"Өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдалану тәртібін және өкілдік шығындардың нормаларын бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 28 қазандағы № А-11/512 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2025 жылғы 15 қаңтардағы № А-1/21 қаулысы

      Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдалану тәртібін және өкілдік шығындардың нормаларын бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 28 қазандағы №А-11/512 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7443 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген өкілдік шығындардың нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі М.Ахметжанов

  Ақмола облысы әкімдігінің
2025 жылғы 15 қаңтардағы
№ А-1/21 қаулысына
қосымша
  Ақмола облысы әкімдігінің
2019 жылғы 28 қазандағы
№ А-11/512 қаулысымен
бекітілген

Өкілдік шығындардың нормалары

Р/б

Өкілдік шығындардың атауы

Құны,
теңгемен

1

2

3

1

Іс-шараларды өткiзу үшiн қатысушылардың санына қатысты 200-ге дейін отырғызу орнымен үй-жайды жалға алу

2 000 000 дейін

2

Ресми қабылдауларды өткізуге шығындар (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас) күніне бір адам есебінен делегациялар үшін жүргізіледі

32 500 дейін

3

Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары төрағаларының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының қатысуымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Хаттамасында қарастырылған қабылдауларды өткізуге шығындар (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас) күніне бір адамға арналған есеп бойынша жүргізіледі

32 500 дейін

4

Келіссөздер, мәдени бағдарлама іс-шаралары кезінде бір күнде бір адамға, аудармашы мен бірге еріп жүрген тұлғаларды қоса алғанда, фуршеттер, кофе-брейктер

2 600 дейін

5

Делегацияны қарсы алатын мемлекеттік органның штатында жоқ аудармашының еңбекақысын төлеу, сағат сайынғы негізде жүргізіледі.

20 000 дейін

6

Автомобиль көлігімен делегацияларға қызмет көрсетуге көлік шығындарын төлеу, сағат сайынғы негізде қарастырылады

25 000 дейін

7

Кәдесыйлар, естелік сыйлықтар

ұсынылған бағалар ұсынысынан ең төменгі бағамен

8

Өзге шығыстар

ұсынылған бағалар ұсынысынан ең төменгі бағамен

      Ескерту:

      1. Ресми қабылдаулар кезінде, Қазақстан Республикасы тарапынан қатысушылардың саны шетелдік делегациялар тарапынан қатысушылардың санынан аспауы тиіс.

      2. Бес адамнан артық делегация құрамында, делегацияға қызмет көрсетіп бірге еріп жүретін тұлғалар мен аудармашылардың саны делегацияның кем дегенде бес мүшесіне бір аудармашы немесе бірге еріп жүретін тұлға есебінен айқындалады.

О внесении изменения в постановление акимата Акмолинской области от 28 октября 2019 года № А-11/512 "Об утверждении Порядка использования средств, предусмотренных на представительские затраты, и норм представительских затрат"

Постановление акимата Акмолинской области от 15 января 2025 года № А-1/21

      Акимат Акмолинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Акмолинской области "Об утверждении Порядка использования средств, предусмотренных на представительские затраты, и норм представительских затрат" от 28 октября 2019 года №А-11/512 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №7443) следующее изменение:

      нормы представительских затрат, утвержденные указанным постановлением изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Акмолинской области.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Акмолинской области М.Ахметжанов

  Приложение к постановлению
акимата Акмолинской области
от 15 января 2025 года
№ А-1/21
  Утверждены постановлением
акимата Акмолинской области
от 28 октября 2019 года
№ А-11/512

Нормы представительских затрат

№ п/п

Наименование представительских затрат

Стоимость, в тенге

1

2

3

1

Аренда помещения для проведения мероприятия до 200 посадочных мест из расчета количества участников

до 2 000 000

2

Затраты на проведение официальных приемов (завтраки, обеды, ужины) производятся для делегаций из расчета на одного человека в день

до 32 500

3

Затраты на проведение приемов (завтраки, обеды, ужины), предусмотренных в Государственном Протоколе Республики Казахстан, с участием Президента Республики Казахстан, Премьер-Министра Республики Казахстан, председателей палат Парламента Республики Казахстан, Государственного советника Республики Казахстан, Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан из расчета на одного человека в день

до 32 500

4

Фуршеты, кофе-брейки во время переговоров, мероприятий культурной программы на одного человека в день, включая переводчика и сопровождающих лиц

до 2 600

5

Оплата труда переводчика, встречающего делегацию, не состоящего в штате государственного органа, из расчета почасовой оплаты

до 20 000

6

Оплата транспортных затрат на обслуживание делегаций автомобильным транспортом предусматривается из расчета почасовой оплаты

до 25 000

 
7

Сувениры, памятные подарки

по наименьшей стоимости из предложенных ценовых предложений

 
8

Иные затраты

по наименьшей стоимости из предложенных ценовых предложений

      Примечание:

      1. Во время официальных приемов количество участников со стороны Республики Казахстан не должно превышать количество участников со стороны иностранных делегаций.

      2. При составе делегаций свыше пяти человек количество сопровождающих лиц и переводчиков, обслуживающих делегацию (кроме синхронного перевода), определяется из расчета один переводчик или сопровождающий не менее чем на пять членов делегации.