Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 18, 69 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Транстелеком" акционерлік қоғамына осы қаулының қосымшасына сәйкес, Ақтөбе қаласының аумағында орналасқан жалпы көлемі 2.2712 га жер учаскелеріне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 5 (бес) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ж. Кабылов) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | А. Бекет |
Қала әкімдігінің № 3 "10" қаңтар 2025 ж. қаулысына қосымша |
Сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
№ | Атауы | Жер учасесінің мекенжайы | Көлемі га | Нысаналы мақсаты |
11 | "Транстелеком" АҚ | Актобе қаласы, Алматы ауданы, К.Нокин тұрғын массиві | 1.8818 | талшықты-оптикалық кабель құрылысын салу және пайдалану үшін |
22 | "Транстелеком" АҚ | г.Актобе, Алматы ауданы, Есет батыр тұрғын массиві, № 3 ықшам ауданы, № 11 үй | 0.3894 | талшықты-оптикалық кабель құрылысын салу және пайдалану үшін |