Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 10 қаңтардағы № 3 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 18, 69 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Транстелеком" акционерлік қоғамына осы қаулының қосымшасына сәйкес, Ақтөбе қаласының аумағында орналасқан жалпы көлемі 2.2712 га жер учаскелеріне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 5 (бес) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ж. Кабылов) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі А. Бекет

  Қала әкімдігінің № 3
"10" қаңтар 2025 ж.
қаулысына қосымша

Сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

Атауы

Жер учасесінің мекенжайы

Көлемі га

Нысаналы мақсаты

11

"Транстелеком" АҚ

Актобе қаласы, Алматы ауданы, К.Нокин тұрғын массиві

1.8818

талшықты-оптикалық кабель құрылысын салу және пайдалану үшін

22

"Транстелеком" АҚ

г.Актобе, Алматы ауданы, Есет батыр тұрғын массиві, № 3 ықшам ауданы, № 11 үй

0.3894

талшықты-оптикалық кабель құрылысын салу және пайдалану үшін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады