. Барлық корпустық құрылым ақаусыз, таза және пайдалануға дайын күйде сақталады.
24. Корабль корпусын пайдалану кезеңінде жеке құрамның негізгі міндеті барлық корпустық конструкциясын ақаусыз күйде ұстау арқылы корабльдің су өткізбеуін, герметикалығы мен беріктігін қамтамасыз ету болып табылады.
25. Корпустың тозуын алдын алу ЖАТҚ және ЖАЖ, жорықаралық, навигациялық, докта және зауытта жөндеудің белгіленген мерзімін сақтаумен қол жеткізіледі.
26. Корабльдің үй-жайлары ұдайы таза ұсталады, трюмда судың жиналуына және металл сыртқы қабатына коррозияның түсуіне жол берілмейді.
27. Пайдалану кезінде корпустың сақталуын қамтамасыз ету және коррозиялық тозуына және зақымдануына әкелетін себепті жою үшін мынадай шаралар қабылданады:
1) Корпус және корпус конструкциясы лак-бояу жабынының жай-күйін ұдайы бақылау, тазалау және сыртқы қабатын бояу жүзеге асыру;
2) пайдалану процесінде корабль корпусын коррозиядан, сондай-ақ жүзгенде және базада тұрғанда жөндеу кезінде электрлік коррозиядан электр-химиялық қорғау іс-шараларын орындау;
3) швартовта және тұрақ кезінде сақтандыру шараларын сақтау;
4) тұрақ орнында су бетіндегі қалқыма заттардан, жанармай мен майдан тазалау.
28. Жарты жылда бір реттұрақты корабль комиссиясының жұмысы кезеңіндесүңгуір көмегімен корпус, руль, ескек бұрамасы, қырлы киль, тор, жылжымалы құрылғы суасты бөлігінің жай-күйі тексеріледі. Сүңгуір одан басқа:
1) арнайы кеме жүзеге асыратын шуды тексеру алдында;
2) мұзды және дауылды жағдайда жүзгеннен кейін;
3) корпус топыраққа түскеннен, суға батқан немесе қалқыма заттармен жанасқаннан кейін рульді, ескек бұрамасын, қырлы кильді және жылжымалы құрылғыны қарап-тексереді.
29. Егер корпуста жаншылу, томпаю немесе коррозиялық зақымдану анықталса, корабль командирі ол туралы құрама командиріне баяндайды және оларды жою бойынша шаралар қабылдайды.
30. Механикалық және коррозиялық зақымдану көлемі мен дәрежесі туралы деректер осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша корабльдің ақаулығын, істен шығуы мен аварияға ұшыруын (бұзылуын) есепке алу журналына енгізіледі.
31. Су өткізбейтін герметикалық корпус конструкциясында қандай да бір тесік жасауға байланысты жұмыс жүргізуге жол берілмейді. Корабльді жөндеу кезеңінде осы жұмыс құрама командирінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасарының рұқсатымен жүзеге асырылады.
32. Аварияға ұшырау немесе жауынгерлік зақымдану кезінде жоғарыда көрсетілген жұмыс адамдарды құтқару және корабльдің жауынгерлік қабілетін сақтау үшін корабль командирінің рұқсатымен жүргізіледі.
33. Жалпы және жергілікті беріктігін қамтамасыз ететін корпустық конструкцияда (палубада, сыртқы қаптамада, ішкі жинақта, қондырмада) анықталған сызатты ӘТК және кеме жасау (кеме жөндеу) кәсіпорыны өкілдерінен құралған комиссия тексеруге тексереді. Тексеру нәтижесі бойынша комиссия сызаттың пайда болу себебін анықтайды және конструкцияны жөндеу бойынша ұсыныс әзірлейді.
34. Жалпы және жергілікті беріктігін қамтамасыз ететін корпустық конструкциядағы сызатты, жаншылуды және зақымдануды жоюды кеме жөндеу кәсіпорны жүргізеді.
35. Су өткізбеуді, герметикалығын қамтамасыз ету, негізін нығайту мақсатында пайдалану кезеңінде осы зақымдануды уақытша бітеу жүзеге асырылады.
36. Іріктегіштің, палуба мен сыртқы қаптаманың су өткізбеуі есіктің, люктің, ауыздықтың және иллюминатордың су өткізбеуімен, бекітпе құрылғысының оңай ашылумен және жабылуымен қамтамасыз етіледі. Люк комингсі боялмайды, жаншылуы және тоттың түсуі болмайды, ойыққатығыздағыш резеңке тығыз салынады.
37. Корпустың су өткізбеуін бұзатын зақымдану шұғыл жойылады. Уақытша бітеуді ауыстыру жұмысы (цементтеу, электрмен дәнекерлеп бітеу, авариялық қалқанмен бітеу) базаға оралғаннан кейін бірден жүргізіледі.
2-параграф. Корабль құрылғысын пайдалануға дайындау
38. Суүсті кораблінің құрылғысын пайдалану кезінде мынадай іс-шаралар орындалады:
1) құрылғы ақаусыз және жұмысқа тұрақты дайын күйде ұсталады;
2) құрылғы коррозиялық бұзылудан және механикалық зақымданудан қорғалады;
3) құрылғының жылжымалы бөлігі жанында бөгде заттардың болуына жол берілмейді;
4) механизмнің және такелаждық жабдықтың (тоқтатқының, талрептің, топсақтың, ілгек пен қапсырманың) бұрама қосылысы, жүріс және үйкеліс бөлшегі, сондай-ақ боялмаған қабаты мен болат арқан штаттық жақпамай жағылған күйде ұсталады;
5) жеке және ұжымдық құтқару құралына еркін қолжетімділік қамтамасыз етіледі;
6) құрылғы таза күйде ұсталады;
7) гидрожүйеде герметикалықтың бұзылуы анықталу шамасына қарай сальник,тығыздағыш тартылады және іріктеледі;
8) айырым белгілері ақаусыз күйде ұсталады;
9) құрылғыға ЖАТҚ және ЖАЖ уақтылы жүргізіледі және анықталған ақаулық жойылады.
39. Құрылғының және механизмінің бақылау-өлшеу аспабы, сондай-ақ сақтандырғыш клапаны ақаусыз және пломба қойылған күйде сақталады.
40. Рульдік жетекпен қосалқы қозғалтқыш-рульдік құрылғыны пайдалану кезінде олардың жетектегі жүктемесі бақыланады. Жүктеме артқанда жетекпен қуат жүйесі қарап-тексеріледі.
41. Рульдік жетек, бекітпе, тоқтатқы бөлшегі кезең-кезеңімен қарап-тексеріледі, сондай-ақ тартқыш пен сырғақтың бұрандалы қосылысы, жетектің үйкеліс торабындағы жақпамайдың болуы тексеріледі.
3-параграф. Корабль жүйесін пайдалануға дайындау
42. Корабльдің жүйесін пайдалануға дайындау кезінде мынадай іс-шаралар орындалады:
1) механизмді, құбырды, арматураны, оқшаулағышты, топса қосылысын, палубалық төлкені,кертікті берілісті ақаусыз күйде ұстау;
2) қашықтықтан басқару, автоматика және дабылдама жүйесінің жұмысын тексеру;
3) құбырдың корпус конструкциясына бекітпесін ақаусыз ұстау;
4) барлық клапанға, клинкетке, оның жетегі мен арматураға еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету;
5) пайдалану процесінде осы күйдің өзгеруіне жол бермей, реттеу-бөлу арматурасы тоқтатқысының реттелген күйде болуын бақылау;
6) арматурадағы және бақылау-өлшеу аспабындағы пломбаның сақталуын қамтамасыз ету;
7) жүйе арматурасының (клапанының, клинкетінің) қалыпты ашылуын қамтамасыз ету;
8) штаттық орындақолмен басқарылатын арматура жетегінен кілті, редукторды,трещотканы сақтау;
9) нұсқарды және айырым планкаларын ақаусыз және таза күйде ұстау;
10) қажет болуына қарай сальник тығыздағышты тартылу немесе ауыстыру, арматураның және жетектің үйкеліс бөлшегін кезең-кезеңімен майлау;
11) құбырды оқшаулағышты, бояуын және таңбалануын уақтылы қалпына келтіру.
3-тарау. Корабльдің корпусын, құрылғысы мен жүйесін арналуы бойынша пайдалану
1-параграф. Корабль корпусын арналуы бойынша пайдалану
43. Корабльді пайдалану, кезекті докқа қою және жөндеу кезеңінде корпус конструкциясының су өткізбеуі мен герметикалығы тексеріледі.
44. Алюминий-магний қорытпасынан жасалған корпусты және корпус конструкциясын пайдалану теңіз суында оларға қарқынды коррозия түсуіненегізделеді:
1) әртүрлі металдан (болаттан, түсті металлдан) жасалған конструкциямен жанасқанда;
2) металл сыртқы қабатының қорғаныш жабыны бұзылғанда;
3) корпустың сыртқы қабатына қатысты теңіз суының жылдамдығы 10 метр секундтан астам болғанда.
45. Алюминий-магний қорытпасынан жасалған конструкцияны коррозияға қарсы қорғау лак-бояу жабынымен, электр-химиялық қорғаумен және алюминий-магний қорытпасынан жасалған конструкцияны әртүрлі металдан (болаттан, түсті металдан) жасалған конструкциямен диэлектрлік біріктірумен (электрлік ажыратумен) қамтамасыз етіледі.
Пайдалану кезеңінде лак-бояу жабынының тұтастығы және электр-химиялық қорғаудың ақаусыздығы сақталады.
46. Корабльді докқа қою кезінде:
1) корпустың суасты бөлігі тұщы сумен жуылады және кептіріледі;
2) корпус суасты бөлігі конструкциясының қаптамасы өсінді өнімнен, коррозиядан және қабыршақтанған бояудан тазартылады және боялады;
3) массасынан 50 және одан көп процент қолданылған протектор ауыстырылады.
47. Жалпы беріктік пен су өткізбеуді қамтамасыз ететін сыртқы қаптамада немесе конструкцияда сызат анықталғанда сызат түскен учаске кесіліп алынады және сол материалдан жаңасымен ауыстырылады. Қалған конструкцияда кейіннен барлық конструкцияны жөндеп, сызатжиегі бұрғылап тесіледі.
48. Теңіз суында коррозиялық төзімділігі жоғары коррозияға төзімді болаттан жасалған корпус конструкциясы электрлік әлеуеті анағұрлым теріс металдан жасалған конструкциямен жанасатындарға қарқынды коррозия түседі.
49. Коррозияға төзімді конструкцияны көміртекті және төмен легирленген болаттан, сондай-ақ алюминий қорытпасынан жасалған корпус конструкциясымен біріктіру диэлектрлік тәсілмен жүзеге асырылады. Бұл қосылыстың сенімділігі докқа қою кезеңінде тексеріледі.
50. Бояу схемасын таңдау, сыртқы қабатты бояуға дайындау және лак-бояу жабынын жағу кеме жасау кәсіпорны әрбір корабль жобасы үшін әзірлеген бояу кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
51. Корабльді төмен температурада пайдаланғанда оған мұз қатады. Анағұрлым қарқынды мұз қату сыртқы ауа температурасы минус 4 градустан минус 7 градусқа дейін, борт сыртындағы су температурасы шамамен 0 градуста болады.
52. Мұз қатудан корабльдің ауыр жүк түсу орталығының, желкеңді алаңның артуы болады және корабль орнықтылығының нашарлауына әкеледі. Мұз қату әртүрлі жабдық мен қару-жарақты қолдануды қиындатады.
53. Корабльге мұз қатқанда барлық қолда бар құралмен қату бейімділігі жоғары конструкция (көпір, қондырма, такелаж, антенна) және палубадан, қондырмадан, өткелден судың ағуы үшін кәріз тесік мұздан тазартылады.
54. Механизмді және қару-жарақты мұздан тазарту үшін механикалық ою кезінде зақымдауды болдырмау үшін бу, ыстық су және су ағыны қолданылады.
2-параграф. Корабль құрылғысын арналуы бойынша пайдалану
55. Зәкір тізбегінің зәкірмен бірге үзіліп кетуін немесе жоғалуын, сондай-ақ шпильдің істен шығуын болдырмау үшін:
1) зәкір корабль қауіпсіздігі талап етілген жағдайды қоспағанда, 5 түйіннен жоғары жүрісте түсірілмейді;
2) авариялық немесе жауынгерлік жағдайдан басқа, жылжымалы ауыр мұзда зәкірге тұрмайды;
3) зәкір топырақпен сүйреп шығарылмайды;
4) зәкір дауылды ауа-райында зәкір тізбегі бағытына қарай ескек бұрамасын бұрамай шығарылмайды.
56. Зәкірді 50 метрден астам тереңдікте түсіргенде ол шпильмен шамамен тереңдіктің 3/4 бөлігіне дейін босатылады жәнетек содан кейін өз массасының әсеріне жіберіледі.
57. Зәкірді көтергенде зәкір тізбегінен және зәкірден лай мен балшық мұқият жуылады, содан кейін зәкір клюзге тығыз тартылады және мықтап бекітіледі.
58. Дауылды ауа райында зәкірде тұрғаннан кейін зәкір тізбегі, қапсырма, топсақ, зәкір тізбегінің тоқтатқысы, зәкір қарап-тексеріледі.
59. Зәкір тізбегі қолданылған кезеңдеоның учаскесінің біркелкі тозуы мақсатында докта жөндеу уақытында жүріс және түпкі бөлігі немесе жеке буыны тозу дәрежесіне байланысты орындары ауыстырылады. Зәкір тізбегінің түпкі бөлігі ауыстырылғаннан кейін жылдам тастау құрылғысының жұмысы тексеріледі. Зәкір тізбегінің ақаулығын анықтау және сынаукорабльді әрбір докқа қойғанда, бірақ екі жылда бір реттен сиретпей жүргізіледі.
60. Арқанның тарту күшінің мөлшері ол қолданылатын құрылғының жүк көтеру қуатын қамтамасыз етеді.
61. Болат арқанның беріктігін сақтау және қолданыс мерзімін ұзарту үшін:
1) арқан шпиль (жүкшығыр) барабанына қарай шоғыр планка және бағыттаушы роульс арқылы бүктелмей бағытталады, бұлретте шоғыр планкаролигі мен бағыттаушы роульс бой күйде ұсталады, майланады және жеңіл айналады;
2) арқанды қолданғанда және оны орағышқа орағанда түйіннің және ілмектің болуына жол берілмейді, өйткені оларқан талшығының майысуына және үзілуіне әкеледі;
3) швартов барабанының, шоғыр планканың, жүзгіштің және сүйрету ілмектің сыртқы қабаты терең ойылған, сызат түскен, тарамдалған болғанда арқанмен жұмыс істеуге жол берілмейді;
4) арқанға тот түскенде ол болат щеткамен тазартылады, тросқа жақпамай жағылады.
62. Жүк көтергіш құрылғының және тоқтатқының болат арқаны, егер арқан бойында кез келген жерде сегіз диаметрге тең үзілген сым саны жалпы сым санынан 10 және одан көп пайыз болса, сондай-ақ бір талшық үзілсе, сым диаметрі айтарлықтай азайса немесе арқанда жол берілмейтін деформация байқалса (ілмектің пайда болуымен бұралу, жалпайып кету, бұраудың бұзылуы – жергілікті тарқатылу, ішкі талшық сыртқа шығып кетуі, басқа деформация) жарамсыз деп танылып, әрі қарай қолданылмайды.
Тозу немесе оған коррозия түсу салдарынан арқан сымы диаметрінің жіңішкеруіне 30 проценттен аспауға жол беріледі.
Адамдарды және разрядты жүкті көтеру үшін арналған жүк көтеру құрылғысының арқаны үзілген сым саны екі есе аз болғанда ақаулыққа жатқызылады.
63. Өсімдік және синтетикалық (капрон) талшықтан жасалған арқан жетегі қолмен басқарылатын жүк көтеру құрылғысында, сондай-ақ тоқтатқы ретінде және жүк жебесінің тарту талы үшін қолданылады.
64. Жүк көтеру құрылғысын басқаруға және оған қызмет көрсетуге құрама командирінің бұйрығымен тиісті оқытып-үйретуден өткен және осы құрылғыға дербес қызмет көрсетуге рұқсат алу үшін емтихан тапсырған адамдар жіберіледі.
65. Осыадамдар жүк көтеру құрылғысының нақты түрін басқару құқығына куәлік алады. Жүкті орнықты ету үшін сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы № 916 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери мүлкін (жүк көтеру механизмін, қазандықты және қысыммен жұмыс істейтін ыдысты) пайдалану нұсқаулығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30191 болып тіркелген)12-тармағына сәйкес тиісті даярлықтан өткен және емтихан тапсырған арқан жинаушы адам тағайындалады.
66. Егер жүк көтеру құрылғысымен қызмет көрсетілетін аймақ краншы кабинасынан толық көрінбесе және краншы мен арқан жинаушы адам арасында радио немесе телефон байланысы болмаса, онда арқан жинаушы адамның сигналын краншыға жеткізу үшін арнайы белгі беруші адам тағайындалады.
67. Белгі беруші адам тек аттестатталған арнайы нұсқау беруден өткен және жүк көтеру құрылғысымен жүкті тасу кезінде қолданылатын белгі беруді білетіні тексерілген арқан жинаушы адамдардан тағайындалады.
68. Жүк көтеру құрылғысында жол берілген жүк көтергішті және келесі сынау мерзімі көрсетілген деректер, ал блокта, ілгекте, топсақта, қапсырмада, талрепте, тізбекте ең жоғары жол берілген жұмыс жүктемесі көрсетілген сынау туралы таңба анық салынады.
3-параграф. Корабль жүйесін арналуы бойынша пайдалану
69. Корабль жүйесін пайдалану кезінде мынадай іс-шаралар орындалады:
1) дауылды жағдайда жүзгеннен, оқ атудан, бомба тастаудан, минаны жарғаннан кейін құбыр жай-күйін сызаттың және жарылудың болмауына және оның корпус конструкциясына бекітпенің ақаусыздығын тексеру;
2) арматураны барлықбасқару бекетінен кезең-кезеңімен бұру;
3) жүйе жұмысын тікелей мақсаты бойынша кезең-кезеңімен тексеру;
4) жүйені арналмаған режимде пайдалануға жол бермеу, жүйедегі арматураның құбырында және ағынды бөлігінде ойықты бұзылуды азайту үшін ысырма клапанмен шығысты реттеу;
5) құбырды және арматураны коррозиядан қорғау құралының жай-күйі кезең-кезеңімен тексеру;
6) коррозиядан қорғау жөніндегі құжаттамаға сәйкес жүйенің диэлектрлік қосылысының жай-күйі тексеру;
7) манометр бойынша баллондағы жұмыс қысымының мөлшерін тексеру;
8) суару және кеңейту форсункасының болуын және ақаусыздығын тексеру.
70. Қолмен басқарылатын арматура жетегі үшін клапанды жабу үшін сермер кілт (тетік) қолданылмайды.
71. Құбырды және механизмді іріктеп қарау кезінде корабльдің суға, ауаға, отынға қажеттілігін қамтамасыз ету үшін қажетті резерв көзделеді.
72. Тұрмыстық тұщы су түсетін шланг таза күйде және арнайы шкафта немесе жәшікте сақталады, басқа қажеттілікке қолданылмайды. Шлангтың ұшы айырым түске боялады. Қолданылғаннан кейін шлангтың ұшы дезинфекцияланған полиэтилен үлдірге оралады және мықтап байланады.
73. Тұщы су түсетін шланг сақталатын шкаф немесе жәшік айына бір рет 1 – 2 проценттік хлорлы әк ерітіндісімен сүртіледі.
74. Сыртқы ауа температурасы 0 градустан төмен болғанда және мұзда жүзгендеборт сыртындағы су жүйесі құбырының және арматурасыныңмұзын ерітуді және бітеліп қалуын болдырмау үшін жүйенің борт сыртындағы саңылауы мен кингстон өрт сөндіру магистралінен сумен жуылады немесе бумен үрленеді.
75. Сұйықтықтың қатып қалу қаупі болғандақұбыр кептіріледі не сенімді оқшауландырылады және одан сұйықтықты тұрақты ағызу қамтамасыз етіледі.
76. Су ағызу және кептіру жүйесінің ағызу құбырындағы қайтарылмайтын-ысырма клапан ашық күйде бекітіледі, олар тек жөндеу және консервациялау кезінде жабылады. Су ағызу және кептіру жүйесінің қалған клапаны, сондай-ақ барлық іріктегіш айдау жүйесінің айдағыш клапаны мен клинкеті және барлық палубадағы ағызу клапаны жабық күйде бекітіледі, олар тек жүйені пайдалану кезінде ашылады.
77. Құбырдың, су ағызу және кептіру құралының бітелуін болдырмау үшін су ағатын құдықтың алынатын торы мен сору тарамының қабылдау торы таза күйде ұсталады.
4-тарау. Корабль корпусына, құрылғысы мен жүйесіне техникалық қызмет көрсету
1-параграф. Корабль корпусына техникалық қызмет көрсету
78. Корпус конструкциясын қарап-тексеру кезінде жапсардағы, жинақтағы, дәнекерлеу жігіндегі коррозиялық зақымдану анықталады, лак-бояу жабынының, тотығу қабатының және алюминий-магний қорытпасынан жасалған қондырманың, кабина мен қалқаның болат комингстермен қосылысындағы герметизацияланған электроқшаулағыш төсемнің жай-күйі тексеріледі.
79. Анықталған корпус конструкциясының зақымдануы осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша корабльдің ақаулығын, істен шығуы мен аварияға ұшырауын (бұзылуын) есепке алу журналына жазылады және уақтылы жойылады.
80. Алюминий-магний қорытпасынан жасалған корпусты және корпус конструкциясын күтіп ұстау кезінде:
1) болат қырғышпен щетка, корпустан ескі лак-бояу жабынын кетіру, сондай-ақсыртқы қабаттан майды сүрту үшін сілтісі;
2) қорғасын (қорғасын суригі, қорғасын крон) қоспасы бар бояу, өйткені ол қолданғанда алюминий-магний конструкцияға коррозия түсуін күшейтеді;
3) конструкцияның әртүрлі металлмен тиетін жерде төсем материалы мен лак-бояу жабыны қолданылмайды.
81. Корпус конструкциясындағы диэлектрлік қосылыс ақаусыз және қолданыс күйінде ұсталады, оқшаулау кедергісі кезең-кезеңімен өлшенеді.
82. Алюминий қорытпасынан жасалған конструкцияны жөндеу кеме жөндеу кәсіпорнының мамандарын тартып, аргон-доғалық дәнекерлеуді қолдану арқылы жүзеге асырылады.
83. Аспапты, қару-жарақ пен техникалық құралды мұз қатудан қорғау үшін мұзға қарсы құрал қолданылады. Болат тросқа техникалық вазелин немесе солидол жағылады, бұл олардан мұзды кетіруді жеңілдетеді.
84. Цистернада су қатқанда оның зақымдануын алдын алу үшін ішіндегі су жылытылады. Кингстон мен борт сыртындағы келтеқұбырдың қатуын алдын алу үшін олар бумен үрленеді.
85. Күнделікті қарап-тексеру кезінде мынадай іс-шаралар орындалады:
1) тұрғын және қызметті күй-жайдағы жабдықты қарап-тексеру, оның ақаусыздығын тексеру;
2) қаптаманы, іріктегішті, екінші түпті, платформаны, люкпен ауыздықты тексеру;
3) трюмда жиналған суды шығару;
4) қақпақта, люкте, есікте, иллюминаторда резеңке төсемдің, бекіткіштің, ысырма мен жетектің жай-күйі мен жиынтықтығын тексеру;
5) есіктің, люктің және иллюминатордың ашылуын тексеру және бекіткіш құрылғысы майланады, ауқымды тазалау кезінде герметикалық резеңке тығыздағышын жылы сумен жуу.
86. Ай сайынғы қарап-тексеру кезінде орындалатын іс-шаралар:
1) жылу алмастырғыш аппарат астындағы екінші түп жабынының және қолжетімділігі шектеулі жердің жай-күйін тексеру;
2) қолжетімділігі шектеулі жердегі және санитариялы қүй-жайдағы іріктегіш төменгіқаптамасының жай-күйін тексеру;
3) іріктегіштегі кабельдік қораптың жай-күйін тексеру;
4) ауыздық сомынының және шпильканың бұрандасын тазалау және майлау;
5) іріктегіш және борт маңындағы, рундук пен шкаф астындағы тұрғын және қызметтік үй-жайдағы палуба жабынының жай-күйін тексеру;
6) иллюминатор ақаусыздығын тексеру;
7) корпус және корпус конструкциясы лак-бояу жабынының жай-күйін тексеру, коррозия ошағы анықталғанда бояу;
8) алюминий қорытпасынан жасалған қондырма мен іріктегіш арасындағы қосылыстың қорғаныш жабынының жай-күйін тексеру, қорғаныш жабынының бұзылуы анықталғанда қорғанышты қалпына келтіру;
9) температурасы мен ылғалдығы жоғары үй-жай жанындағы тот баспайтын болаттан жасалған палуба мен платформаны, газ шығару аймағындағы борттың сыртқы қаптамасын мұқият қарап-тексеру;
10) дірілді бәсеңдеткіш жабын жай-күйін тексеру, одан мұнай өнімінің қалдығын жою, сыртқы қабатының бүлінуі анықталғанда оны жою;
11) газ-түтін шығару жолын оқшаулауды тексеру және бұзылған жерін қалпына келтіру.
87. Үш айда бір рет корпусты тұрақты корабль комиссиясы қарап-тексереді.
88. Корабль докқа қойылған кезде:
1) корпустың суасты бөлігін;
2) кингстон келте құбыры мен борт сыртындағы арматураны;
3) отын, май және су цистернасын, сондай-ақ корпус ішіне су аққан бөлігін;
4) жабыны бар ескек білігін, дейдвудтық және кронштейндік төлкені;
5) ескек бұрамасы мен суатқышты;
6) суасты қанатты құрылғыны;
7) руль мен оның қоршауын;
8) тербеліс бәсеңдеткіштің жылжымалы құрылғысын және ол корпуста орналастырылатын саңылауды;
9) гидроакустикалық жүйе ағынын және арнайы құрылғыны;
10) жылжымалы бұрылмалы колонканы;
11) электр-химиялық және электрқорғау құралын қарап-тексеру және ақаулыққа жатқызу жүргізіледі.
89. Докта қарап-тексеруді кеме жөндеу кәсіпорны өкілі тартылатын докқа қою комиссиясы жүргізеді. Докта қарап-тексеру нәтижесі осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша докта қарап-тексеру актісімен рәсімделеді.
90. Корабльдің суасты бөлігін сүңгуірлік тексеру:
1) жарты жылда бір рет (жоспарлау-алдын алу);
2) мұзда және қатты дауылды болғанда жүзгеннен кейін;
3) корпус топыраққа түскеннен және суға батқан заттармен немесе қалқыма объектісімен соқтығысқаннан кейін жүргізіледі.
2-параграф. Корабль құрылғысына техникалық қызмет көрсету
91. Құрылғыға ЖАТҚ және ЖАЖ кезінде:
1) құрылғының негізге және корпусқа бекіту жай-күйі;
2) жүк көтеру құрылғысының бөлшектерінде сынау туралы таңбаның болуы, ал жүк көтеру құрылғысында жол берілген жүк көтеру мүмкіндігі және келесі сынау мерзімі туралы деректердің болуы;
3) сальниктің және тығыздағыштың ақаусыз жай-күйі;
4) жетектің ақаусыз жай-күйі және оны қашықтықтан басқарудан жергіліктіге ауыстыруға дайын болуы;
5) қапсырма, коуш, шүйде және жүк көтеру құрылғысы бөлшегінде сызаттың, жыртылудың, коррозиялық зақымданудың болмауы;
6) үйкеліс бөлшегінің, арқан мен тізбектің тозуы;
7) құрылғы бөлшектері мен механизмінің бұрама және үйкеліс бөлігінде жақпамайдың болуы, қақпақша мен пресс-май жинағыш ұдайы жақпамаймен толтырылады;
8) құрылғы бөлшектері бояуының жай-күйі, бұл ретте жарылған немесе қажалған болса, оның тұтастығы қалпына келтіріледі;
9) гидрожүйе сүзгісініңжай-күйі, бұл ретте сүзгіторы зақымданғанда жаңасына ауыстырылады;
10) гидрожүйедегі жұмыс сұйықтығының арнайы сапаға сәйкес келуі, ластанған болса, ол ауыстырылады;
11) жүк жебесі, кран, тасымалданатын жүк арқалығы, жүк шкентелі, канифас-блогы, жүк блогы, катер, шлюпка, трап, алаң жорықтық бекітпесінің ақаусыз жай-күйі;
12) құрылғының тікелей арналуы бойынша қолданысы тексеріледі.
92. Жүк көтеру құрылғысы пайдалану кезеңінде кезеңдік және кезектен тыс техникалық куәландырылады.
93. Жүк көтеру құрылғысын кезеңдік техникалық куәландыру толық немесе ішінара болады.
Толық техникалық куәландыру, егер пайдалану жөніндегі басшылықта анағұрлым қысқа мерзім белгіленбесе, үш жылда бір рет, ал ішінара жылына бір реттен сиретпей жүргізіледі.
94. Толық техникалық куәландыру:
1) техникалық құжаттаманы, сертификатты және жаңадан орнатылған алынбалы бөлшекке актіні тексеруді;
2) барлық механизм мен электр жабдығын, қауіпсіздік аспабын, тежегішті, басқаруаппаратын, жарық беру мен дабылдаманы қарап-тексеруді және жұмыста тексеруді;
3) құрылғының металл конструкциясының және дәнекерленген (тойтарылған) қосылысының жай-күйін (сызаттың, жаншылудың, коррозия салдарынан қабырғасы жұқаруының, тойтарма қосылыстың босап кетуінің және ақаудың болмауын), сондай-ақ кабинаның, траптың, алаң мен қоршаудың жай-күйін тексеруді;
4) жүк ілмегінің (жүк қапсырмасының),оның аспа бөлшегінің жай-күйін (тозу және ілмек ашық ауызында, бұрандалы бөлігінде және басқа жерде сызаттың болмауын) тексеруді. Ауыздықтағы ілмектің тозуы бастапқы қимасы биіктігінің 10 процентінен аспайды;
5) арқан мен оның бекітпесінің жай-күйін тексеруді;
6) алынбалы бөлшекті (жүк ілмегі мен қапсырманы, топсақты, талрепті) қарап-тексеруді;
7) кедергісін анықтап, жерге тұйықтау жай-күйін тексеру;
8) беріктігі мен сенімділігі күмән келтіргенде жеке түйінді іріктеуді;
9) кран жолының жай-күйін тексеруді;
10) қызмет көрсететін жеке құрамның оқытып-үйретілуін және оларда осы Нұсқаулықтың 65-тармағына сәйкес куәліктің болуын тексеруді;
11) жүк көтеру құрылғысына бекітілген адамдардың оның ақаусыз күйде ұстауға дайындығын тексеруді;
12) шартты жүк көтеруді статикалық және динамикалық сынауды қамтиды.
95. Жүк көтеру құрылғысын толық техникалық куәландыруды және бұл ретте анықталған ақаулықты және бұзылуды жоюды кеме жөндеу (немесе мамандандырылған) кәсіпорны корабльді кезекті (навигациялық, ағымдағы жәнео рташа) жөндеу кезеңінде жүргізеді.
96. Жүк көтеру құрылғысын ішінара техникалық куәландыру жыл сайын тұрақты корабль комиссиясы навигациялық жөндеу кезеңінде жүргізеді. Ішінара техникалық куәландыру көлемі осы Нұсқаулықтың 94-тармағына сәйкес айқындалады, бірақ статикалық және динамикалық сынаусыз жүргізіледі.
97. Барлық жағдайда ішінара техникалық куәландыру кезінде жүк көтеру құрылғысы (консервацияланғаннан басқа) жүксіз, содан кейін жол берілген жұмыс жүгімен барлық операцияны (көтеру, түсіру, жылжыту, бұру) орындап қолданыста тексеріледі.
98. Ішінара техникалық куәландыру кезінде анықталған ақаулықпен бұзылуды жеке құрам бірден жояды.
99. Жүк көтеру құрылғысын толық (оның ішінде статикалық және динамикалық сынау) және ішінара техникалық куәландыру нәтижесі оны одан әрі пайдалануға жіберу туралы көрсетіліп, жүк көтеру құрылғысының формулярына енгізіледі.
100. Кезектен тыс техникалық куәландыру:
1) құрылғының немесе механизмнің қандай да бір бөлігінің зақымдалуына әкелген авария салдарын жойғаннан, зақымдалған (немесе тозған) торапты (механизмді) ауыстырған;
2) конструкция жебесін, қиғаш тіреу, порталын, діңгегін, ілмектің және басқа да көтергішін ауыстырған, сондай-ақ олардың кейбір бөлігін ауыстырғаннан және дәнекерлеген;
3) жүк көтеру құрылғысына жаңа қауіпсіз жүктеме белгілеген, сондай-ақ оны қайта орнатқан, жаңғыртқан немесе жалпы қайта жабдықтаған жағдайда жүргізіледі.
3-параграф. Корабль жүйесіне техникалық қызмет көрсету
101. Жөндеу кезеңінде фланецтік қосылысына жақын құбыр учаскесінің сыртқы қабаты ішінара тексеріледі.
102. Құбыр жүйесін немесе оның жөнделген кейбір учаскесі әрбір жөндегеннен кейін жұмыс қысымымен тығыздыққа сыналады.
103. Корабльді докта жөндеу кезеңінде мынадай жөндеу жұмысы орындалады:
1) Борт сыртындағы арматураны іріктеп қарау, оны ақаулыққа жатқызу және жөндеу;
2) борт сыртындағы арматура электр оқшаулағыш төсемінің жай-күйін қарап-тексеру және арматураны жөндегеннен кейін оныңдұрыс орнатылуын тексеру;
3) борт сыртындағы арматура протекторын қарап-тексеру, протектор бастапқы массасынан 50 проценттен астам тозса, оны ауыстыру;
4) қабылдау торын алу, кингстондық қорапты және кингстонның қабылдау келте құбырын тазарту және тазартқаннан және жөндегеннен кейін қарап-тексеру;
5) цистерна арқылы өтетін құбырдың жай-күйін тексеру, оны тоттан тазарту және бояу;
6) жертөлеге су бүркудің жылдам әрекеттегі жүйесінің іске қосылуын тексеру (оқ-дәріні шығару кезінде).
104. ЖАТҚ және ЖАЖ кезінде:
1) әмбебап судан қорғау жүйесінің дайындау станциясындағы ерітінді деңгейі, егер су ағу анықталса, ол тығыз жабылмау жойылады және ерітінді толтырылады;
2) оқ-дәрі жертөлесіне су шашу жүйесіндегі пневмоцистернада судың және қысымның болуы;
3) жылдам су шашу жүйесінің тез ашылатын клапанының пневможетегіндегі ауа қысымы;
4) оқ-дәрі жертөлесіне жылдам су шашу жүйесінің суару құбырының су өткізбеуі және оны тұщы сумен толтыру тексеріледі.
105. Үш айда бір реттен сиретпейқұбырдың сильфонды компенсаторы сызаттың, механикалық зақымданудың, сильфон гофры бастапқы пішіні өзгеруінің болмауы тексеріледі.
106. Жылына бір реттен сиретпей қайтарылмайтын ысырма және ажырату клапанының тығыздығы жүйе құбырының учаскесін біртіндеп сумен толтыру арқылыөрт сорғысының жұмыс қысымымен тексеріледі.
107. Жылына бір реттен сиретпей:
1) су бүрку және судан қорғау жүйесінің электр магниттік және жылдам әсер ететін клапаны;
2) су айдау және кептіружүйесінің қайтарылмайтын ысырма клапаны ашылады жәнежай-күйі тексеріледі.
108. Жылына бір реттен сиретпей крендік және дифференттік бөлігіне су кіру және кептіружүйесі, су ағызу және қайта ағызу жүйесі тікелей арналуы бойынша қолданыста тексеріледі.
109. Оқ-дәрі жертөлесіне су түсу және су толу жүйесін тікелей арналуы бойынша қолданыста тексеру оқ-дәрі жертөледен шығарылғаннан кейін (корабльді докқа қою алдында) жүзеге асырылады.
110. Борт сыртындағы су жүйесінің құбырын зауыттық жөндеуде ақаулыққа жатқызу кезінде фланецке және келте құбырға жақын тұрған құбыр учаскесінің ішкіқабаты, сондай-ақ су ағыны жылдам болуы мүмкін құбырдың тік иілісі жері тексеріледі.
111. Пайдалану процесінде анықталған борт сыртындағы жүйе құбырының коррозиялық және механикалық зақымдануының барлық жағдайы, сондай-ақ құбырдың кейбіручаскесін ауыстыру жағдайы туралы жазба пайдалану журналына енгізіледі.
112. Ауажылытқыштан, ауасалқындатқыштан және иллюминатордан күн сайын конденсат тұнбасы ағызылады.
113. Ай сайын:
1) саңырауқұлақ тәрізді бастиек, қақпақтың су-газ өткізбеуі, клинкеттік ысырма және газ өткізбейтін жапқыш;
2) ауа жинау және ауа тарату құрылғысының жетегі, желдету, ауабаптау және жылыту жүйесінің клапаны;
3) іріктегішклинкеті мен бекітпе арматурасының сальнигі;
4) желдеткіш бөлімшесіндегі іріктегішклинкетін және желдету жүйесін тұйық циклге ауыстыратын жапқыш нұсқары;
5) автоматты ауа температурасын және салыстырмалы ылғалдық реттегіш;
6) жауынгерлік желдеткіш бас тиегі жетегінің және дабылдаманың іске қосылуы;
7) желдеткіш ауа арнасының қосылысы және ондағы резеңке келтеқұбыр (манжет)ақаусыздығы тексеріледі.
114. Үш айда бір реттен сиретпей желдеткіш және су-газ өткізбейтін қақпаққа орнатылған тор, саңырауқұлақ тәрізді бастиек, сору және сорғыш келтеқұбыр шаңнан тазартылады.
115. Жылына бір реттен сиретпей ағынды су ағызу саңылауы тазартылады.
116. Әрбір жылыту маусымы алдында ауа жылытқышпен оған бу арматурасы конденсатты клапан жабық жағдайда будың тығыздығына сыналады.
117. Жылына бір реттен сиретпей редукциялық және сақтандыру клапаны іріктеледі және реттеледі, сондай-ақ сақтандыру клапанының кідіріске тексеріледі және жылыту маусымы алдында бумен жылыту жүйесінің құбыры тұщы сумен тығыздыққа сыналады.
118. Жоғары, орташа және төмен қысымды сығылған ауа жүйесін қарап-тексеру жыл сайын герметикалық емес баллонды, құбырын және арматураны анықтау және жою мақсатында, сондай-ақ сақтандыру клапаны мен бақылау-өлшеу аспабы іріктеледі және тексеріледі. Жұмыс мынадай ауқымда және реттілікпен жүргізіледі:
1) ауа жүйесі мен баллонды сыртынан қарап-тексеру, жөндеу қажет етілетін клапан мен редукторды іріктеу;
2) манометр мен сақтандыру клапанын тексеру;
3) арматура мен құбыр қосылысындағы ақаулық жойылғаннан, сондай-ақ бақылау-өлшеу құралы тексерілгеннен және орнатылғаннан кейін жүйе герметикалыққа сыналады.
119. Сығылған ауа жүйесі герметикалыққа жұмыс қысымына тең ауа қысымымен негізгі ауа магистралі (компрессордан баллонға дейін) екі сағат бойы және баллон мен тұтынушыларға тармақталған құбыр үшін 24 сағат бойы сыналады.
120. Ауа қысымын жұмыс деңгейіне дейін көтеру аралық қысым кезінде ауа өткізгіш жай-күйін тексеріп,біртіндеп жүзеге асырылады.
121. Жұмыс қысымына қол жеткізгеннен кейін компрессор өшіріледі. Содан кейін бір сағаттан соң ауа қысымы өлшенеді.
Сынау кезінде қысымның төмендеуіне негізгі магистрал үшін 2 проценттен және баллон мен тұтынушыларға тармақталған құбыр үшін 3 проценттен аспауға жол беріледі.
Ауаның шығатын жер оған сабын ерітіндісін жағып арқылы анықталады.
122. Қозғалтқышты іске қосу үшін ауа жүйесі мынадай герметикалыққа ауамен сыналады:
1) барлық жүйе 10 минут бойы жұмыс қысымына тең қысыммен сыналады, қысымның төмендеуіне жол берілмейді;
2) бастиегімен баллон 24 сағат бойы жұмыс қысымына тең қысыммен сыналады, қысымның төмендеуіне жол берілмейді.
123. Баллондағы ауа қысымын өлшеу компрессордан толтырылғаннан кейін 5 – 6 сағаттан соң баллондағы ауа температурасы мен қоршаған орта температурасы тең болғанда жүргізіледі.
124. Сынау кезінде анықталған ақаулық қысым түсіргеннен кейін жойылады, содан кейін қайта сыналады.
125. Герметикалыққа сынау сонымен қатар зауыттық жөндеуден кейін жүргізіледі.
Корабльдің техникалық жай-күйі актісі
20 _ жылғы "____" _________ | Ақтау қ. |
20__ ж. "__"_______ № ___ бұйрықпен тағайындалған мынадай құрамдағы комиссия:
комиссия төрағасы –_________________, комиссия мүшелері –____________________
"____"__________корабль командирінің қатысуымен корабльдің корпусын, жүйесі
мен құрылғысын қарап-тексерді.
Корабль корпусын, жүйесі мен құрылғысын қарап-тексеру нәтижесінде мыналар
анықталды:
1. Корабль корпусы
1) сыртқы қаптаманың суүсті бөлігі:__________________________________________
2) сыртқы қаптаманың суасты бөлігі: __________________________________________
3) екінші түп (оның ішінде қазандық, жүк люгі, льял)төсеніші: ___________________
4) түптік жинақ (оның ішінде қазандық, машина асты): __________________________
5) борттық жинақ (оның ішінде пиктегі): ______________________________________
6) палуба жинағы мен төсемі (оның ішінде негізгі бекітпе): _______________________
7) көлденең су өткізбейтін іріктегіш (оның ішінде төменгі бөлікте, льялда және пикте):
__________________________________________________________________________
8) бойлық іріктегіш, шахта, су өткізбейтін қалқа және платформа:__________________
9) ескек білігінің туннелі, соңғы қалқа: ________________________________________
10) машина мен механизм негізі: _____________________________________________
11) люк, желдеткіш, қосылған рубка комингсі: __________________________________
12) сыртқы контурдағы саңылауды жабу: ______________________________________
13) су өткізбейтін іріктегіштегісаңылауды жабу: ________________________________
14) конструктивті өртке қарсы жүйе: __________________________________________
15) жүк трюмінің жабдығы: __________________________________________________
16) қондырма: _____________________________________________________________
17) корабльгецемент жағу және бояу: _________________________________________
2. Құрылғы, жүйе, жабдық пен жабдықтау
1) руль құрылғысы: _________________________________________________________
2) зәкір құрылғысы: _______________________________________________________
3) швартов құрылғысы: _____________________________________________________
4) буксирлікқұрылғы: ______________________________________________________
5) діңгекпен такелаж: ______________________________________________________
6) жүк құрылғысы: _________________________________________________________
7)түптік-борт сыртындағы арматура: _________________________________________
8) жалпы кемелік жүйе: _____________________________________________________
9) өрткеқарсыжүйе: _______________________________________________________
10) өртке қарсы мүлік: ______________________________________________________
11) құтқару қайықтары, қатты құтқару салы мен оны түсіру құрылғысы:
12) үрлемелі құтқару салы: __________________________________________________
13) құтқару құралы: ________________________________________________________
14) құтқару мүлкі: _________________________________________________________
15) навигациялық жүйе, жабдық пен аспап: ____________________________________
16) радиожабдық: __________________________________________________________
3. Механикалық қондырғы
1) негізгі қозғалтқыш: ______________________________________________________
2) редуктор мен беріліс: _____________________________________________________
3) білік өткізгіш, мойынтірек, дейдвудтық құрылғы: _____________________________
4) машиналық үй-жай (бөлімше) механизмі: ____________________________________
5) машиналық үй-жай (бөлімше) жүйесі:_______________________________________
6) палубалық механизм: _____________________________________________________
7) бақылау-өлшеу аспабы: ___________________________________________________
8) ҚҚК: ___________________________________________________________________
4. Электржабдық
1) басқару, қорғаужәне дабылдама жүйесі бар негізгі генератор: __________________
2) электр энергияның авариялық көзі: _________________________________________
3) негізгі, авариялық және топтық тарату қалқаны: ______________________________
4) кабельдік трасса жәнеэлектрэнергиянытарату схемасы: _______________________
5) электр қорғанысы: _______________________________________________________
6) трансформатор, түрлендіргіш, сорғы, тоңазытқыш қондырғысы, палубалық
механизм, клинкеттік есік электржетегі:________________________________________
7) руль құрылғысының электржетегі: _________________________________________
8) өрт және авариялық дабылдама: ____________________________________________
9) коммутатор, сигналдық-айырым жарығы: ____________________________________
10) аккумулятор: ___________________________________________________________
11) телефон байланысы: _____________________________________________________
12) негізгі және авариялық жарық беру: _______________________________________
13) электр өлшеу аспабы: ____________________________________________________
14) диэлектрлік қорғаныс құралы, авариялық құралдар жиынтығы: ________________
15) ҚҚК: __________________________________________________________________
5. Тоңазытқыш қондырғысы
1) компрессор, сорғы, жылу алмасу аппараты және қысымды ыдыс:
__________________________________________________________________________
2) жүйе, арматура мен құбыр: ________________________________________________
3) бақылау-өлшеу аспабы мен автоматика: _____________________________________
6. Корабль туралы жалпы мәліметтер
1) құбылнама девиациясын айқындау (күні): ___________________________________
2) теңіз картасы мен құралды түзету: __________________________________________
3) радио девиациясын айқындау (күні): ________________________________________
4) кезекті магнитті алу (күні): ________________________________________________
5) керендеу тәжірибесі (хаттама күні, нөмірі, нәтижесі): __________________________
6) орнықтылық туралы ақпарат (болуы, нөмірі, түзету): __________________________
7) авариялық тоқтау және орнықтылық туралы ақпарат (болуы, нөмірі, түзету):
8) суүсті бортының есебі, жүк маркасы, ойық мәжесі (болуы): ____________________
9) кысымды ыдыс: _________________________________________________________
10) ас блогы адамдарыныңа уыз суды, сүңгуірлік жарақ ауасын талдауы,
бактериологиялық зерттеуі (болуы, күні, нәтижесі):_____________________________
11) корабльдің санитариялық жағдайы: ________________________________________
12) кемелік қор (атауы мен саны): ____________________________________________
13) төзімділік үшін күрес басшылығына құжаттама (бас командалық пунктте және
төзімділік пен энергетика бекетінде болуы):_____________________________________
14) корабль кестесі (болуы және түзету): _______________________________________
15) жөндеу туралы мәлімет (соңғы жөндеу, негізгі жұмыс, конструктивтік өзгеріс,
механизмді ауыстыру күні, түрі):______________________________________________
16) докқа қою туралы мәліметтер (соңғы докқа қою, корпустың ақаулығын анықтау
нәтижесі, бөліктерді, цистерна нысынау күні):___________________________________
18) курстық міндеттерді пысықтау (күні, бағасы): _______________________________
Қорытынды
_________________________________________________________________________
Комиссия төрағасы – _______________________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі және инициалы)
Комиссия мүшелері – ______________________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі және инициалы)
_________________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі және инициалы)
"________________" кораблі командирінің қатысуымен__________________________
_________________________________________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі және инициалы)
20___ ж. "____"______________
Қарулы Күштердің әскери мүлкін (Әскери-теңіз күштері суүсті кораблінің металл корпусын, құрылғысы мен жүйесін) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа 2-қосымша |
|
Нысан |
Корабльдің ақаулығын, істен шығуы мен аварияға ұшырауын (бұзылуын) есепке алу журналы
1-бөлім.Анықталған ақаулық және оны жою туралы жазба
Р/с | Кезекті және кезеңдік қарап-тексеруде күнделікті қызметте анықталған корпус, құрылғы мен жүйе ақаулығы | Ақаулы қанықталған күн және мән-жай (күнделікті, апта сайын, үш айда бір рет, кезекті) | Орналасу ауданы (корпус ұзындығы, биіктігі мен ені бойынша) | Ақаулықты жою жеделдігі дәрежесі | Жасалған жұмыстың қысқаша атауы және орындалған уақыты, сондай-ақ жұмсалған адам-сағат саны | Жойылғаны туралы жазба |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
2-бөлім. Тексерген адамның ескертпесі
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Докта қарап-тексеру актісі
20___ жылғы "__"___________Ақтау қ.
20__ ж. "___"__________№ _ бұйрықпен тағайындалған мынадай құрамдағы комиссия:
комиссия төрағасы –______________________________________, комиссия мүшелері –
______________________________________кораблінің суасты бөлігін қарап-тексерді
(жоба нөмірі және зауыттық нөмірі)
және мынаны анықтады:
1. Корабль соңғы рет 20__ж. "____" ________________– 20__ж.
"____"____________________________________________________________________
_____________________________________
(док және зауыт атауы)
докқа қойылды және мыналар анықталды:
1) соңғы докқа қойғанда:
корабль боялды ___________________________________________________________
_________________________________________________________________________
(бояу схемасы: бояу маркасы мен қабат саны)
корабльде_________________________________________________________________
(протектор схемасы, маркасы ментүрі)
________________________________________протекторлық қорғаныс орнатылған
2) корабль №______________________________________нұсқа бойынша докқа килдік
жолға немесе торға_________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________қойылды.
(қою бағасы, крен мөлшері)
2. Корпуста өсін пайда болу және қозғалтқыш (бұрама және арнайы құрылғы) жай-күйі.
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(өсін анағұрлым көп ауданы, өсін түрі,тұтастығы, қабат қалыңдығы)
3. Лак-бояу қабатының жай-күйі (өсіннен тазартқаннан кейін):
а) өсіндіге қарсы бояу қабаты________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
ә) коррозияға қарсы бояу қабаты______________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(корпустың қай бөлігінде бояу жоқ, қаптаманың барлық ауданынан бояу қалған
__________________________________________________________________________
жалпы процентті, сыртқы қабаттаұсталу беріктілігін, ауа, тамшы түсуін,
қабыршықтануды көрсету)
4. Арнайы жабын жай-күйі___________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
5. Сыртқы қаптама, дәнекерлеу тігісі, отын, май, су және цистерна жай-күйі
__________________________________________________________________________
(зақымданған жерді, ойық, жаншылукөлемін, коррозиялық бұзылу сипаттамасын
__________________________________________________________________________
(шешек, ойық жара, қаяу, теміреткітәріздес бұзылу), аудан бойынша түсу тереңдігін,
коррозия тереңдігін,
__________________________________________________________________________
Дәнекерлеу жігінің бұзылу сипаттамасын көрсету)
6. Протектор жай-күйі(катодтық қорғаныс) ____________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
7. Борт сыртындағы және борт сыртындағы арматура жай-күйі_____________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(бұзылудың жалпы сипаттамасын және арматура қоспасының маркасын көрсету)
8. Руль және қоршауының жай-күйі____________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
9. Білік желісі және ескек бұрамасы жай-күйі____________________________________
(дейдвудтық төлке төсемі,
__________________________________________________________________________
кронштейн, мортир жай-күйін, төлкедегі саңылау көлемін, бұрама қалағының жай-
күйін көрсету)
10. Құрылғы жай-күйі______________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(зәкір шынжырының жай-күйі және сынау уақыты)
Комиссия төрағасы__________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі және инициалы)
Комиссия мүшелері__________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі және инициалы)
__________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі және инициалы)
__________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі және инициалы)
___________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі және инициалы)
Келісілді: Кеме жөндеу өнеркәсібінің
өкілі_______________________________________________
(қолы, тегі және инициалы)