ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 19.05.2025 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай ризық, жәрдемақы мен басқа да төлем төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 255 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15313 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне ақшалай ризық, жәрдемақы мен басқа да төлем төлеу қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) ақшалай жабдықталым – атқаратын әскери лауазымына сәйкес әскери қызметшінің лауазымдық айлықақысы (әскери лауазымы бойынша айлықақы) және берілген әскери атаққа сәйкес айлықақы (әскери атағы бойынша айлықақы);
2) ақшалай үлес – әскери қызметшілерді материалдық қамтамасыз етудің негізгі құралы болып табылатын, ай сайын төленетін үлес түрі. Ақшалай үлес ақшалай жабдықталымнан, қызметтің ерекше жағдайы үшін үстемеақыдан және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да үстемеақы мен қосымша төлемнен тұрады;
3) үстемеақы – қызметтiң ерекше жағдайы үшiн лауазымдық немесе базалық лауазымдық айлықақыдан пайыздық қатынаспен не белгiленген мөлшерде есептелетiн ай сайынғы төлем;
4) сауықтыру жәрдемақысы – әскери қызметшіге физикалық және психикалық көңіл-күйін жақсартуға бағытталған, жыл сайынғы еңбек демалысына кеткен кезде төленетін жыл сайынғы төлем;
5) жұмыстан шығу жәрдемақысы – әскери қызметте болудың шекті жасына толғаннан кейін, денсаулық жағдайы бойынша не әскери бөлім (мекеме) штатының қысқаруына байланысты әскери қызметтен шығарылған кезде төленетін төлем;
6) көтерме жәрдемақы – әскери қызметші мен оның отбасы мүшелеріне (бар болса) жаңа қызмет орнында әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасауға және жайластыруға бағытталған біржолғы сипаттағы ақшалай өтемақы.";
6-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6-1. Әскери бөлімде (мекемеде) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің (бұдан әрі – келісімшарт бойынша әскери қызметшілер) лауазымдық айлықақысының мөлшерін айқындау үшін лауазымдық айлықақыны белгілеуге құқық беретін қызмет өтілін есептеу жөніндегі комиссия құрылады. Әскери бөлім (мекеме) комиссиясының құрамына қаржы, заң, персоналмен жұмыс бөлімшелерінің лауазымды адамдары (болмаған жағдайда – жеке құрамды есепке алу жөніндегі міндеттер жүктелген адамдар) енгізіледі.";
мынадай мазмұндағы 7-2 және 7-3-тармақтармен толықтырылсын:
"7-2. Резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерге (бұдан әрі – резервтегі әскери адам) ақшалай төлем "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 44-бабының 1-1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Ақшалай төлемді резервтегі әскери адам резервте қызмет өткеру үшін әскери бөлім командирінің (мекеме басшысының) бұйрығы негізінде кірген әскери бөлім (мекеме) келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге ақшалай үлес төлеумен бір мезгілде жүзеге асырады.
7-3. Әскери қызметші бітімгершілік операцияға қатысқан кезеңде оған ақшалай жабдықталым "Бітімгершілік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 16-бабының 1-тармағына сәйкес төленеді.
Ақшалай жабдықталымды әскери қызметші бітімгершілік операцияға қатысу үшін кеткен әскери бөлім (мекеме) әскери бөлім командирінің (мекеме басшысының) бұйрығы негізінде төлейді.";
5-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-параграф. Қазақстан Республикасының әскери оқу орнында оқитын курсанттың, магистранттың, докторанттың, адъюнкттің және резидент әскери дәрігердің лауазымдық айлықақысы (стипендиясы)";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Командирдің өкіміне қабылданған күннен бастап оған міндеттерді жүктеп, әскери қызметшіге соңғы атқарған лауазымы бойынша сыныптық біліктілік үшін ақшалай жабдықталым және үстемеақы төлеу мынадай мерзім ішінде сақталады:
1) оны басқа лауазымға тағайындаған кезде – 2 ай;
2) ұйымдық-штаттық іс-шараларды жүргізуге байланысты – 3 ай.";
мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:
"26-1. Әскери қызметшіге командирдің (бастықтың) өкімінде болған кезеңде оған қатысты күдіктінің әрекетін жіктеу туралы қаулының шығарылуына байланысты, қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім шығарылғанға дейін әскери атақ үшін айлықақы мөлшерінде, бірақ тиісті қаржы жылына ең төменгі жалақы мөлшерінен аз емес ай сайынғы жәрдемақы төленеді.
Қаулы негізінде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған әскери қызметшіге қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім шығарылғанға дейін ақшалай үлесті төлеу тоқтатыла тұрады.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Әскери қызметшіге өкімінде болуына байланысты алу құқығын жоғалтқан сыныптық біліктілігі үшін ақшалай жабдықталым және үстемеақы төлеу:
1) лауазымға тағайындау туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап және іс пен лауазым қабылданған күнге дейін, бұл ретте соңғы атқарған әскери лауазымы бойынша лауазымдық айлықақы есепке алынады;
2) бос әскери лауазым бойынша мiндеттердi атқаруға уақытша жiберiлген адамға – әскери лауазым бойынша мiндеттердi уақытша атқаруға жiберу туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап және әскери лауазым бойынша мiндеттердi атқарудан босатылған күнге дейінгіні қоса алғанда;
3) емделуге жiберiлген адамға – жiберiлген күннен бастап, бұл ретте ақшалай жабдықталым мен сыныптық бiлiктiлiк үшiн үстемеақы өкімінде тұрған жерге оралған күнді қоса алғанда, ал әскери-дәрiгерлiк комиссияның шешiмi бойынша науқастануы бойынша демалысқа кеткен адамға – демалыс аяқталған күнді қоса алғанда төленедi;
4) магистрантқа, докторантқа, адъюнктке және резидент әскери дәрігерге, сондай-ақ күндізгі оқу нысаны бойынша әскери оқу орнына қабылданған курсантқа – оқуға жіберу туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап;
5) жыл сайынғы демалысқа кеткен адамға – демалысқа кеткен күннен бастап, бұл ретте ақшалай жабдықталым және сыныптық біліктілік үшін үстемеақы демалыс аяқталған күнге дейінгіні қоса алғанда төленеді.";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Ақтайтын негіздер бойынша оған қатысты қылмыстық қудалау (қылмыстық іс) тоқтатылған немесе сот ақтау үкімін шығарған жағдайда әскери қызметшіге ақшалай үлес Қағидалардың 26-тармағына сәйкес төленген соманы алып тастап, командирдің өкімінде мәжбүрлі болған уақыты үшін төленеді.";
30-тармақ алып тасталсын;
61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"61. Шифрлау жұмысы үшін лауазымдық айлықақыға ай сайынғы үстемеақы мемлекеттік шифрлау құралдарымен, оларға теңестірілген құжаттармен және материалмен (шифрды есепке алу және сақтау, шифрлау техникасын пайдалану және жөндеу, құжатталған ақпаратты шифрлау-шифрын ашу, шифрлау қызметінің кадрын оқыту) тікелей жұмыс істейтін және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері шифрлау қызметі органында штаттық лауазымда тұрған әскери қызметшіге, сондай-ақ резервтегі шифрлау қызметкерлеріне белгіленеді. Үстемеақы шифрлау қызметі органында шифрлау жұмысымен тікелей айналысатын және құпия іс жүргізу бөлімшесі бастығының штаттық лауазымын атқаратын адамға да төленеді. Әскери оқу орнында және оқу бөлімшесінде үстемеақы магистранттарды (докторанттарды), адъюнкттерді және шифрлау қызметінің курсанттарын тікелей оқытатын адамға, сондай-ақ оқу процесін қамтамасыз ететін адамға (оқу бөлімшесінің, негізгі құжаттама тобының, құпия іс жүргізу бөлімшесінің бастығы, нұсқаушы, зертханашы, техник және шифрлау техникасын жөндеу шебері) төленеді.";
3-тарау мынадай мазмұндағы 7-1-параграфпен толықтырылсын:
"7-1-параграф. Әскери оқу орындарында ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыратын әскери қызметшілерге төленетін қосымша ақы
62-1. Әскери оқу орындарында ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыратын әскери қызметшілерге "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 52-бабының 6-тармағына сәйкес ай сайынғы қосымша ақы белгіленеді. Ғылыми дәреже үшін қосымша ақы ғылыми дәреже берiлген күннен бастап, бірақ iс пен лауазым қабылданған күннен ерте емес төленеді.";
мынадай мазмұндағы 67-1-тармақпен толықтырылсын:
"67-1. Сауықтыру жәрдемақысының мөлшерін айқындау кезінде әскери қызметшінің демалыс басталатын күнгі лауазымдық айлықақысы ескеріледі.";
71-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"71-1. Көтерме жәрдемақының мөлшерін айқындау кезінде кету пунктінен белгіленген пунктке дейін елді мекендердің шекарасы арасындағы автомобиль жолының ұзындығы ескеріледі. Елді мекендер арасындағы қашықтық автомобиль жолының мәніне қарамастан, ең қысқа жол бойынша есептеледі.
Көтерме жәрдемақының мөлшерін айқындау кезінде іс пен лауазым қабылданған күнгі лауазымдық айлықақы ескеріледі.";
74-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"74. Көтерме жәрдемақы әскери қызметшінің әрбір отбасы мүшесіне (жұбайы (зайыбы), баласы (балалары) нақты ауыстырылған және жеке ісінде жазылған күніне отбасының құрамы туралы анықтама негізінде төленеді.";
76-тармақ мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
"Жұмыстан шығу жәрдемақысының мөлшерiн айқындау кезiнде бөлiм жеке құрамының тiзiмiнен шығарылған күннiң алдындағы күнгi лауазымдық айлықақы ескерiледi.";
90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"90. Мерзімді қызмет әскери қызметшісінен басқа, әскери бөлім (мекеме) әскери қызметтен шығару туралы бұйрықты (хабарламаны) алған күні медициналық ұйымдарда емделудегі әскери қызметшіге ақшалай үлес қызмет орнына қайтып келген күнді қоса алғанда, ал жыл сайынғы негізгі демалыстағыға – демалыс аяқталған күнді қоса алғанда төленеді. Бұл ретте емделуге немесе демалысқа кеткенге дейін ісі мен лауазымын тапсырмаған әскери қызметшіге ақшалай үлес Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызмет жарғысында белгіленген мерзім шегінде ісі мен лауазымын тапсырған уақыты үшін төленеді.";
97-3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын.
97-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"97-5. Әскери қызметшіге сыйлықақы беру туралы ұсыныстар Қазақстан Республикасының Қорғаныс министріне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарымен, Бас штаб бастығының орынбасарымен немесе аппарат басшысымен келісу бойынша жоғарғы әскери басқару органы арқылы ұсынылады.
Сыйлықақы беру:
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының әскери қызметшісіне, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің не оның орнында болатын адамның бұйрығы негізінде;
2) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министріне және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына тікелей бағынысты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскер түрінің бас қолбасшысына, бас басқарма бастығына, әскери бөлім командиріне (мекеме басшысына), Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тиісті бұйрықтары негізінде;
3) әскер түрінің бас қолбасшысына және бас басқарма бастығына тікелей бағынысты өңірлік қолбасшылық әскерінің, әскер тегінің қолбасшысына, әскери бөлім командиріне (мекеме басшысына), әскер түрі бас қолбасшысының және бас басқарма бастығының тиісті бұйрығы негізінде;
4) өңірлік қолбасшылық әскерінің, әскер тегінің қолбасшысына тікелей бағынысты әскери бөлім командиріне (мекеме басшысына), өңірлік қолбасшылық әскері, әскер тегі қолбасшысының тиісті бұйрығы негізінде жүргізіледі.
Осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілмеген әскери қызметшіге сыйлықақы беру әскери бөлім командирінің (мекеме басшысының) бұйрығы негізінде жүргізіледі.";
97-6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"97-6. Әскери қызметшіге сыйлықақы беру туралы бұйрық шығару Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің сыйлықақы беру туралы шешімі және көрсетілген мақсаттарға арналған қаражат болған кезде жүргізіледі.
Осы тармақтың Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің сыйлықақы беру туралы шешімінің болуы бөлігіндегі талаптары мерейтой күндеріне (туған күндеріне, егер әскери қызметші 50, 55, 60 және әрбір кейінгі 5 жасқа толса, бір лауазымдық айлықақы мөлшерінде) сыйлықақы берілетін жағдайға қолданылмайды.";
97-9 тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"97-9. Әскери қызметшіге оның ауыр материалдық жағдайына байланысты материалдық көмек көрсету мынадай жағдайда:
1) оның отбасы мүшелері, жақын туыстары (ерлі-зайыптылар, ата-аналары, балалары, асырап алушылар, асырап алғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жекжаттары (ерлі-зайыптылардың жақын туыстары) қайтыс болғанда – жеті базалық лауазымдық айлықақыдан астам емес мөлшерде;";
97-10-тармақта: бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"97-10. Әскери қызметшіге материалдық көмек тиісті материалдық көмек көрсету жөніндегі комиссияға оның ауыр материалдық жағдайы туралы баянаты негізінде көрсетіледі. Баянатқа мынадай құжаттар қоса беріледі:";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) әскери қызметшіге зілзала салдарынан мүліктік залал келтірілген жағдайда:
Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
келтірілген мүліктік залалды растайтын Қазақстан Республикасының ішкі істер органынан немесе жергілікті атқарушы органнан құжаттардың көшірмесі;";
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Әскери қызметшіге зейнеткерлікке шыққан кезде материалдық көмек көрсетуге бөлім тізімінен шығарғаннан кейін оның бөлім тізімінен шығарылған күннен бастап бір айдан кешіктірмей берілген өтініші негізінде жол беріледі.".
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық 2025 жылғы 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник |
Р. Жақсылықов |