Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдалану тәртібін және өкілдік шығындардың нормаларын бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 28 қазандағы №А-11/512 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7443 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген өкілдік шығындардың нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | М.Ахметжанов |
Ақмола облысы әкімдігінің 2025 жылғы 15 қаңтардағы № А-1/21 қаулысына қосымша |
|
Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 28 қазандағы № А-11/512 қаулысымен бекітілген |
Өкілдік шығындардың нормалары
Р/б | Өкілдік шығындардың атауы |
Құны, |
1 | 2 | 3 |
1 | Іс-шараларды өткiзу үшiн қатысушылардың санына қатысты 200-ге дейін отырғызу орнымен үй-жайды жалға алу | 2 000 000 дейін |
2 | Ресми қабылдауларды өткізуге шығындар (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас) күніне бір адам есебінен делегациялар үшін жүргізіледі | 32 500 дейін |
3 | Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары төрағаларының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының қатысуымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хаттамасында қарастырылған қабылдауларды өткізуге шығындар (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас) күніне бір адамға арналған есеп бойынша жүргізіледі | 32 500 дейін |
4 | Келіссөздер, мәдени бағдарлама іс-шаралары кезінде бір күнде бір адамға, аудармашы мен бірге еріп жүрген тұлғаларды қоса алғанда, фуршеттер, кофе-брейктер | 2 600 дейін |
5 | Делегацияны қарсы алатын мемлекеттік органның штатында жоқ аудармашының еңбекақысын төлеу, сағат сайынғы негізде жүргізіледі. | 20 000 дейін |
6 | Автомобиль көлігімен делегацияларға қызмет көрсетуге көлік шығындарын төлеу, сағат сайынғы негізде қарастырылады | 25 000 дейін |
7 | Кәдесыйлар, естелік сыйлықтар | ұсынылған бағалар ұсынысынан ең төменгі бағамен |
8 | Өзге шығыстар | ұсынылған бағалар ұсынысынан ең төменгі бағамен |
Ескерту:
1. Ресми қабылдаулар кезінде, Қазақстан Республикасы тарапынан қатысушылардың саны шетелдік делегациялар тарапынан қатысушылардың санынан аспауы тиіс.
2. Бес адамнан артық делегация құрамында, делегацияға қызмет көрсетіп бірге еріп жүретін тұлғалар мен аудармашылардың саны делегацияның кем дегенде бес мүшесіне бір аудармашы немесе бірге еріп жүретін тұлға есебінен айқындалады.